сайлау үдерісіне қатысушылармен жақсы іскерлік қатынас орнатады
Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясы штабының басшысы Евгений Слободамен кездесті. Кездесуге Орталық сайлау комиссиясының мүшелері және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясы штабының мүшесі Е.Козяк қатысты.
Ортсайлауком басшысы мен мүшелері ТМД-дан байқаушылар миссиясы штабының басшысын 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанының барысы туралы, сондай-ақ, сайлау органдарының жұмысы мен міндеттері жөнінде ақпараттандырды.
Ал Е.Слобода сайлау науқанының барысынан толық хабардар еткені үшін алғысын білдіріп, өз тарапынан ТМД құрылымдарынан қысқа мерзімді, сондай-ақ, ұзақ мерзімді байқаушылар әділдік және араласпаушылық қағидаттарын ұстанатынын атап өтті. «Миссия байқаумен барлық өңірлерді, сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларын қамтуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта штабты қалыптастыру аяқталып келеді. Жалпы алғанда, миссияда 300-ден астам байқаушы болады», – деді Е.Слобода.
Кездесу барысында миссия басшысы сайлау науқанына қатысты ақпараттар толық көлемде ұсынылатындығына да тоқталды. «Біз Қазақстанда электораттық науқанға бірінші рет мониторинг жүргізіп отырған жоқпыз, – деді Е.Слобода осы жөнінде. – Әдеттегідей, бізде сайлау органдарымен және сайлау үдерісіне барлық қатысушылармен жақсы іскерлік қарым-қатынас орнайды. Штабтың және жалпы миссияның жұмысы үшін барлық қажетті ақпарат толық көлемде ұсынылады, олар ОСК-ның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Бұл – сайлауды демократиялы, транспарентті және ұлттық сайлау заңнамасына толығымен сәйкес ұйымдастырып, өткізуге деген ұмтылысты көрсетеді».
Кездесу соңында Қ.Тұрғанқұлов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясына табысты жұмыс тіледі.
* * *
Кездесуден соң Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан байқаушылар миссиясының басшысы Евгений Слобода бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне брифинг өткізді. Брифингте миссия басшысы ТМД-дан байқаушылар миссиясы елдің ішкі ісіне араласпайтынын атап өтті. «Кез келген сайлау әр мемлекеттің жеке ісі. Сондықтан да біздің миссия сайлау үдерісі барысында мемлекеттің ішкі ісіне ешқашан араласпайды», – деді ол осы жөнінде.
Е.Слобода, сондай-ақ, сайлау науқанына қатысты қазірге қандай да бір қорытынды шығара алмайтындарын, дегенмен, кезектен тыс Мәжіліс сайлауын өткізуге әзірлік жұмыстары ретіне қарай толық көлемде жүргізіліп жатқанын Орталық сайлау комиссиясының сайтындағы материалдар арқылы көз жеткізіп отырғандарына да тоқталды. «Біз ережеге сәйкес, сайлауды байқау қорытындысы бойынша сайлау өткен күннің ертеңінде баспасөз мәслихатын өткізуге тиіспіз. Бұл күні, яғни 21 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттардың сайлауы өтеді. Біздің ойымызша, сайлауды байқау нәтижесін 22 наурызда жария еткен жөн сияқты», – деді Е.Слобода.
Миссия жетекшісі брифинг барысында Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын байқауға ТМД байқаушылары миссиясына ТМД Атқарушы кеңесінің төрағасы Сергей Лебедев жетекшілік ететінін атады. Бұдан бөлек ол ТМД байқаушылар миссиясының құрамына Әзербайжан, Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан елдерінің және ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясынан өкілдер кіргенін атап өтті.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Суретті түсірген
Ерлан ОМАРОВ.

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05