29 Наурыз, 2016

Елбасы мен ел сенімін ақтайтынын айтты

274 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кәрім МәсімовҚазақстан Президентінің Жарлығымен Алтай Көлгінов Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды. Аймақ активіне оны Премьер-Министр Кәрім Мәсімов пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин таныстырды. Ашығын айтқанда, жаңа өңір басшысының есімі батыс­қазақ­стандықтарға бұған дейін де жақ­сы таныс деуге болады. Өйткені, ол өңірде облыс әкімінің орын­басары, Орал қаласының әкімі қыз­меттерін адамдармен ор­тақ тіл табыса отырып атқарған. Со­ның қай-қайсысында да ол өзіне тап­сырылған іске жауапкер­ші­лікпен қарай білгеніне ел-жұрт куә. Облыс активі алдында сөз алған А.С.Көлгінов бұл Елбасы мен ел тарапынан өзіне көрсетілген үлкен сенім мен жоғары жауап­кер­шілік екенін айта келіп, осы екі бірліктің үдесінен шығуға, өзінің жастық жігерін облыс экономи­касын одан әрі көтеруге жұмсай­тынын жеткізді. Әрі алда тұрған күр­делі міндеттерді облыс жұртшы­лығымен және жаңадан сайланған мәслихат депутаттары корпусымен бірлесе отырып атқару өзі үшін үлкен мерей екенін айтты. Сондай-ақ, активте Үкімет басшысы К.Мә­­сі­мов ежелгі өркениет өңірі атанған Ақжайық аймағын төрт жыл­дан астам уақыт басқарған Нұр­лан Ноғаевтың атына оң пікір білдірді. Соның ішінде Премьер-Ми­нистр оның облысқа қажетті ин­вес­тициялық қаражат тарта білу­дегі ерекше еңбегіне екпін түсір­ді. Әлемде қалыптасып отыр­ған бү­гінгі күрделі қаржы-эконо­ми­калық жағдайлар мен елімізде өн­дірілетін шикізаттық сектор бағасының дүниежүзілік рынокта төмендеп кетуі жағдайында бұл – атап айтуға тұрарлықтай жақсы қасиет. Инвестициялық тар­тым­ды­лық қай кезде де қажет, деп түйін­­деді өз сөзін Кәрім Қажым­қанұлы. Өз кезегінде Нұрлан Ноғаев Орал өңірінде батыс­қазақ­стан­дық­тармен қоян-қолтық, тізе қо­сып еңбек еткен кезеңі жадында ғұ­мыр бойы сақталатынын айтып, бірлесе атқарған нәтижелі іс үшін активке қатысушыларға риза­шылығын жеткізді. Темір ҚҰСАЙЫН, «Егемен Қазақстан». ОРАЛ.