Петропавл қаласының тұрғыны Виктор Никоновтың үйі кірсе шыққысыз, еріксіз таңдай қақтырады. Бейнебір ертегілер елінде жүргендей ғажайып әсерге бөленесің.
Ол өте сирек кездесетін, бүгінде табылмайтын құнды заттарды бала кезінен тірнектеп жинаумен айналысқан. Содан бері арада жарты ғасыр зулап өтсе де, сүйікті ісінен қол үзген емес. Бүгінде оның коллекциясында XVII-XIX ғасырлардың тарихи жәдігерлері молынан кездеседі. Екі бөлмелі баспананың іші көне сағат, төсек, самаурын, тағы басқа тұрмыстық заттарға иін тіресіп тұр. Аспалы шам, үй жиһаздарына дейін ескіліктің көзіндей жылы ұшырайды. Мәселен, тұтас қабырғаны алып тұрған емен шкаф атақты орыс жазушысы А.Чеховпен құрдас көрінеді. Бірінші Петр патшаның тұсында шығарылған күміс бақырды Петропавл қаласының маңайынан тауып алған. Құнды ақшаның бірі – Сібірдің 10 тиынына қазба жұмыстары кезінде кезіккен. Оны 150 мың теңгеге саудалаушылар табылғанымен, сатуға қимаған.
Виктор Федоровичтың қолы алтын: кез келген затты қайта қалпына келтіре алатын ісмерлігі бар. Кереует, айна, шкаф, аспашам, орындықтардың тозығы жеткендерін өзі жамап-жасқап алады. Өмір бойы тірнектеп жинаған еңбегінің шашау шықпауын, жинақы тұрғанын қалайды.
Виктор археологиялық қазба жұмысы экспедицияларына, түрлі саяхаттарға да жиі шығып, мұражай қорын толықтырып отыруды әдет еткен. Петропавл қаласына қатысты ескі суреттер – өз алдына бір төбе.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.

АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50
Тағзым • Бүгін, 08:48
Норвегия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Футбол • Бүгін, 08:47
Таным • Бүгін, 08:45
Таразды гүлдендірген «Жасыл ел»
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Әдебиетімізді әлемге қалай танытамыз?
Әдебиет • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:38
Жаңбыр, найзағай және аптап ыстық: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:35