21 Қаңтар, 2011

«Нұр Отаннан» араша сұрайды

406 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін
Бұрнағы күні «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының есеп беру-сайлау кон­ференциясы болып өтті. Оған «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің мүшесі, Парламент Сенатының депутаты Оралбай Әбдікәрімов қатысып, партия міндеттерін орындаудың маңызын тарқатып берді. Алдымен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төраға­сы, облыс әкімінің бірінші орын­басары Болат Дәукенов есепті баяндама жасады. Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың партия мүше­лері­нің алдындағы міндеттердің орындалысын кеңінен қамтыды. Оның айтуынша, облыста ат­қары­лып жатқан іс-шаралар аз емес. Үдемелі ин­дус­триялық-ин­но­ва­ция­лық жобалар­дың іске асы­рылуына партиялық бақылауды күшейту, мемлекет қаражатының ел игілігі үшін тиімді жұмсалуын қадағалау – пар­тиялық бақылау комиссиясы­ның негізгі міндеті. Бұл  жұмыстар­дың  өз мерзімінде орындалуына партиялық бақылау­ды күшейту үшін партия Төраға­сы Н.Назар­баевтың тапсыр­масы­на сәйкес об­лыста 105 партия­лық бақылау бекеттері құрылған. Бүгінгі таңда жұрт «Нұр Отан­­ға» үміт артатын болды. Өйт­­кені, пар­тияның келешегіне, тұжырым­дамасының орындала­ты­­­ны­на сенеді. Сенгендіктен ғой, күнделікті тұрмыстық тау­қы­метін де, алаяқ­тықты көксеген арамзалар мен қо­лында шоқпары бар шенділерден  көрген зәбірін де «Нұр Отан­ның» қоғамдық қабыл­дауына келіп айта­ды. Конференцияға қатысушы бірнеше делегат пікір білдірді. Мә­селен, «Нұр Отан» ХДП Исатай аудандық филиалының төрағасы,  аудан әкімі Бақберген Қарабаев­тың айтуынша, партияның бақы­лау бекеттері білім беру, денсау­лық сақтау нысандарының құры­лы­сын ұдайы қадағалап отыр­ған. Өйткені, мұндай әлеуметтік ны­сан­дардың сапалы әрі мерзімінде салынуы, сонымен бірге оларға бөлінген бюджет қаржы­сы мақ­сат­ты жұмсалуы қажет. Ал еңбек ардагері Қатимолла Ризуанов партия жұмысының жан­дануын Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың еңбегімен байла­ныс­тыра келіп, Атырау және Ба­тыс Қазақ­стан облыстарына ор­тақ пробле­ма­ны қозғады. «Ба­тыс өңірінің өмі­рі­не нәр беріп тұрған өзі жалғыз әрі ерке, әрі сұлу Ақжайық бүгін еркелейтін халде емес. Жылдан жылға таяздап, кей жерлерде көселер кө­рі­ніп жатыр. Бәзбір тұстарды  кешіп өтуге бо­ла­ды. Осы­лай­ша өзеннің интенсивті та­йыз­дануын тоқтату тек мемлекетаралық дәрежеде ғана шешілетін мәселе», деді ол. «Ел боламын десең, бесі­гің­ді түзе», деген. Бүгінде сирек болса да еліміздің әр түкпірінен оқу­шылар тарапынан бір-біріне, не ­өзіне өзі қол жұмсау фактілері бой көрсетіп жүр. Бұл жақсылық ны­шаны емес. Мектепке дін тарихы сабағын енгізуді кей діни топтар бара-бара өз мақсаттарында пайда­лануы да мүм­кін. Бұл – көптеп қолға алатын мәселе, келешегі­міз­дің тағдыры,  дейді тағы да Қ.Ризуанов. Конференцияда Оралбай Әб­ді­кәрімов  өңірлік филиал жұ­мы­сындағы оң істерді атап өтті. Со­ны­мен бірге, партия жұмы­сын жан­дандыру мәселесі, партия мү­ше­лерінің алдында тұрған мін­дет­тері жайында салмақты пікір білдірді.  Ал конференция мүше­лері «Нұр Отан» ХДП Атырау облыс­тық филиалының төраға­лы­ғына об­лыс әкімінің бірінші орынба­сары  Болат Дәу­кеновті қайта сай­лады. Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті, Ұлт Көш­бас­шысы Нұр­сұл­тан На­зарбаев­тың өкілеттігін 2020 жыл­дың аяғына дейін ұзарту жөніндегі референдумды бірауыз­дан қол­дайтындықтарын жеткізді.

Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ.

Атырау облысы.

* * *

ЕЛ  ЖЕТЕКШІ ҰЙЫМҒА СЕНЕДІ

Кеше облыс орталығында «Нұр Отан» халықтық-демо­кратиялық партиясы облыстық филиалының VIII есеп беру-сайлау конференциясы болды. Ал осыдан біраз ғана бұрын «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының кезектен тыс VІІ кон­ференциясы өткені белгілі. Облыстық филиалдың жаңа төрағасы болып облыс әкімі  Бақытжан Сағынтаев сайланды. Яғни, бұл жиында «Нұр Отан» ХДП облыстық филиа­лының бұ­рынғы төрағасы Александр Вер­б­няктың Екібастұз қаласының әкі­мі болып таға­йын­далуына байла­ныс­ты нұр­отан­дықтар жаңа бас­шы­сын сай­лауы тиіс еді. Пар­тия­ны бас­қару­ға сенімді, белсенді, лайық­ты адамдар әрқашан қажет. Ха­лық «Нұр Отанда» елін, жерін, тілін, ұлтын сүйетін, өзгені кеудеге қақпайтын, рухани ой-өрісі биік, салиқалы, парасатты, саяси көзқарасы бекем, елге айтары бар, беделді, абыройлы, сыйлы, жұрт білетін патриот жандар қыз­мет жасағанын қалайды. Конференция жұ­мы­с­ына «Нұр Отан» ХДП хат­шы­сы Сергей Громов, делегаттар мен партияның қалалық және аудан­дық филиал­дарының төрағалары, қала және аудан әкімдері, мәс­лихат депу­тат­­тары қатысты. «Бұл ретте,– деді Сергей Громов, – «Нұр Отан» партиясына да жүк­телетін міндеттер жүгі ауқымды бола­тыны сөзсіз, алға қойған барлық мақсат­тарды орындау үшін елі үшін қызмет жасайтын белсенді, іскер басшының үлгі көрсе­тіп алда жүргені абзал. Сон­дық­тан, Елбасымен келісе отырып, облыс­тық филиал төрағасы қыз­метіне облыс әкімі Бақытжан Са­ғын­таевты сайлау ұсынылды». – Маған сенім білдірген Ел­ба­сына рахмет. Сенім білдірген бар­­лығыңызға рахмет. Осы үде­ден шығуға барлық күш-жі­герім­ді жұмсаймын,– деді облыс бас­шы­сы. Сөйтіп, басқосуға жинал­ған делегаттар облыс әкімі Бақыт­жан Сағынтаевтың кандидатура­сын бір­ауыздан мақұлдады. Өз кезегінде филиалдың жаңа басшысы Бақытжан Сағынтаев мәслихатқа жиналғандар алдында сөз сөйледі. – Еліміздің бүгінгі жетістіктері айтарлықтай ауқымды. Әрине, бұл жетістіктер Елбасының есімімен тығыз байланысты. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер, – деді Ба­қыт­жан Сағынтаев өз сө­зін­де. – Сон­дықтан біз, қазақстан­дық­тар бұл табыстардың оңай келмегенін түсі­ніп, қадірін білуіміз керек. Елдегі тұрақтылық пен татулықтың, эко­но­микалық өрлеу­дің, халықтың тұр­­мысының жақ­саруында Ел­басы­ның еңбегі зор. Елбасының өкі­леттігін 2020 жыл­ға дейін ұзар­ту туралы бас­таманы нұротандық­тар халық­пен бірге қызу қолдап, бұл жолы да белсенділік танытты. Біздің облыс бо­йын­ша 300 мыңнан аса павлодар­лық бұл бастамаға үн қосты. Мұн­да жергілікті партия мүшелерінің еңбегі зор. Сөзінің соңында Б.Сағын­таев еліміздің жыл соңына таман өз Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығын атап өтетініне назар ау­дар­ды. Барлық қиын уақыттар артта қалды, енді біздің егемен еліміз алған ба­ғыты­нан ауытқы­май, өсіп, өркен­дей береді деп сенеміз және оған күмән жоқ, деді «Нұр Отанның» облыс­тық филиалы­ның төрағасы. Жиынға қатысқан «Нұр Отан» ХДП Саяси бюросының мүшесі Александр Павлов пар­тия­ның жергілікті жердегі атқа­рып жатқан жұмыстарына оң бағасын берді. Конференцияда сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП облыстық фи­лиа­лы саяси кеңесінің 2009-2010 жылдар­дағы жұмысы тура­лы» және фи­лиал­дың бақылау-тексеру комис­сия­сының жұмы­сы туралы есептері мен басқа да ұйымдық мәселелер қаралды. Партия облыстық филиа­лының саяси кеңесі мен бақылау-тек­серу комиссиясының жаңа құра­мы және «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезіне делегаттар сай­ланды.

Фарида БЫҚАЙ.

Павлодар.

* **

ЖАҢА МІНДЕТТЕР БЕЛГІЛЕНДІ

«Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының ХІІІ партиялық есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Оның жұмысына партияның Саяси кеңесінің бюро мүшесі, «Нұр Отан» ХДП хатшысы – Орталық аппарат басшысы Сергей Громов, Парламент Сенатының депутаттары Тасбай Симамбаев, Анатолий Башмаков қатысты. Онда өңір басшысы, филиал төрағасы Серік Біләлов жергілікті партия ұйымының есепті кезең ішінде атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттер жайлы баяндама жасады. «Нұр Отан» ХДП-ның 2020 жылға дейінгі бағдарлама жобасы талқыланды. Баяндамашы өңірдің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуы сер­пін­ді сипатқа ие болуы нәтижесінде тұрғындардың өмір сүру сапасы жақсарғанын атап өтті. Былтыр өнеркәсіп өнімінің көлемі 80,6 миллиард теңгені құрады. 4 миллион тоннадан астам астық жиналды. 6 инвестициялық жоба пайдалануға берілді. «100 мектеп, 100 аурухана», «Таза ауыз су», «Жол картасы», «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламалары бойынша көптеген істер атқарылды. Осындай жетістіктерге нұр­отан­дықтар да зор үлес қосып келеді. Қай салада болса да бас­тауыш ұйымдардың партиялық ықпалы артып, ұйымдастыру­шы­лық, саяси-идеологиялық қа­ры­мы жандана түсті. Есепті кезең ішінде партияның облыс­тық филиалы саяси кеңесінің – 6, саяси кеңес бюросының 16 мәжілісі өтіп, күн тәртібіне өзекті мәселелер ұсыныл­ған. Қабылданған шешімдер орын­далуымен құнды десек, бұл бағыт­та да тындырылған шаруалар аз емес. Серік Сұлтанғазыұлы азамат­тардың өтініш-тілектерінің бірде-бірі ескерусіз қалмағанын, әрбір арыз-шағым мұқият қара­лып, иелеріне тиянақты жауап берілгенін назарға салды. Филиал жетекшісі жергілікті партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары мен конфе­рен­циялары зор белсенділікпен өткенін, ендігі бағдар «Нұр Отан» ХДП-ның Төрағасы, Президент Н.Ә.Назарбаев белгілеген міндеттер мен талаптарды мүлтіксіз жү­зеге асыру болып табылатынын, алдағы міндет пен бағдар айқын, тек жұмыла іске кірісу қажет­тігін жеткізді. Партияның жастар сая­сатын күшейту, әр дең­гей­дегі мәс­­лихат депутаттары­мен тұрақ­ты қарым-қатынас жасау, пат­риот­тық, адамгершілік тәр­бие мә­селелерін назарда ұ­с­тау, мемлекеттік ма­ңызы зор әлеу­меттік бағдарлама­лардың орын­далуына күш салу мәселелері де жан-жақты сара­ланды. Баяндаманы талқылауға «Нұр Отан» ХДП Петропавл қалалық филиалының төрағасы, қала әкі­мі Нұржан Әшімбетов, Ғ.Мүсі­репов атындағы аудандық филиал төр­ағасының бірінші орынба­сары Федор Штранин, облыстық пар­тия­лық бақылау комиссиясы­ның жетекшісі Әлім Шүкенов, сыбай­лас жемқорлықпен күрес жөнін­дегі облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Серік Алмолдин, қала­лық мәслихаттың депу­таты Анатолий Мишин, тағы басқалары қатысты. Шешендер партияның рөлін арттыру, жұрт­шылықпен жұмыс істеу әдістері мен тәсіл­дерін жақсарту, партия­н­ың х­а­лық­тық тұғырнамасын іске асыру­дың жолдарын әңгіме­леді. Облыстық партия ұйымы­ның есептік мерзімде атқарған жұмы­сын оң бағалады. Сергей Громов сөз сөйлеп, саяси ұйымның 2020 жылға дейінгі бағдарлама жобасы туралы ой қозғағаннан кейін «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облыс­тық филиалының төраға­лы­ғына облыс әкімі Серік Біләлов қайта сайланды. Облыстық бастамашы топ­тың жетекшісі Григорий Кухарь Елба­сының өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзартуға 234 470 солтүстік­қазақстандықтың қол қойғанын жет­кізіп, алдағы ре­ферендумды қолдауға шақырды. Конференцияда «Нұр Отан» ХДП ХІІІ съезіне делегаттар сайланды.

Өмір ЕСҚАЛИ.

Солтүстік Қазақстан облысы.