Қазіргі таңда қоғамымызда жердің сатылуы, жалға берілуі туралы мәселе аса өзекті болуда және сан алуан қайшылықты пікірлер орын алуда. «Жер туралы» Заңға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес, үстіміздегі жылдың шілдесінен бастап еліміздегі ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді өз еліміздің азаматтары сатып алуына немесе бұрынғысынша жалға алып, иелік етуіне болады.
Жуырда өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жер мәселесі туралы Елбасының берген түсіндірмесінде: «Шетелдік азаматтарға жер сатылмайды, оларға тек жалға беріледі, жалға беру мерзімі ғана ұзартылған. Бұрын бұл мерзім 10 жыл болатын, бұл мерзім ішінде салынған қаржының қайтарымы болмайтындықтан, ұзартылып отыр. Мысалы, қасымыздағы Ресей мен Еуропада бұл мерзім 50 жылға жуық», – деді.
Жер – барша халыққа тиесілі, ата-бабаларымыз аманат еткен басты байлығымыз. Тәуелсіздік таңымен шекарамыз айқындалып, шегеленген, әр ел өз шекарасының аясындағы жерге ғана иелік ете алады. Сондықтан, қазіргі қоғамда болып жатқан «жер шетелдіктерге сатылады екен» деген пікір негізсіз.
Ал жерді жалға беру жайында айтсақ, бұл барлық елдерде қолданылатын жағдай, әлемдік интеграциядан тыс болып, оқшау өмір сүру мүмкін емес, олай болса, экономикамыздың дамуы кешеуіл қалмақ.
Қазір «Жер туралы» Заңға енгізіліп отырған өзгерістердің басты мақсаты – ауыл шаруашылығына арналған бос жатқан жерді тиімді, ұтымды пайдалану, осыны дұрыс ұғынғанымыз жөн. Бұл – халықтың жағдайын жақсарту, тіршілігін көркейту бағытында жасалып жатқан шаралардың бірі.
Қоғамда орын алған кереғар пікірлер мәселенің мәнін дұрыс түсінбеудің салдарынан туындап отыр, бос даурығу қоғамымыздың шырқын бұзып, бірлік-берекемізге нұқсан келтіруі мүмкін, сондықтан, қазіргі таңда «Жер туралы» Заңға өзгерістер жөніндегі мәселе бойынша халыққа егжей-тегжейлі, нақты ақпарат беру мақсатында қоғамда ағарту науқаны жүргізілуі тиіс деген ойдамын.
Төрегелді ШАРМАНОВ,
академик
АЛМАТЫ

АҚШ президенті Ливан туралы мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 09:11
Спорт • Бүгін, 09:10
Рекорд • Бүгін, 09:05
Жозимардың қақпасы сыр бермеді
Футбол • Бүгін, 09:00
Қоғам • Бүгін, 08:58
Жазғы демалысқа жан-жақты дайындық
Аймақтар • Бүгін, 08:55
Көлсайдағы табиғат қорғау акциясы
Аймақтар • Бүгін, 08:53
Мәселе • Бүгін, 08:50
Тағзым • Бүгін, 08:48
Норвегия құрамасы әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Футбол • Бүгін, 08:47
Таным • Бүгін, 08:45
Таразды гүлдендірген «Жасыл ел»
Аймақтар • Бүгін, 08:43
Әдебиетімізді әлемге қалай танытамыз?
Әдебиет • Бүгін, 08:40
Таным • Бүгін, 08:38
Жаңбыр, найзағай және аптап ыстық: 17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 08:35