Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19527 материал табылды

Құқық • 22 Ақпан, 2024

Тіркелудің оңайлатылған тәсілі

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында депутаттар Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге енгізілген өзгерістер туралы заңды талқылады.

Технология • 21 Ақпан, 2024

Қандай стартап қаржы алады?

«Astana Hub» халықаралық технопаркі Seed Money 4.1 стартаптарды қаржыландыру бағдарламасын іске қосты. Қатысуға өтініш 5 наурызға дейін қабылданады.

Саясат • 21 Ақпан, 2024

Артық талаптар қысқарады

Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік жөніндегі комитетінің депутаттары бизнесті жүргізу мәселелері жөніндегі заңды кеңейтілген отырыста талқылады.

Инвестиция • 20 Ақпан, 2024

Инвестиция тарту жөніндегі кеңес

Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті.

Үкімет • 19 Ақпан, 2024

Халықаралық балама бағыттар қарастырылды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин салалық ми­нистрліктер, ҚТЖ өкілдері және Қазақстан Парламенті Мә­жілі­сінің депутаты Болатбек Нажметдинұлының қатысуымен авто­мобиль арқылы жүк тасымалдау мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

Қоғам • 19 Ақпан, 2024

Өрен жүйрік еді...

Арқада ақпанның ақтүтегі азынап тұрған осы күндерде Көкше жерінен жеткен суық хабар арқаға аяздай батты – айтулы аудармашы, қо­ғам қай­­раткері, Қазақстан Жа­зу­шы­лар одағының мүшесі Ғос­ман Төлеғұл жасы жетпістің төртеуінен жаңа аса бергенде өмірден өтіпті.

Спорт • 19 Ақпан, 2024

Этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болдық

Түркияның Анталья шаһарында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауым­дасты­ғының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарт­тарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

Ән • 19 Ақпан, 2024

Рахат-Би Әбдісағин операсының премерасы Ұлыбританияда аншлагпен өтті

«Қазақ Моцарты» Рахат-Би Әбдісағин Шотландияның ең атақты патшаларының бірі 750 жылдығына орай опера жазды. 17 ақпанда Глазго соборында «Болашақ» бағдарламасының докторанты, дарынды композитор-пианист Рахат-Би Әбдісағин жазған «Брюс» операсының әлемдік премьерасы өтті. Қойылымда Шотландия Корольдік консерваториясының солистері, хоры және дирижерлер өнер көрсетті. Опера Глазго университетінің Шотландия әдебиетінің профессоры, ақын Алан Риачтың жанды дауыста оқуымен Рахат-Би өзі орындаған он минуттық орган увертюрасымен ашылды.

Ғылым • 19 Ақпан, 2024

ЕҰУ ғалымдары экологиялық мониторинг үшін «электронды мұрын» жасап жатыр

Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары «Сколково» зерттеушілерімен бірлесіп жасанды интеллект негізінде «электронды  мұрын» жасап жатыр. Көп функциялы құрылғыны экологиялық жағдайды бақылаудан бастап, өнімнің сапасын анықтауға немесе адам денсаулығын бақылау тәрізді әртүрлі салаларда  қолдануға болады. Ғалымдар «электронды мұрын» желісін құруды және қаладағы қоршаған ортаны бақылау жүйесінің прототипін құрастыруды жоспарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан • 19 Ақпан, 2024

«New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінде Әнұранымыз шырқалды

Нью-Йорк қаласындағы «Leman Ballroom» залында  «New York Fashion Week-2024» халықаралық сән көрсетілімінің 16-маусымының ашылуында Қазақстан дизайнерінің ұлттық сән үлгілері ұсынылып, қазақ әншісі өнер көрсетті.