Оқиға • 14 Қаңтар, 2021
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 14 Қаңтар, 2021
Капиталистік өндіріс күштерінің даму үдерістерінің ғылыми негіздерін ұзақ жылдар бойы зерттеген Карл Маркс капиталистік жүйенің қозғаушы күші мен негізгі заңы қосымша құн екенін дәл анықтап қана қоймай, әлгі жүйенің жаһандық экономиканы әлсін-әлсін алапат дағдарыстарға ұшыратынын да, тіпті түптің түбінде ол жүйенің орнына жаңа заманға лайық жетілдірілген заманауи жүйелердің келетінін де, сондай-ақ қоғамдық және еңбек саласындағы қарым-қатынастардың да мүлде жаңаша өрбитінін күні бұрын болжап қойған сыңайлы.
Оқиға • 14 Қаңтар, 2021
«Қызылмен» қоштасатын кез келді...
Қазіргі Қызылорда қаласының тарихи кезеңдерін еске алатын болсақ, 1925 жылдың 15 сәуірінде Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еңбекшілері өкілдерінің басын қосқан Қырғыз АССР Кеңестерінің V съезі ашылған болатын.
Таным • 14 Қаңтар, 2021
Хакім Абай мұрасының басым бағыттары: ұлт мұраты мен елдік мүддеге келіп саяды. Ол, әсіресе, поэтикалық өнері мен «Қарасөздер» мұрасынан кең көлемде көрініс береді. Хакім Абай бастапқы тұстан-ақ «...өз сөзім – өзімдікі» дегенді анық айтып, келесі кезекте мақсат-мұраттарын айқындап, осы бағыттағы ұстаным-көзқарастарына мықтап табан тірейді. Көрген-білгенін ақыл көрігінде қорытып, таразыға салады. Жан-жүрек үнін айқын, көңіл толқынын ашық, дүниетаным айнасын кең түсіреді. Анығында, өмірін, уақытын босқа өткізу, еңбегін-кәсібін бағаламау, білім-ғылым, дәстүр, дін, тарих пен таным, тәлім-тәрбие ісіне мән бермеу, т.с.с. ақиқатын айтып, маңызын ашады. Қысқа ғұмырдың алдамшы, өткіншілігін тамыршыдай тап басады. Баянсыз, тұрлаусыз сиқына бас шайқап, іштен тынады. Мұның өзі «Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді» деген өмір философиясынан алынған толғам-толғаныстарымен табиғи үндесіп, сабақтасып-ақ тұр.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2021
Таяуда Алматы қаласының іргесіндегі елді мекеннің бірінде тұратын Валерий аға хабарласып, қазіргі күні күйзелісті көңіл-күй жағдайында жүргенін жеткізді.
Пікір • 14 Қаңтар, 2021
Үш онжылдықты тарих жылнамасына жаздырған тәуелсіздігіміздің сындарлы сәттері мен кемелденген кезеңдеріне сарабдал баға беріп, ел ертеңін жасампаз ұрпақпен саралаған Мемлекет басшысының «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы әр қазақстандықтың көкейіндегі «өз ойын» дөп басып, түйткілдерінің шешуін тапқандай.
• 14 Қаңтар, 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің бас басылымы «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласын оқып шықтым.
Пікір • 14 Қаңтар, 2021
Шекара не өзен болар, не кезең болар немесе тарихшылар нені ескеруі керек?!
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында «Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мал ұрлығының алдын алу шаралары және олардың тиімділігі туралы хабарлады.
Пікір • 14 Қаңтар, 2021
Тәуелсіздігімізді тұғырлы етудің қамы
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болса, биылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Шын мәнінде бұл – тарих үшін ұзақ уақыт емес, қамшының сабындай қысқа ғана мерзім. Соған қарамай, осы 30 жылда Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н..Назарбаевтың сара басшылығымен елімізде ғасырға татитын ауқымды істер жүзеге асырылды. Шекарамызды шегендеп, іргемізді қымтап, дүние жүзінің саяси картасынан ойып тұрып орын алдық. Бүкіл әлем Қазақстан деген жас мемлекетті танып, онымен санасатын болды. Қазіргі кезде 140-тан астам мемлекетпен дипломатиялық байланыстамыз.