Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19527 материал табылды

Форум • 19 Ақпан, 2024

Ұлттық спорт қауымдастығы Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясының ресми мүшесі болды

Антальяда Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы ұйымдастырған VI Этноспорт форумы барысында Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов этноспортты халықаралық стандарттарға сай дамыту тәсілдерін жүйелеуге қатысты бірқатар ұсыныс айтты. Исламбек Салжанов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спортты жүйелі дамытуға ерекше назар аударатынын атап өтті. Ұлттық спортпен айналысатын Қазақстан азаматтарының саны жыл сайын артып келеді.

Үкімет • 19 Ақпан, 2024

Күн тәртібі бекітілді

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен бюро өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

Саясат • 19 Ақпан, 2024

Егіс алқаптарын әртараптандыру

Вице-премьер Серік Жұманғарин егіс алқаптарын әртараптандыру жөніндегі бағдарламаның іске асырылу барысын тыңдады.

Әлем • 18 Ақпан, 2024

Ауғанстан мәселесі: Бірлескен жұмыс қажет

Бішкекте Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің Ауғанстан мәселесі бойынша алтыншы өңірлік диалогі өтті. Жиынға Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты.

Қоғам • 16 Ақпан, 2024

Ұлттық ұлан сержанты қарияны құтқарып қалды

Оқиға 15 ақпан күні сағат 11:00 шамасында болды. Ұлттық ұланның 6697 әскери бөлімінің 1 атқыштар ротасы бақылаушыларының 2 взводының маманы бақылаушы сержант Болат Ысқақов Қостанай қаласының Қайырбеков көшесі, 385 мекенжайы бойынша орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің бірінен шыққан түтінді байқаған.

Тұлға • 16 Ақпан, 2024

Даналық һәм диалектика: Белгілі философ Жабайхан Әбділдин 91 жасқа толды

Еліміздегі диалектикалық логика мектебінің негізін қалаған философия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі, мемлекет қайраткері, мемлекеттік, халықаралық марапаттардың иегері, Ш.Уәлиханов сыйлығының тұңғыш лауреаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің философия кафедрасының профессоры, бүгін 91 жасқа келіп отырған Жабайхан Мүбәракұлы Әбділдиннің отандық ғылымға қосқан үлесі өлшеусіз. Былтыр торқалы 90 жас мерейтойының қарсаңында ғалым ағамыздың 25 томдық шығармалар жинағының соңғы бес томы жарық көрген еді.

Үкімет • 16 Ақпан, 2024

Жергілікті қамту мәселесі талқыланды

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов «Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесспен кездесті.

Саясат • 16 Ақпан, 2024

Жайылымды жосықсыз иемдену жойылады

Жалпы отырыста сенаторлар жайылымдардың бірыңғай тапшылығы мәселесін шешу негізгі міндеті туралы заңды мақұлдады. Депутаттар құжатты әзірлеу туралы өздері бастама көтерген еді. Өйткені ауыл тұрғындары бұл проблеманы біраз жылдан бері айтып келеді. Сондықтан заңды кейінге қалдырудың жөні жоқ. Депутаттар бұл жолы не ұсынып отыр? Құжаттағы кей жаңалықтар төмендегідей:

Саясат • 15 Ақпан, 2024

Қазақстан-Литва: Еларалық құқықтық көмек

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы ынтымақтастық туралы заңды талқылады.

Саясат • 15 Ақпан, 2024

Өнеркәсіп және құрылыс министрі – Германияда

Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайту және экономикалық ынтымақтастықты ілгерілету шеңберінде Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Германияға жұмыс сапарымен барды.