• 31 Мамыр, 2020
Зұлматты жылдардың зардабын көрген жандарды еске алу - келер ұрпақтың міндеті. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылы 5 сәуірде «31 мамыр - «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын жалпыұлттық еске алу күні» ретінде атап өтуді бекіткен болатын. Басты мақсаты мұндай қасіреттің қайталанбасы үшін халқымыздың тарихты есте сақтап, болашақ ұрпақтың білуін қамтамасыз ету. Қатал да қасіретке толы бұл мейрам өткенді еске түсіріп, көзге жас ұялатады.
Білім • 31 Мамыр, 2020
Қазақ ұлттық университетінде түлектер күні онлайн өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектері күні – академиялық дәстүр. Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының Түлектер күні биыл да осы мызғымас дәстүрді онлайн форматта жалғастырды.
Қоғам • 31 Мамыр, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай жария еткен Үндеуі сан салалы қоғамның ішінде білім саласы үшін, ғылымның ішінде гуманитария мамандары үшін маңызды деп есептейміз.
Коронавирус • 31 Мамыр, 2020
Елімізде барлығы 10 858 адамнан коронавирус анықталды
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 476 адам тіркелді. Елдегі өсім қарқыны – 4,6%.
Қоғам • 31 Мамыр, 2020
Асанбай аға! Жұрт: «Асекең!» – деп құрметпен атап кеткен бұл абзал жанды оқырманға таныстырып жатудың қажеті жоқ. Аға ұрпақ өкілдерінің бірі академик Кеңес Нұрпейсов айтқандай ол «Өмірі тек өнегеден ғана тұратын адам» еді. Бітімі мен болмысынан парасаттылық лебі ескен сол Асекең, Асанбай Асқараовтың өткен ғасырдың 60-70 жылдарында Алматы облысын басқарып тұрған кезіндегі еңбегі ерекше. Әсіресе аймақтың ғылыми-техникалық, мәдени-әлеуметтік, экономикалық әлеуетіндегі қол жеткен биік деңгейді атап айтпасақ болмайды.
Тарих • 31 Мамыр, 2020
Орал губерниясындағы ашаршылық ақиқаты
Тәуелсіздік тізгінін өз қолымызға алып, егемен ел болғалы, тарихымызды жан-жақты зерттеп, белгісіз тұстарын ашу мүмкіндігі пайда болды. Кеңес өкіметі кезінде зерттеп, жариялау қиын болған, архив қорларында шаң басып жатқан құжаттарды көпшілікке таныстыруға қазір мүмкіндік мол.
Тарих • 31 Мамыр, 2020
Архив деректеріндегі ашаршылық жылдары
1932 жылғы ашаршылық қазақ халқының тарихындағы ең бір асқан зұлмат, адам жаны түршігерлік қасірет болғаны ақиқатқа айналды. Бұл зұлмат жылдарды зерттеуші Дж. Беккер «Қазақтардың бірнеше ұрпақтарының есінде жазылмайтын жара болып ұжымдастыру және оның салдарынан болған 1931-1932 жылдардағы ашаршылық туралы естелік қалды», деп жазды. Кеңес қоғамындағы өзгерістер өткен ғасырдың 20-30 жылдары қалыптасқан әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қыспағымен, халықтың белгілі бір бөлігін құрбан ету арқылы іске асырылды.
Әлем • 31 Мамыр, 2020
АҚШ 9 жылдан кейін өз жерінен ғарышқа адам аттандырды
Атышулы Илон Масктың SpaceX компаниясы екі Nasa астронавтын ғарышқа сәтті аттандырды.
Тарих • 31 Мамыр, 2020
Ғұмыры келте Ғаділше (Қазақтан шыққан алғашқы физиктердің бірі)
Қазақтан шыққан тұңғыш физик ғалымдардың бірі Ғаділше Аяпбергенов туралы осы күнге дейін көп айтылған жоқ. Оған себеп – ғалымның «халық жауы» атанып, атылып кетуі. Ғалым туралы сәті түскен күні қалың оқырман мен ғылыми орта нақты деректерге сүйеніп жазылған көлемді дүниені тұшына оқитынына сенім кәміл. Қазіргі сөз Ғаділшенің сонау 30-жылдары «Физика» оқулығын алғаш рет қазақшаға аударуы және басқа да ғылыми еңбектері жайында болмақ.
Тарих • 31 Мамыр, 2020
Қаншалықты қасіретті болса да, төл тарихымызды ұмытуға болмайды - Мәулен Әшімбаев
ҚР Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне байланысты қазақстандықтарды тарихтан тағылым алып, ұлт үшін басын бәйгеге тіккен арыстарымыздың есімдерін мәңгі ұлықтап өтуге шақырды. Сенат спикері бұл туралы өзінің фейсбуктегі парақшасына жариялады.