Саясат • 16 Желтоқсан, 2020
Ұлттық қуатты нығайтудың стратегиялық бағыттары
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан ұлттық қауіпсіздік қалқанын қалыптастырып, тиісті заңнамалық актілер мен мемлекеттік органдар жүйесін жасақтады. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік туралы заңы, мүдделі мемлекеттік органдардың құрылуы және т.б. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев басқарған кезеңде аталған жүйе өз миссиясын толығымен орындап шықты.
Пікір • 16 Желтоқсан, 2020
Халқымыздың ең асыл құндылығы – Тәуелсіздік оңайлықпен келген жоқ. Шөп, гүл, ағаштар күнді қалай аңсаса, халық та еркіндікті, тәуелсіздікті аңсаумен болды. Осы жолда талай қан да төгілді. Қаншама ерлер, батыр туған боздақтар қыршын кетті.
Білім • 15 Желтоқсан, 2020
Демократияландыру, өзін-өзі басқару және академиялық еркіндік – жоғары білім дамуының кепілі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры, профессор Ғалым Мұтановтың ғылымды қаржыландыруды кеңейту, университеттерді елдің инновациялық дамуының драйвері ретінде анықтау (Казахстанская правда, 20.11.2020) туралы пікірін толық қолдаймын және Президенттің Жолдауында адам капиталын дамыту, білім, ғылым және инновацияға инвестиция тарту бойынша қойылған міндеттердің табысты жүзеге асуының үлгісі ретінде мен ЖОО-ның академиялық және басқарушылық тәуелсіздігінің бірқатар аспектілеріне назар аударғым келеді.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020
Жаңа табыстар мен жетістіктер тіледі
Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік наградаларды, дипломдар мен төсбелгілерді салтанатты жағдайда тапсырды.
Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020
Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне Президент Жарлығымен берілген мемлекеттік марапаттарды тапсырды, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 15 Желтоқсан, 2020
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Экология • 15 Желтоқсан, 2020
Экологиялық білім беру мектепке дейін басталғаны жөн
Бәріміз ұмыта қойған жоқпыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев итбалықтарға тас лақтырған балалардың әрекетіне алаңдап, жас ұрпаққа экологиялық білім беру ісін жолға қоюды тапсырған еді. Содан бері орта білім бағдарламасына экологиялық білім беретін жаңа пән енгізу туралы мәселе көп көтерілді. Алайда бұл білімнің негіздері балалардың бойына балабақшадан бастап берілуі керек. Өйткені, ғалымдардың дәлелдеуі бойынша, адам өмірінде пайдаланатын ақпараттың 90 пайызын 5 жасқа дейін санасында сақтайды екен.
Президент • 15 Желтоқсан, 2020
Құрметті отандастар! Ардақты ағайын! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – ұлттың рухын көтеретін, ұрпақтың мерейін өсіретін мәртебелі мейрам. Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Тарихы бай, тамыры терең Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Оны ең қымбат қазынаға, ең асыл аманатқа балаймыз. Сондықтан бабалар аңсаған тәуелсіздіктің қадірін жан-жүрегімізбен сезінеміз.
Руханият • 14 Желтоқсан, 2020
Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мен зиялы қауым өкілдері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрының XXX маусымашарына қатысты,деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 14 Желтоқсан, 2020
Назарбаев Университетінің ғалымдары COVID-19 симуляторын ойлап тапты
Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының ғалымдары пандемиямен күрестегі ең тиімді тәсілдердің бірі – халықты жаппай тестілеу және байланыста болған адамдарды анықтау екенін айқындады, деп хабарлайды Egemen.kz.