Президент • 11 Мамыр, 2020
Карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады - Президент
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында айтқан сөзін Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жариялады.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2020
Ломбардтардың есептік тіркеуден өтуі үшін құжат тапсырудың жаңа мерзімі белгіленді
Төтенше жағдайға және карантин кезеңінде қызметті жүзеге асыруға тыйым салуға байланысты, Агенттік микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың есептік тіркеуден өтуі үшін құжаттарды тапсыру мерзімдерін республикалық маңызы бар қалаларда және облыс орталықтарында 2020 жылғы 1 маусымға дейін және басқа елді мекендер үшін 2020 жылғы 15 маусымға дейін ауыстыру турал шешім қабылдады.
Коронавирус • 11 Мамыр, 2020
Коронавирустың алдын алу жөніндегі шаралар одан әрі күшейтіледі
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қаулы шығарды.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2020
Мақтаарал ауданындағы су деңгейі екі метрге жуық төмендеді
Мақтаарал ауданындағы су деңгейі орта есеппен 175 см-ге төмендеді. Өргебаста үш тәулік ішінде су 1 м. 67 см-ге, Фирдоусиде – 1 м. 55 см-ге төмендеген. Бұл туралы «Қазсушар» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорнының Мемлекеттік техникалық қызметі департаментінің бастығы Денис Коновалов мәлімдеді.
Қоғам • 11 Мамыр, 2020
Елордада бүгіннен бастап ақылы тұрақтар жұмыс істей бастайды
Нұр-Сұлтан қаласында 11 мамырдан бастап ақылы тұрақтар жұмыс істей бастайды. Тұрақтарда паркоматтарды антисептикалық сұйықтықтармен өңдеу үнемі жүргізіледі. Паркомат арқылы монеталармен тұрақ төлеу кезінде медициналық қолғаптарды пайдалану ұсынылады.
Аймақтар • 11 Мамыр, 2020
Мақтаарал тұрғындары Усманов қоры бөлген қаражаттан мың долларлық сертификат ала бастады
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі эвакуацияланған мақтааралдықтардың алғашқы легі Әлішер Усмановтың қорынан бөлінген қор қаражатының сертификатын ала бастағанын хабарлады.
Қоғам • 11 Мамыр, 2020
Nur Otan партиясы Мақтаарал ауданына 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді
Nur Otan партиясы су тасқынынан зардап шеккен Мақтаарал ауданына 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберген. Ал «Jas Otan» волонтерлары мен белсенділері жергілікті жерде жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатыр. Бұл туралы Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook парақшасында жазды.
Руханият • 11 Мамыр, 2020
Бүгін Луина онлайн өнер көрсетеді
Бүгін «Карантиндегі жұлдыз» жобасы аясында әнші Луинаның онлайн концерті өтеді.
Қоғам • 11 Мамыр, 2020
Студенттерге арналған 10 күндік саяси мектеп аяқталды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану кафедрасы студенттерге арнап ұйымдастырған он күндік көктемгі онлайн мектеп аяқталды.
Қоғам • 11 Мамыр, 2020
Карантин кезінде коммуналдық қызметтер кімдерге төленеді?
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында осы жылдың 9 мамырында карантин режимі кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.