Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24572 материал табылды

Өнер • 10 Тамыз, 2021

Мінезі аңқылдаған, дауысы саңқылдаған әнші

Тотыдайын таранған, Сұңқардайын сыланған, Сұлу Жібек бар ма екен? – деп, термені бастағанда Кеңес аға шабыттанып, ерекше бір күйге түседі. Дауы­сы шаңқ еткен қыранның үніндей саңқылдап шығады. Әр сөзін шегелеп айтады. Оны танымай қаласың. Әдеттегі биязы мінезінің қайда кеткенін білмей аң-таң боласың.

Экономика • 10 Тамыз, 2021

Тау-кен және металлургия саласында түбегейлі жаңа технологиялар

Қазақстан ғалымдары еліміздегі қиын өндірілетін, сапасы төмен және есептен шығарылған шикізат қорларын тиімділігі жоғары экономикалық айналымға тартуды қамтамасыз ететін әлемдік деңгейдегі технологиялар кешенін жасады.

Қазақстан • 10 Тамыз, 2021

Тағдыршешті кездесу

Түрікменстанда өткен Орталық Азия елдері президенттерінің Консультативтік кездесуі шынымен де алдағы уақытта аталған өңір үшін тағдыршешті болғалы тұр.

Қазақстан • 10 Тамыз, 2021

Бірлескен жұмыс нәтижеге жетелейді

Түрікменстанда өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының III Консуль­тативтік кездесуі өңірлік ынтымақтастықтың жаңа деңгейге көтерілген кезімен тұспа-тұс келді. Қазақстан тәуелсіздік жылдары өз стратегиясында Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты тереңдету бағытын ұстанып келеді.

Саясат • 10 Тамыз, 2021

Медиация институтына – 5 жыл

Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация институты 5 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ биыл Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қабылданғанына 10 жыл толып отыр.

Саясат • 10 Тамыз, 2021

Өңір тұрғындарымен кездесті

Парламент Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов Атырау облысындағы Индер ауданында болып, ауыз су өндіру цехының жұмысымен, автожанармай құю стансаларының салыну барысымен және бірқатар шаруа қожалықтарының қызметімен танысты, деп хабарлады жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі.

Қазақстан • 09 Тамыз, 2021

Әйел теңдігі жөнінде айтарымыз бар

«Қыз – қонақ» – екі-ақ сөзден тұратын осы мақалда халқымыз­дың қыз балаға, жалпы әйел заты­на қалтқысыз құрметі келіс­ті кө­рін­ген. Қазақта есімі тұтас рулардың атына айналған, ұра­ны­­на ұлас­қан ұлы әжелердің бол­­ғаны, ер-азаматтармен қатар атқа қо­нып, елін, жерін қорға­ған қыз-ке­­лін­­шектердің аз еместігі елдігі­міз­­дің осындай ерек­шелігіне байланысты.

Қазақстан • 09 Тамыз, 2021

Еңбек майданының ардагері

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қару-жарақ сияқты қажетті заттармен қамтамасыз еткендердің қатарында әйелдердің бар екені айтпасақ та белгілі. Олар елде  қалған қарттарына қарайласып, бала-шағаның қамын ойлап, майдандағы жақындарынан жырақ жүрсе де жеңіс туын желбіретуге зор үлес қосты. Сондай нәзік жандылардың бірі – тыл еңбеккері Зәкен Сығаева. 98 жастан асқан кейуана бүгінде Алматы облысы, Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында тұрады. Сұм соғысты әлі күнге дейін санасынан өшірмеген әжеміз өткен күнге көз тастап, ескірмеген естеліктерін бөлісті.

Тарих • 09 Тамыз, 2021

Жеңіс туын желбіреткен ер

Мәңгілікке мәнін жоймайтын, жылдар өте аңызға айналатын, адамзат таңғалатын, ғажайып ерліктер болады. Олардың көбі Отан қорғау, ел мен жердің тұтастығын сақтау үшін күресте жасалып жатады. Сол ерлікті жасаушылар, ғасыр тудырған ерлер қара жерге қан жауып, қанға малынған ұрыс даласында Прометейдің мәңгілік шырағын сөндірмей, атой салғандай елестейді...

Абай • 09 Тамыз, 2021

Абай, «дүние дос» және кавер-версия

Музыкада кавер-версия (cover version) деген ұғым бар. Бұл – бір автор (композитор, әнші) шығармасының басқа автор тарапынан өз қа­лауынша өңделген нұс­қасы. Ремикс (remix), ремейк (remake) деп жүрген нәр­селер де осыған маңайлас. Бір қызығы, бұл құбылыс өзге өнер түрлерімен қатар, әдебиет әлеміне де еніп ке­тіпті. Екі-үш жыл бұрын орыс поэ­зиясының классигі Николай Заболоцкийдің «Әдемі емес қыз» деген өлеңіне 32 ақын­ның кавер-версия жазып, шығармашылық сайысқа түскені – соның бір мысалы.

Яндекс.Метрика