Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22283 материал табылды

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020

Қорықшының әр күні қатерге толы

Елімізде, оның ішінде облыстарда қаскөйлердің аң мен құсты, балықты тиісті рұқсатсыз қырып-жоюы тыйылар емес. Табиғатқа келтірген зияны аздай, кейбір браконьерлер адам қанын мойнына жүктеп, қандықол қарақшыға да айналғаны жұртшылық қауымды алаңдатуда. Осындай қиын һәм жауапты шептерде біздің облысымыздың да арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты азаматтары аянбай еңбектеніп жатқанын екінің бірі біле бермейді. Олардың әр күні қауіп-қатерге толы.

Қоғам • 23 Қыркүйек, 2020

Тіліміздің бағын байлап тұрған кім?!

Қазақстан Республикасының Конституциясында анық жазылғанындай, мемлекеттік тіл біреу, ол – қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – тәуелсіздікті нығайтудың, еліміздің елдік, халықтық сипатын сақтап қалудың және қоғамдық келісімнің ең басты кепілі болып саналады.

Саясат • 22 Қыркүйек, 2020

Ынтымақтастықты тереңдетеді

Астана мемлекеттік қызметі хабының Басқарушы комитетінің төрағасы Әлихан Байменов пен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшы­сының өкілі, БҰҰ Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастық кеңсесінің директоры (UNOSSC) Хорхе Чедиек мырза ынтымақтастықты тереңдету туралы алмасу хатына қол қойды.

Оқиға • 22 Қыркүйек, 2020

«Бәйшешек жапырағы»

Жуырда «Дәуір» баспасынан белгілі жазушы Марат Мә­жи­товтің «Бәйшешектің жа­пы­рағы» атты әңгімелер жина­ғы жарық көрді.

Оқиға • 22 Қыркүйек, 2020

COVID-19 дағдарысынан кейінгі әлем туралы очерк

COVID-19 дағдарысынан әлем қандай сабақ алуы тиіс және пандемияның саяси салдары – Назарбаев Университеті Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры, доктор Жан-Франсуа Каронның жаңа кітабы дәл осы мәселелерге арналған. Оның «COVID-19 дағдарысынан кейінгі әлем туралы очерк» атты еңбегін халықаралық жетекші Springer баспа үйлерінің бірі жариялады.

Руханият • 22 Қыркүйек, 2020

Үш тал өлең

«Хатико» синдромы Қарашада құс та ауыр күрсінеді, Қарашыққа мөлдіреп мұң сіңеді. Құсни-хатым айналып жастығыңа, Сен де, жаным, сағынып жүрсің мені.

Әдебиет • 22 Қыркүйек, 2020

Көзден таса болса, көңілден ұмыт

Муракамидің «жазушының кітабы өзі өлгеннен соң 30 жылдан кейін қайта басылып шықса, әдебиет тарихында аты қалады» дейтін сөзі ылғи еске түседі. Ойланатын-ақ шаруа. Жүз жерден тума талант болмасақ, әлгіндей ескертудің үдесінен шығып көр. Оқығаннан он күн өтпей ұмытылып қала беретін шығармалар ығы-жығы. Қаптап жүрген қаламгерлердің арыда М.Әуезов, сәл бері Ә.Нұрпейісов, одан бері Т.Әбдіков және аздаған тағы тағыларымыз болмаса, қайсыбірінің қазығын қайда апарып қадайсың. Әбіш Кекілбаевтың самсаған сансыз саналы ойдан самғап шығатын «Шыңыраудай» өлмес өрен шығармасы енді қашан туады, қайдам. Бұл М.Мақатаев, Ж.Нәжімеденов, Т.Молдағалиев және идеалға тиесілі жаңағы сөз.

Таным • 22 Қыркүйек, 2020

Алаштың бір асылы Ағабек еді...

«Өткендерін еске алған – өскендіктің белгісі, өткендерін ұмытқан – өшкендіктің белгісі».                                                       Халық мақалы

Қоғам • 22 Қыркүйек, 2020

Учаскелік инспекторлар институты нығаяды

Ішкі істер министрлігінде бейнеконференц режімінде ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша Қоғамдық кеңестің отырысы өткізілді.

Ауыл • 22 Қыркүйек, 2020

Арба сынды деп көштен қалмайық

Қарт тарих куә – былайғы жұрт байыбына барып, баға­лай қоймағанмен, адам­зат­қа төніп тұрған қауіп қай кезде де аз болма­ған. Солар­дың салдары­нан көне заман­дардан бері әлемде неше түрлі дағд­арыс­ орын алғанын білеміз.