Руханият • 02 Шілде, 2020
Сарғайған суреттерде сағыныш бар
Көптеген отбасында жылдар бойы жинақталған фотоальбомдар, уақыт сарғайтқан жазбалар, қойындәптерлер, ашықхаттар (открыткалар), бәзбіреулерінде, тіпті, жеке жанның қағазға түсірген сырға толы күнделіктері барына күмән келтірмеймін. Олар – әрбір отбасының шежіресі, тарихы, архиві, өткен күндердің жарқын елесі, кейбір жандардың ешкімге жария етпеген құпия сыры, жүрек түбінде бұғып жатқан алтынға бергісіз қымбат дүниесі десек те болады. Кей отбасыларында атадан балаға мирас болып келе жатқан көне фотосуреттер, хаттар, кітаптар да сақталған. Соларды көз қарашығындай сақтап, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп жүрген азаматтардың ұқыптылығына, игілікті ісіне шексіз риза боласың. Егер ондай жандар болмаса не болар еді?
Елбасы • 02 Шілде, 2020
Қасым-Жомарт Тоқаев: Тарихи тұлға тағылымы
Ел қуатты болса, қуаныш тұрақты болады. Ғасырларды уақыт ұршығында иірген мыңжылдықтар тоғысында Ұлы дала төсінде жаңа тұрпатты жас мемлекет құрылды. Атасы Алаш, керегесі ағаш қазақтың зар заманда жоғалтқан құндылықтары қайтарылды, бары бүтінделді, азаттықпен бірге сәулелі сәттерге толы шуақты шежіресі түзіле бастады.
Абай • 02 Шілде, 2020
Бұрын да, кеңес дәуірі кезінде де барша сыншылардың бірінші ұстазы орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский саналып келді. Белинский сындарын оқымаған, одан үлгі алмаған сыншы болған жоқ. Ал қазақ әдебиетінде сын атасы, бірінші сыншы кім? Сынымыз қай кезден нақты, кімнен бастау алады? М.Қаратаевты «Қазақтың Белинскийі» санап, ұстаз тұттық. Олай болса, қазақ әдебиеті сынының атасы Қаратаев болғаны ма? Әрине, жоқ.
Руханият • 02 Шілде, 2020
Боз даланың төсінде тұлпар мініп ту ұстаған, найза ұстап жау алған, қол бастап киелі топырағымызды арам пиғылды дұшпан аяғына таптаттырмай күні бүгінге дейін дін аман жеткізген ұлы бабалар мекені, сол баһадүрлердің кісілік болмысына, пайым-парасатына, ұлылылық тәмсіліне ақау түсірмей дәріптеп келе жатқан тәуелсіз байтақ Қазақстанның түгін тартсаң май шығатын қасиетті бөлшегі, толағай табыстың, берекелі ырыстың бастауы атанған шырайлы өңірдің бірі Ақтөбе деп білемін.
Қаржы • 02 Шілде, 2020
Шетелге кеткен ақша күндіз күлкіден түнде ұйқыдан айырды
Көлеңкелі экономиканың соңына шам алып түсетін уақыт енді келген сияқты. Өйткені Қазақстанның офшорлық аймаққа жылыстап кеткен капиталының көлемі анау-мынау емес, тура 140 млрд АҚШ долларына жетіпті. Мұндай көлемдегі қаржыны елге қайтарар болсақ, пандемиядан есеңгіреп қалған экономиканы сауықтырып қана қоймай, ауыл шаруашылығында бірнеше өндірістік бағытты жолға қоюға болады.
Президент • 02 Шілде, 2020
Мемлекет басшысы: Назарбаев – әлем мойындаған мемлекет қайраткері
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" газетіне жариялаған мақаласында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы пікірімен бөлісті.
Руханият • 02 Шілде, 2020
Қырғызстанда әл-Фараби пәнін оқыту ұсынылды
Бішкекте Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігі және Алықұл Осмонов атындағы Қырғыз ұлттық кітапханасы бірлесіп Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы» атты онлайн-конференция өткізді.
Қоғам • 01 Шілде, 2020
Халық санағын жүргізуге қызметкерлерді іріктеу басталды
Нұр-Сұлтан қаласының Статистика департаменті ұлттық санақты жүргізу және дайындау бөліміне нұсқаушы-инспекторларды іріктеуге конкурс жариялады, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Спорт • 01 Шілде, 2020
"Астана" велокомандасы виртуалды "Тур де Франс" веложарысына қатысады
"Астана" велокомандасы "Тур де Франс" онлайн веложарысына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Olympic.kz.
Спорт • 01 Шілде, 2020
Көркем гимнастикадан әлем кубогінің жарыс кестесіне өзгеріс енгізілді
COVID-19 індетіне байланысты Олимпиада ойындары кейінге шегерілгеннен кейін Халықаралық гимнастика федерациясы жарыс күнтізбесіне өзгеріс енгізді, -деп хабарлайды Olympic.kz.