Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19352 материал табылды

Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Павлодар облысында вирус жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді

14:20-дағы жағдай бойынша Павлодар облысында 1 науқас коронавирус жұқтырған. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 27 Наурыз, 2020

Жазылған жайдың жалғасы: Кітапханашы мен медбикенің мәселесін кім шешеді?

Мен 16 жасымнан бері мектепте еңбек етіп келемін. Тәрбиеші, меңгеруші, ұстаз, кітапханашы мамандықтарын жетік меңгердім десем де болады. Алла қаласа, ендігі жылы еңбек өтілім 40 жылға толады. 

Қазақстан • 27 Наурыз, 2020

Қазақстандықтар Украинадан үйлеріне оралды

Коронавирустық инфекцияның жылдам тарауына байланысты біздің азаматтарымызды шет елдерден қайтару жөніндегі іс-шаралар шеңберінде 27 наурызда Украинадан Қазақстанға тағы 76 отандасымыз сәтті оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 3 адам тіркелді

Елімізде вирус жұқтырғандар саны 124-ке жетті. Бұл туралы ДСМ баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 27 Наурыз, 2020

Елордада орналасқан облыстық аурухана карантинге жабылды

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Тұрғын үй банкі төлемді кейінге шегеруді автоматты түрде жүзеге асырады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес компаниясы) уақытша қаржылық қиындыққа ұшыраған клиенттеріне 2020 жылғы 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемді 90 күнге шегеруге мүмкіндік береді. Шегерілген төлемге негізгі қарыз да, несие сыйақысы да кіреді. Бұл клиент жазған өтініштің негізінде жүзеге асырылады. Өтініште кейінге шегерудің не себепті қажет болғанын көрсету керек, бірақ банк қосымша растау құжаттарын талап етпейді. Төлемді кейінге шегеру мүмкіндігі автоматты түрде беріледі. Бұл шара коронавирус таралуының алдын-алу мақсатында елде төтенше жағдайдың енгізілуіне және Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин жарияланғанына байланысты орын алған. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Коронавирус • 27 Наурыз, 2020

Коронавирустан көз жұмған әйел Алматы және Шу қалаларында қонақта болған

Бұл туралы Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілиясов мәлімдеді.

Қазақстан • 27 Наурыз, 2020

Бүгін - Халықаралық театр күні

Бүгін - Халықаралық театр күні, «Астана Опера» Дж.Пуччинидің әйгілі «Турандот» операсын TENGRINEWS TV-ден көрсетпек, сонымен қатар жақын арада #Bizbirgemiz жобасы аясында Мәдениет және спорт министрлігімен ұйымдастырылған YouTube платформасында «Астана Опера» әртістерінің өнер көрсетуі жоспарланған. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Мүгедектікті белгілеу медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдеріне бармай-ақ жүзеге асырылады

Төтенше жағдай кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне бармай, «Мүгедектікті немесе еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесін белгілеу және қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін сырттай форматта алу тетігін әзірледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 27 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай кезінде қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмекті қалай алады?

Осы жылдың сәуір айынан бастап қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде мемлекеттік органдармен байланыссыз атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) ала бастайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.