Қоғам • 16 Наурыз, 2020
«ҚазМұнайГаз» компаниясының екі қызметкерінен коронавирусқа сараптама алынды
Қызметкерлердің біреуі Франкфурттен Нұр-Сұлтан қаласына келген рейсте коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқаспен бірге бір ұшақта болған. Ал екінші қызметкер Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы қаласына дейін осы ұшақпен ұшып барған көрінеді. Алгоритмге сәйкес, COVID-19 бар-жоғын анықтау үшін қызметкерлерден коронавирусқа сараптама алынды.
Спорт • 16 Наурыз, 2020
Футболдан Қазақстан Премьер-лига ойындары бір айға тоқтатылды
Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы COVID-19 коронавирус жұқпасының таралуын болдырмауға байланысты өткізіліп жатқан барлық жарыстардың тоқтатылатыны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Спорт • 16 Наурыз, 2020
Таэквондодан құрлықтық іріктеу турнирі маусымға ауыстырылды
Таэквондодан Азия құрлықтық іріктеу турнирі Амманда (Иордания) жоспарланған. Коронавирус індетінің әлемде таралуына байланысты маңызды турнирдің өткізілетін уақыты маусымға ауыстырылды. Бұл туралы Таэквондо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Хоккей • 16 Наурыз, 2020
«Барыс» плей-оффтың жартылай финалына қатыспайды
Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысының жартылай финалында ойнамайды. Бұл туралы Барыс хоккей клубының баспасөз қызметі хабарлады.
Саясат • 16 Наурыз, 2020
Қазақстан Елшісі Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас хатшысымен кездесті
Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Мадияр Меңілбеков Әбу Дабиде Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас Хатшысы Сұлтан әр-Румейсимен кездесті. Кездесу барысында ұйымның Бас хатшысына биыл маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі хатшылығының кезекті отырысына шақыру табысталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 16 Наурыз, 2020
Қазақстанда 10 млн тоннадан астам астық бар – Сапархан Омаров
Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағаты барысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров депутаттарға 2019 жылы аграрлық саланы дамытудың негізгі қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Нұр-Сұлтандағы «Столичный-2» проблемалық кешені тамыз айында тапсырылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі проблемалық үйлердің құрылысын, үлескерлер мәселесін жіті қадағалауда ұстайды. Бұл орайда елорда әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев «Столичный-2» проблемалық тұрғын үй кешені құрылысының барысын тексерді. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Мәдениет және спорт қайраткерлері азаматтарды коронавирусқа қарсы бірге күресуге шақырды
Мәдениет, спорт қайраткерлері және интеллигенция өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қолдап, тұрғындарды коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Наурыз, 2020
Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің коронавирус бойынша қала тұрғындарына үндеуі
Елордада коронавирус инфекциясының жаппай таралу қаупінің алдын алу жұмыстары күшейтілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 16 Наурыз, 2020
Президент Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған Жарлыққа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Мемлекет қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайға байланысты телевизия арқылы жасаған үндеуінде айтты.