Әлем • 04 Наурыз, 2020
Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы коронавирус жұқтырды деген ақпарат расталмаған - СІМ
Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматының коронавирус жұқтырғаны жөніндегі ақпаратқа қатысты түсінік берді.
Аймақтар • 04 Наурыз, 2020
Елордаға келген туристер автобустарда CityPass картасымен тегін жүреді
Енді CityPass карталары арқылы астананың көрікті жерлеріне, музейлері мен экскурсияларына еркін кіріп қана қоймай, карта әрекет ететін 24-72 сағат аралығында қалалық маршруттарда да тегін жүруге болады. (Бұл экспресс және қаланың шеткері аймақтарына қатынайтын автобустарға қатысты емес). Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 04 Наурыз, 2020
Қазақстанның барлық аймақтарына барады
Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында «Ата-бабалар рухына – лайықты боламыз!» атты республикалық патриоттық акция басталды.
Таным • 04 Наурыз, 2020
Қара тастарды қақ жарған ақын...
«...Толқыннан толқын туады, Толқынды толқын қуады...» Ұлы Мағжанның «Толқын» атты өлеңінің осы екі жолына адам баласының жалғасты өмірінің бүкіл пәлсапасы сыйып тұрғандай. Ал мен үшін осы жолдар қазақ поэзиясының алып дариясындағы толқындарды бейнелі түрде көз алдыма әкелетінін жасыра алмаймын.
Таным • 04 Наурыз, 2020
Әл-Фарабиді Қазақ еліне қайтарған Ақжан Машани
Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығын атап өтер кезеңде «Жалпы осы тұлғаны туған топырағымен қайта қауыштырған кім? Оның зиратын кім іздеп тауып, ғылым әлеміне кім жариялады? Ғұлама мұрасын Қазақстанда зерттелуіне кім мұрындық болды?» деген сұрақтарға жауап іздеген орынды. Ол тұлға әлбетте – Ақжан Жақсыбекұлы Машани (1906-1997) дер едік.
Таным • 04 Наурыз, 2020
Ірі мемлекет қайраткері, қазақы білік пен ұлттық болмыс-бітімді санасына жасынан сіңірген замандасымыз Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың «Амал – ауызбіршілік мерекесі» атты мақаласы қалғыған көңілді сергітерлік, ұлт санасын тағы бір сілкіндірерлік дүние екен.
Руханият • 04 Наурыз, 2020
Еліміз егемендік алғаннан кейін жоғалғанымыз табылып, өшкеніміз қайта жанды десек те, біз сан алуан мәдениеттер тоғысқан жаhандану заманында өмір сүріп жатырмыз. Осындай жағдайда өзіміздің ұлтымызға ғана тән ерекшеліктерді, таза болмысымызды қалай сақтап қаламыз? Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы сауалдың жауабын жан-жақты тарқатып бергені қалың оқырманға жақсы мәлім деп ойлаймын. Нұрсұлтан Әбішұлы: «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек», деген болатын. Осындай ізгі ойлардан желі тартқан еліміздің Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде (25.02.2020 ж.) жарияланған «Амал – ауызбіршілік мерекесі» деп аталатын мақаласы да мені өзектілігімен, тереңдігімен баурағанын айтқым келеді.
Спорт • 04 Наурыз, 2020
Дзюдодан Рабат гран-приі өтпейтін болды
Дзюдодан Рабатта (Марокко) өтуі тиіс болған әлемдік Гран-при кезеңі өтпейтін болды. Бұл туралы халықаралық дзюдо федерациясы ресми сайтында мәлімдеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Абай • 04 Наурыз, 2020
Абай жан дүниесі дегенге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев неге айрықша көңіл аударды. Ұлы ойшыл, кемеңгер ақынның 175 жылдығын атап өту үшін ғана емес, әрине. Әңгіме Абайдың жан дүниесіндегі қазақ тағдырына алаңдаған тағылымдарында. Батыс пен Шығыс өміріндегі өнер, білім, мақсат-мұрат, сенім мен үміт, әрекеттердің өркениетін зерттеп зер салған ұлы ақын қазақтың да сондай ел болуын көкседі. Дінді де тереңдеп таныды, тіпті ежелден келе жатқан мақал-мәтелдердің, дәстүр-салтты, күнкөрісті ақыл-ой таразысынан өткізіп, қазақ жанын реформалауды мақсат етті. «Құдай салды, біз көндік» деген көнбістікке көндігіп алған жұртты аяусыз сынады. Қазақ өмірі осылай жалғаса берсе, ол өркениетті түсінде де көрмей, оқшау қала беретініне қапаланды.
Парламент • 03 Наурыз, 2020
Дариға Назарбаева Қырғызстан елшісін қабылдады
Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева Қырғыз Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жээнбек Кулубаевты қабылдады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.