Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21587 материал табылды

Елбасы • 19 Наурыз, 2020

Б. Байбек: «Елбасы моделі» - жауапкершілікке негізделген лидерлік

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек aikyn.kz-ке берген көлемді сұхбатында Елбасының өз президенттік өкілеттігін тоқтатуына бір жыл толуына орай өз ойын ортаға салып, Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның қалыптасуындағы рөлі жайында кеңінен әңгімеледі.

Президент • 19 Наурыз, 2020

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта нарығы мен қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 19 Наурыз, 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының кіреберісіне қойылған бақылау-өткізу бекетіне барды

Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясының таралуына байланысты елімізде Төтенше жағдай жарияланып, елордада карантин  енгізілгеннен кейін Жібек жолы ауылы маңына қойылған №6 бақылау-өткізу бекетіне барып, жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 19 Наурыз, 2020

Кәсіпкерлер салықтан босатылуы мүмкін

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының аппарат басшысы Нұралы Бөкейханов пен Кәсіпкерлер құқығын қорғау департаментінің директоры Шыңғыс Темір төтенше жағдай кезіндегі кәсіпкерлерге арналған штабтың жұмысы бойынша түсініктеме берді.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

Ауа райының нашарлауына байланысты 20 наурызға үш өңірде ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан әуе рейстері тоқтатылады

Президент жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия шешімдерін орындау үшін 2020 жылғы 22 наурыз күні сағат 00:00-ден бастап халықаралық және жүк рейстерін қоспағанда, барлық қазақстандық әуе компаниялардың Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан тұрақты және тұрақты емес (чартерлік) жолаушылар рейстері тоқтатылады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 19 Наурыз, 2020

Кедендік тексерулерді жүргізу бойынша жекелеген шектеулер енгізілді

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл шаралары аясында және қауіпсіздіктің күшейтілген режиміне көшкендіктен кедендік тексерістер бойынша келесі шаралар тоқтатылды. Бұл туралы Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 19 Наурыз, 2020

Қазақстан велоспорт федерациясы жаңа жұмыс режиміне көшті

Қазақстан велоспорт  федерациясы 2020 жылдың 18 наурыз бен 15 сәуір аралығында елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты қашықтан жұмыс істеу форматына көшті. Бұл туралы аталған федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Спорт • 19 Наурыз, 2020

«Барыс» ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіне қатыспайтынын мәлімдеді

Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңі 10 сәуірде жалғасады. Осыған орай, турнирді ұйымдастырушылар «Барыстың» лигаға қайта оралуына мүмкіндік барын айтқан болатын. Алайда, клуб президенті команда үшін биылғы маусымның аяқталғанын айтты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қоғам • 19 Наурыз, 2020

АӘК тағайындау проактивті форматқа ауыстырылды

Әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың көптеп жиналуын болдырмау мақсатында атаулы әлеуметтік көмек проактивті форматта тағайындалатын болады. Шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін енгізіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.