Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21585 материал табылды

Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Telegram-ботты іске қосты

Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Telegram-ботты іске қосты, оның көмегімен пайдаланушылар COVID-2019 коронавирустық инфекциясы бойынша сұрақтарға жауап ала алады.

Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Қоғамдық көлік ішін зарарсыздандыру жұмыстары басталды

Елордада 2020 жылғы 13 наурыздан бастап №1 автобус паркінде жылжымалы құрамды зарарсыздандыру жұмыстары басталды. Автопарк 70 бағдар бойынша қызмет көрсетеді, оның ішінде 40 қалалық, 6 экспресс және 24 қала маңына қатынайтын бағдарлар бар. Жалпы автобустар саны 661 бірлікті құрайды.

Үкімет • 16 Наурыз, 2020

Аэровизуалды тексеру жүргізілді

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр мен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елорда және Ақмола облысының аумақтарын аралап, Қосшы, Ильинка, Қажымұқан, Талапкер, Қоянды, Новомарков елді мекендерінің, Вячеслав су қоймасының, Астана су реттегішінің, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасы бойынша Преображенск су торабының қар қорына аэровизуалды тексеру жүргізді.

Әлем • 16 Наурыз, 2020

COVID-19: Инфекцияға қарсы препарат жасауға мүмкіндік бар ма?

Соңғы үш айда бүкіл әлем Қытайдан шыққан COVID-19 деп аталатын коронавирустың жаңа түрінен туындаған адамзат үшін қауіпті инфекцияның пайда болуы және тез таралуы тура­лы жаңалықты кірпік қақпай бақылауда. Ал күн сайынғы келіп жатқан ақпараттар легі майдан даласынан жеткен хабарларды еске түсіреді: COVID-19 жұқтырған және қайтыс болған адамдардың саны ұдайы өсуде, вирустың таралу географиясы қазірдің өзінде 120-дан аса елді қамтып отыр, 2020 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтерінде ауру жұқтырғандар саны 130 мыңнан асып, қайтыс болғандар саны 5 мыңның төңірегінде, алайда бұнымен тоқтамай бұл көрсеткіштер күн санап өсуде.

Қазақстан • 16 Наурыз, 2020

Аймақтық ынтымақтастық – ортақ табыс кепілі

Қазақстан Республикасының 2020-2030 жылдарға арналған жаңа сыртқы саяси тұжырымдамасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Орталық Азия аймағында көпжақты диалог пен ынтымақтастықты қамтамасыз етудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Қоғам • 16 Наурыз, 2020

Қоғамдық қабылдау тоқтатылады

Елімізде коронавирус таралуының алдын алуға бағытталған шектеу шараларының енгізілуіне бай­ланысты Nur Otan партия­сы­ның барлық қоғамдық қабыл­дауларында тұрғындарды жеке қа­былдау уақытша тоқта­тыла тұрады.

Руханият • 16 Наурыз, 2020

Алмажанның зар мұңы

Тылсым табиғат құдіретіне табындырғысы келе ме, әлде жа­ратушыға жалындырғысы ке­ле ме, әйтеуір, дүлей аптап құм жиегінде отырған елді та­баға салған бидайдай қуырып күй­діріп барады. Сол жылғы алапат ыс­тық қара жерді де тілім-тілім етіп жарып жіберген. Жайық жақтан кешкі самал емес, өрт шар­пығандай, бір түрлі күйік иісі шығатын тәрізді. Сұрқай тір­лікке атойлап қым-қуыт қо­сылған орыс әлділері жер шұ­райынан қазақтарды біртіндеп ығыстырып, әлдінің әлсізді басынуы, ажал құштырып тасынуы белең алған кезі-тін. Әумесер тобыр құдық суына бола, жер жағдайына бола, бас жарып, көз шығару ғана емес, қанды қыр­ғындарды да салып әбден мезі еткен тұс. Әншейін жіп­­ке тізіп, отбасында күңкілмен тынатын алакөздік емес, халықтың ертеңін зар қылатындай қасірет бел­гі берді. Үрей үдеді, өлім кө­бейді. Төбе-төбе молалардың қарасы ұлғайды.

Қазақстан • 16 Наурыз, 2020

Төтенше жағдай кезінде ел шекарасынан кімдер өте алады?

Сыртқы істер министрлігі төтенше жағдай енгізілген кезде ел шекарасынан кімдердің өтуіне шектеу қойылатындығын түсіндірді.

Коронавирус • 15 Наурыз, 2020

Вирус жұқтырғандардың бірі Halyk bank қызметкері болып шықты

Бұл туралы «Қазақстан Халық Банкінің» баспасөз қызметі хабарлады. 

Өнер • 15 Наурыз, 2020

Димаш әлемдік турын кейінге қалдырды

Димаш Құдайберген Прага, Гамбург, Дюссельдорф, Штутгарт және Минск қалаларындағы концерттері болмайтынын хабарлады.