Үкімет • 17 Сәуір, 2023
Премьер-министр Ә.Смайылов өткен аптада Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барып, Жезқазған мыс зауытында, Анненск кенішінде, Жезқазған жылу-электр орталығында, Сәтбаев орталық ауруханасында болды. Бұдан басқа да нысандарды аралап көріп, жұртшылықпен кездесіп, пікір алмасты. Сапар соңында орталық мемлекеттік органдар және өңір әкімдігі басшылары қатысқан Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Қоғам • 16 Сәуір, 2023
Қыз – елдің де, ердің де ажары
Сенекеден «Адам өлген соң қайда барады?» деп сұрағанда, ол «Өмірге қайта оралу үшін кезекке тұрады» деп жауап беріпті. Сөзінің жаны бар сияқты. Ұрпақ неғұрлым көп болса, жарық дүниеге қайта оралу мүмкіндігі арта түсетіндей. Айталық, Абылай ханның 70 баласы болған. Оның кіндігінен атақты Қасым төре, Кенесары, Наурызбай, Сыздық, Шоқандар өрбіді. Антропологтердің дерегіне жүгінсек, Шоқан тіпті Абылай ханның аузынан түскендей, айнымайтын көрінеді. Ал бірлі-жарым баласы бар біз қайтпекпіз? Басымыздың көбеюі үшін мемлекеттік ынталандыру шаралары қажет-ақ. Өкініштісі, бүгінде тұрмыстық жағдайға байланысты жастарымыз некеге тұруға асықпайды. Есесіне некелескендердің үштен бірі ажырасып жатыр. Демографиямыз тасбақаның жүрісіндей қарқынмен дамып келеді. Сонда қалай өркендейміз? Қайтіп ілгері басамыз?
Жастар • 16 Сәуір, 2023
Руханият • 16 Сәуір, 2023
Түркістан тұтастығының рухани-мәдени коды
Бүгін біз рухани азаттықтың негізі ретінде бабалар мұрасын жаңғырту мен дамытудың маңызы туралы сөз қозғасақ та, іс жүзінде бұдан отыз жыл бұрын құтылдық деген бұрынғы отаршылдық парадигма идеологиясының құрсауынан толық шыға алмай келеміз. Біз бұл жерде өзіміздің руханият пен мемлекет арақатынасынан мәдени-рухани сабақтастастық іздейтінімізді айтуымыз керек, ал оны кезінде Кеңес өкіметі өзінің «шеткері ұлттарға» қатысты емін-еркін жүргізген мәдени-таптық ассимиляциялау жобалары аясында аямай қарап келгені жалпыға аян.
Ғылым • 14 Сәуір, 2023
Ғылым саласындағы ұлттық кеңес
Осы аптада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалып, Ұлттық ғылым академиясының жаңа президенті тағайындалды. Бұл оқиғаларды ғылыми қауым қалай қабылдады? Сұрап білген едік.
Жастар • 14 Сәуір, 2023
Жастар саясатын жаңғырту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде жүзеге асып жатқан саяси реформаның негізгі бағыттарының бірі. Бұл бастама көпшілік қолдауына ие болып отыр. Өйткені болашаққа алаңдайтын әрбір саналы адам жастар саясатына бейжай қарамауы керек.
Халық • 13 Сәуір, 2023
Көпэтносты мемлекетте ұлтаралық келісім қоғамдық тұрақтылықтың кепілі болатыны белгілі. Ол сенім мен сабақтастыққа негізделуі керек. Сондықтан ширек ғасырдан астам уақыттағы ұлттық дамудың стратегиялық бағыты мен оның тиімділігіне қайта үңіліп, халықты бір мақсат пен ортақ ұмтылыс негізінде топтастыру мәселесіне жаңа көзқарас қажет. Өйткені бұл мәселенің қоғам өмірінің барлық саласына тікелей қатысы бар.
Ғылым • 13 Сәуір, 2023
Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру мақсатында ұсынып жүрген батыл бастамалары мен маңызды бағдарламалары көпшіліктің көңіліне үміт ұялатып, шынайы әрі кең қолдауға ие болып келе жатқанын сезіп те, көріп те жүрміз. Ал осы межеге абыроймен жеткіміз келсе, Президенттің күрделі кезеңнен шығу жолындағы шұғыл іс-шараларды сапалы іске асыруды талап етіп отырған ұсыныстарына тек жауапты мемлекеттік органдар ғана емес, қоғамның саналы әрбір мүшесінің бейжай қарамай, қолынан келгенше өзіндік үлесін қосып, дер кезінде қолдау көрсеткені абзал.
Руханият • 13 Сәуір, 2023
Аттар Нишапури – әлемдік тұлға
Ақын-жазушыларымен әлемге мәшһүр, тарихы терең парсы әдебиеті орта ғасырлардан бастап саяхатшылар мен ирантанушылардың көмегімен еуропалық тілдерге аударыла бастады. Парсы әдебиетінде әлемдік деңгейдегі ақын-тұлғалардың ішінде қазақ қоғамына «Шығыстың жеті жұлдызы» ретінде танылған Рудаки, Фердоуси, Низами, Хайям, Сағди, Руми, Хафизді атауға болады. Қазақ әдебиетіне парсы ақын-жазушыларының ықпалы болғаны сөзсіз. Әсіресе ұлы Абай мен Шәкәрім шығармашылығынан осы әсерді нақты аңғарамыз. Сондай-ақ Тұрмағанбет Ізтілеуұлының Фердоусидің «Шахнаме» туындысынан Рүстем дастанын қазақ тілінде жырлауы да – Қазақ елінің Иран әдебиетімен таныстығының жалғасуына себепші. Парсы әдебиетінің алтын дәуірін жасаған ортағасырлық ақын-жазушылар Иран әдебиетін күллі әлемге танымал етті. Әсіресе XII-ХІІІ ғасырлардағы парсы әдебиетінің жарық жұлдыздарының қатарынан осы ел әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан Сағди Ширази, Руми мен Низамиді атап өткен жөн. Осындай кіл жүйріктердің замандасы – Аттар Нишапури.
Футбол • 12 Сәуір, 2023
Ұлытау облысы көп нәрсені жаңадан бастап жатыр. Соның бірі – футбол спортын жолға қойып, дамыту. Былтыр облыс әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясы қауымдастығының арасында меморандум жасалып, облыстық футбол қауымдастығын құру, кәсіби футбол клубы мен балалар-жасөспірімдер академиясын ашу көзделген еді.