Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21580 материал табылды

Қазақстан • 02 Наурыз, 2020

Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау шаралары қабылданды

Қазақстан Республикасында коронавирустың алдын алу шаралары қабыданды. Бұл туралы бүгінгі Үкімет отырысында айтылды.

Қоғам • 02 Наурыз, 2020

2 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде күн ашық болады

Синоптиктер дүйсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.

Қысқы спорт • 02 Наурыз, 2020

Дмитрий Рейхард әлем кубогі кезеңінде төртінші болды

Алматыда фристайл-могулдан әлем кубогі кезеңінің кезекті жарыс күні аяқталды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Саясат • 02 Наурыз, 2020

Жұмыс өтілі ретінде есептеледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қала­сындағы ЭКСПО орта­лығы павильонында ел өңір­лерінен келген волонтер жастар делегацияларымен кездесу кезінде оларды толғандырып жүрген екі мәселенің кілтін қолдарына ұстатты. Айталық бұған дейінгі кезде волонтерлік қыз­метпен айналысушылар арасында еңбек өтілінің жай-күйі қалай болар екен деген екі-ұшты ойда жүр­гендер жиі кездесіп қа­латын. Сөз жоқ, олардың бұл алаңдаушылығы өте орын­ды деуге болады.

Руханият • 02 Наурыз, 2020

Бір өзі – бір мұрағат

Тәуелсіз еліміздің ғылымы мен білімінің дамуына ерекше үлес қосқан, мемлекеттік тіл­дің мәртебесін көтеруге аян­бай еңбек еткен белгілі түр­колог-ғалым, Ұлттық ғылым акаде­миясының академигі, филология ғылымдарының докторы, про­фессор Шора Сарыбаев бұл күн­дері 95 жасқа толар еді... Ғалыммен қоштасуға арналған қа­ралы митингіде Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының пре­зиденті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұрат Жұрынұлы: «Қазақстан ғылымы тағы бір көр­некті ғалымынан айырылды. Отандық ғылымды дамытуда өзін­дік орны бар, тіл білімінің тар­ланы дүниеден озды. Келешек ұрпаққа өлшеусіз еңбек қалдырған Шора Шамғалиұлының туған тілге қылған қызметі бәрімізге үлгі бо­лып қала береді...», – деп еді.

Таным • 02 Наурыз, 2020

Мәні – зор, тағылымы – мол

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевтың «Амал –ауызбіршілік мерекесі» атты мақаласы өте мазмұнды екен. Парасатпен парықтай білгенге мәселе көп. Жаңа ғасыр­да жаңа тұрпатты ұлтқа айналу деген оңай нәрсе емес. Қалыптасқан көзқарастарға бүгінгі биіктен қайта қарау да қажет тәрізді.

Таным • 02 Наурыз, 2020

Ата аманатына адал ұлт

Чешен ұлтын жас кезімнен білемін. Өткен ғасырдың 60-70 жылдары Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы Жосалы механикалық зауытында қазақ, орыс, чешен, грек және басқа көптеген ұлт пен ұлыс өкілдерімен қоян-қол­тық араласып еңбек еттік. Әсіресе Вахид Губановпен сыйластықта болдым. Мен зауытқа жұмысқа орналасқан кезде Вахид аға ауысым бастығы екен. Токарь, сле­сарь, фрезеровщик мамандықтарын игердім, бастауыш комсомол ұйымына, кәсіподақ комитетіне жетекшілік еттім, сосын 17 түрлі геологиялық бұрғылау жұмыстарының өнімдерін шығаратын 150-дей жұмысшысы бар механикалық цехқа жетекшілік еттім. Вахид аға сол баяғы қызметінде жүріп зейнеткерлікке шықты. Кейін марқұм болды. Мұны айтуымның себебін түсіндірейін.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Бейбіт дәуірге жеткізді

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күнінің мәнін кезінде тағ­­­дыр тауқыметін тартып, де­­­пор­тацияның ащы дәмін сез­­­ген этностардың бүгінгі ұр­­­пақ­­тары жақсы біледі. Кеңес­­тік қуғын-сүргін сал­да­­р­ы­­нан туған жері­нен күш­­теп қоныс аударылған ата-ба­ба­мыз сол дәуірдегі сола­қай сая­саттың құрбаны болды. 

Қоғам • 02 Наурыз, 2020

Жақсы аттанды демессің, сүйем десем...

Барлығымыз көптен күткен көктем биыл бесінші мәрте Алғыс айту күнімен басталып отыр. Бұл – кең-байтақ Қазақстанды мекен еткен барлық этностың осынау ұлы өлкеге шынайы риясыз сезіммен алғыс білдіретін, тәубе етіп, тағзым ететін күні.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Дархан халқыма ризамын

Елімізде бірнеше жыл қатарынан маңызды да ауқымды мереке – Алғыс айту күні аталып келеді. Көктемнің алғашқы күні, яғни 1 наурызда мерекеленетін бұл күн – елжандылықтың, қазақстандық патриотизмнің және ымыра бірліктің көрінісі. Бұл – тағдыр тәлкегімен қуғынға ұшырап Қазақстанға қоныс аударған этностардың Қазақ еліне ризашылығы мен бір-біріне деген риясыз құрметінің күні.