Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21580 материал табылды

Руханият • 02 Наурыз, 2020

Айналамызға алғыс айта жүрейік, ағайын

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Қадірлі отандастар! Ардақты ағайын!  

Қоғам • 02 Наурыз, 2020

Бақ-береке – бірлікте

Қазақстанның Тұңғыш Прези­ден­­ті – Елбасы Нұрсұлтан На­з­ар­баевтың мемлекет қайрат­кері ретінде тұлғалық деңгейі бей­біт­­шілік пен келісім саясатынан айқын көрінеді. Осы саясатының ар­қасында бәріміз гүлденген тұрақ­ты елде өмір сүріп жатырмыз.

Аймақтар • 02 Наурыз, 2020

Қашқансудан құт таптық

Біз – Қармақшы ауданындағы Қашқансу аумағына кешегі депортация кезінде Қап тауынан келгендердің ұрпағымыз. Әкелеріміз сол бір қиын-қыс­тау шақта қабақ шытпай, қайта қолындағы барын берген қазақ­тар­дың қонақжайлығы туралы айтып отыратын. Өзімнің де кішкентайдан бірге өскен достарымның арасында қазақ жігіттері көп.

Қоғам • 02 Наурыз, 2020

Қазақпен біте қайнасып кеттік

Біз қазақ ауылында туып-өстік, анамыз алты ұл мен қызды аман-есен жетілдірді. Әкем соғыс мүгедегі еді, ерте қайтыс болды. Ұжымшардың төрағасы Әлкен ағай үнемі біздің үйге қарасып, бір сиырымыз бен бес-алты ұсақ тұяқтың жем-шөбін, үйімізге жағатын отынның кем болып қалмауын көзінен таса қылмай, қадағалап жүретін.

Таным • 02 Наурыз, 2020

Елге, Елбасына алғыс айтамыз

Қазақ жерін өз Отаны деп санайтын этностар Қазақстанға тағдырдың теперішіне тап келген түрлі кезеңдерде келгені хақ. Солардың бірі – поляк ұлтының өкілдері. Бүгінде олар осынау қасиетті де, киелі топыраққа тастай батып, судай сіңіп қазақ халқымен бірге тату-тәтті тірлікте өмір сүріп, еңбек етіп келеді.

Руханият • 02 Наурыз, 2020

Қазақ елі – бойтұмарымыз

Мен 1947 жылы қазіргі Ека­тер­инбург облысы Камень-Уральск (Ресей) деген қалада өмірге келдім. Анам Мария Павлова мен әкем Иван Петрович еңбек армиясында болған, Беларусь елінен осы жаққа жіберілген, кейін 54-жылдары тың игеру кезінде Павлодарға, Ертіс ауданына келеді.

Әлем • 02 Наурыз, 2020

Иранда коронавирустан көз жұмғандар саны 54-ке жетті

Иранда 54 адам коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы Иран Ислам республикасы денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Киануш Джаханпур мәлімдеді.

Әлем • 02 Наурыз, 2020

Түрік әскері Башар Асад режимінің SU-24 маркалы екі ұшағын атып түсірді

Түрік әскері Сирияның Идлиб аумағында Башар Асад режимінің SU-24 маркалы екі ұшағын атып түсірді. Бұл туралы Түркияның ұлттық қорғаныс министрлігі хабарлады.

Спорт • 01 Наурыз, 2020

«Барыс» ресейлік «Металлург» хоккей клубын 4:0 есебімен ұтты

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасы плей-офф сатысында Ресейдің «Металлург» командасымен алғашқы кездесуін өткізді.

Видео • 01 Наурыз, 2020

Президент Сортөбе ауылында дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесті (видео)

Мемлекет басшысы Сортөбе ауылындағы мәдениет үйінде дүнген диаспорасының өкілдерімен кездесті.