Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19796 материал табылды

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020

Құрылыс маусымына дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Елімізде автомобиль жолдары саласында жобаларды іске асырып жатқан компаниялар осы жылдың сәуіріне дейін құрылыс қажеттіліктерінің жылдық қорының 70% дайындауға міндетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 20 Қаңтар, 2020

Елімізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып келеді

Қазақстанда мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу аяқталды. Ол Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде атқарылды. «Зор рух» қайырымдылық қоры жүргізген мониторинг мақсаты - мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, рәсімдеріне және қолжетімділігіне қазақстандықтардың қанағаттану деңгейін анықтау. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Спорт • 20 Қаңтар, 2020

Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері халықаралық додада бес медаль алды

18-19 қаңтар күндері Ниццеде (Франция) грек-рим күресінен гран при бәсекесі өтті. Қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері халықаралық додада бес медальға қол жеткізді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қоғам • 20 Қаңтар, 2020

Елордада қар шығаруға арналған 4 полигон жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан қаласының әр ауданының өзіне тиесілі 4 қар полигоны бар. Бұл полигондарға ірі мекемелер, құрылыс дүкендері, ойын-сауық орталықтары, жеке меншік мекемелер қар шығара алады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Экономика • 20 Қаңтар, 2020

Шағын және орта бизнес корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджетке түседі

Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы жергілікті бюджеттерге қосылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020

Сабаннан жасалған қалашық

Жаңа жыл қарсаңында Қарасу ауданының Жалғызхан елді мекенінде есте қаларлық ерекше мүсіндер қойылды.

Аймақтар • 20 Қаңтар, 2020

Алматыдан 356 км қашықтықта жер сілкінді

Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 20 қаңтар күні Алматы уақытымен 09 сағат 17 минут 18 секундта жер сілкінісін тіркеді. 

Қоғам • 20 Қаңтар, 2020

Отанға қызмет – ортақ парыз

Тәжік-ауған шекарасында қызметін өтеген қазақстандық әскерилер және қаза тапқан 17 жауынгер туралы «Қазбат» атты көркем фильм түсі­рілген болатын. Сол 7-рота командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болған, бүгінде құрметті зейнет демалысына шыққан запастағы полковник Берік Омаров әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлік пен жа­нқиярлық үлгісі үшін ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған-ды. Пол­ковник Берік Ілесбекұлымен болған сұхбат тәжік-ауған шекара­сын­да­ғы әскери қызмет жөнінде өрбіді.

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020

Абай Тасболатов: Әскері қуатты ел алаңсыз өмір сүреді

Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы еліміздің қорғаныс қабілеті Отан қорғаушылардың біліктілігіне, жауынгерлік және патриоттық рухына байланысты екенін айқын түсінді. Сондай-ақ Тұңғыш Президент Н.Назарбаев Қазақстан Қарулы Күштері құрылған жылдардан бері әскерді қалыптастыру үшін заң үстемдігінің маңыздылығына, әскери тәртіптің нық болуына жіті назар аударып: «Біз — егеменді елміз, және де қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі сыртқы және ішкі саясатымызды қалыптастыру ісінде жалпы құрылымында іргетас болуы тиіс.Сол себепті бізге заманауи, соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтылған, жоғары мобильді, егеменді елімізді қорғау мүддесі үшін кез келген жағдайда әрекетке дайын жаттыққан, үйренген әскер қажет», деген болатын.

Қазақстан • 20 Қаңтар, 2020

Ауыл шаруашылығы министрлігі мал экспортын тоқтатты

Тірі малдың жаппай экспорты ет өнімдері бағасының өсуіне негіз болды. Сонымен қатар қалыптасқан жағдай қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдарының жүктемесінің төмендеуіне алып келді. Орташа алғанда 2019 жылы қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары өз қуатын толық пайдалана алмаған. Олардың толық жұмыс істемеуінің негізгі себебі тірі малдың жаппай экспортының салдарынан шикізат тапшылығы болды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.