Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
Елордада боранға байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді
Елордада боранның кесірінен 32 әуе рейсінің уақыты кейінге шегерілді. Одан бөлек, қала маңындағы елді-мекендерге қатынайтын қоғамдық көліктердің де жұмысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2020
Елордада екінші ауысымда оқитын оқушыларға сабақ болмайды
Елордада екінші ауысымдағы мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы хабарлады.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
ОҚМУ шәкіртақыны бірінші болып көтерді
Шымкенттегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттер мен магистрант, докторанттардың стипендиясының көлемін еліміздегі жоғары оқу орындары ішінде алғаш болып көтерді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 23 Қаңтар, 2020
«Балқаш» әуеайлағы күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
«Балқаш» әскери әуеайлағы енді кез-келген жойғыш, бомбалаушы, әскери-көлік авиациясы сынды ұшу аппараттарының, сонымен қатар, Boeing және Airbus түріндегі ауыр салмақты тікұшақтары қонып, ұшатын болады. Әуеайлақ пайдалануға берген сәттен кейін 52 жылдан соң жөндеуден өткен. Алғаш рет 52 жыл ішінде әуеайлақта күрделі жөндеу жүргізілді, ол 2 жылға созылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Абай • 23 Қаңтар, 2020
Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы «Ертіс» мультимедиалық музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Абай мұрасы» атты көрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл туралы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2020
Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы қар тазалау жұмыстарын жүргізу барысын тексерді
Аймақ басшысы қаланың орталық көшелерін аралап, Зеленстрой, Восточный және Екінші Павлодар шағын аудандарында болды. Ол қалалық басшылар мен коммуналшыларға әлеуметтік нысандардың жанындағы жолдар мен жаяу жүргіншілер жолақтарын тазалауға баса назар аударуды тапсырды. Бұл туралы Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2020
Марат Қожаев әскери қызметшілерді марапаттады
Министрдің бірінші орынбасары Марат Қожаев аға лейтенант Айдос Сәдуов пен сержант Жандос Шаймардиновты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальдармен марапаттады. 2019 жылғы желтоқсан айында кезекті патрульдеу барысында олар жоғары вольтты кабель ұрлауға әрекет жасаған төрт адамды қолға түсірді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 23 Қаңтар, 2020
Нұр-Сұлтанда «Біз біргеміз» челленджі бастау алды
Елорда жастары әлеуметтік желіде қар тазалау бойынша челленджді бастады. Олар тұрғындарды өз ауласындағы қарды тазалап, оны бейнежазбаға жазып, #Бізбіргеміз хештегімен әлеуметтік желіге салуға шақырады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Абай • 23 Қаңтар, 2020
Ақын музейінде хакім Абайдың 175 жылдығы бастау алды
Абайдың мемлекеттік қорық-музейінде Ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай «Абай. Уақыт. Өнер» көрмесі ашылды. Бұл туралы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық музейінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 23 Қаңтар, 2020
Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО өкілі Криста Пикатты қабылдады
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Тәжікстан, Қырғыз еліндегі өкілі, Алматыдағы ЮНЕСКО бюросының директоры Криста Пиккатты қабылдады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.