Парламент • 22 Қаңтар, 2020
Мәжіліс бірқатар ратификациялық заң жобаcын мақұлдады
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің кезекті жалпы отырысы өтіп, депутаттар Бразилиямен адамдарды ұстап беру, сонымен бірге, аталған елмен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды мақұлдады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
Қазақстанда ауа райына байланысты бірқатар тасжол жабылды
Ауа райының қолайсыздығынан республикалық маңызы бар 4 тасжолда қозғалыс шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Руханият • 22 Қаңтар, 2020
18 мыңнан астам қазақстандыққа Абай есімі берілген
18 232 қазақстандықтың есімі ақын, ағартушы және философ, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының құрметіне қойылған. Бұл туралы Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 22 Қаңтар, 2020
Инвестициялық саясатты іске асыру мәселелері талқыланды
Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың басшылығымен Қазақстан Республикасында инвестициялық саясатты іске асыру туралы пікірталас өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 22 Қаңтар, 2020
Президент Тимур Құлыбаевты қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына бизнес секторының ахуалы, отандық кәсіпкерліктің проблемалары, сондай-ақ Ұлттық кәсіпкерлер палатасының осы саладағы қызметінің қорытындылары туралы ақпарат берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2020
Нұр-Сұлтан қаласында екінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды
Бүгін елордада екінші ауысым оқушыларына сабақ тоқтатылды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Семей: Облысқа МӘМС жүйесін енгізу дайындығы талқыланды
2020 жылдың 1 сәуіріне дейін барлық қазақстандықтар шартты түрде сақтандырылған болып саналады және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық көмек пакетіне сүйенетін медициналық қызметтерді ала алады. Бұл туралы Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 22 Қаңтар, 2020
Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2020
Қазақстанда «Ақылды» өңірлердің рейтингі құрылды
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі өңірлердің цифрландыру саласында жүргізген жұмыстарына баға берді. Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалалары көшбасшылар қатарына енді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2020
Түркістан облысында 4 мыңнан астам мектеп қызметкерлері электронды жүйемен жұмысқа орналасқан
Түркістан облысындағы барлық мектепте жұмысқа қабылдаудың автоматтандырылған jumys.snation.kz жүйесі ендірілген. Аталған жүйе жалпы орта білім беру ұйымдары педагогтарын жұмысқа қабылдауды және конкурстық тағайындау барысын автоматтандырады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.