Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Елорданың автопаркі 100 жаңа автобуспен толығады

«Астана LRT» ЖШС елордаға жаңа 100 электроавтобус сатып алынатыны туралы мәлімдеді. Сатып алынатын көліктің артықшылықтары туралы қалалық әкімдікте өткен брифингте айтылды.  Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Парламент • 03 Қазан, 2019

Әлеуметтік сала министрлері сенаторларға жаңа заң жобаларының әзірлігі туралы хабардар етті

Парламент жоғарғы палатасында Сенат Бюросы мүшелері еліміз Үкіметінің әлеуметтік сала министрлерімен жұмыс бабында кездесу өткізді. Онда үкімет мүшелері Сенат қарауына енгізілген заң жобалары туралы әңгімеледі. Бұл туралы Парламент Сенатының  баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 03 Қазан, 2019

Астаналық саябақта жаңа Kunshyaq инклюзивтік алаңы ашылды

Астаналық саябақта жаңа Kunshyaq инклюзивтік алаңы ашылды. Бұл қалалық және Есіл аудандық әкімдігі, АҚШ елшілігі мен «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің арқасында пайда болды.  Бұл туралы елорда  әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Бердібек Сапарбаев пен Алтай Көлгінов елордадағы мектеп ауласына ағаш отырғызды

Елімізде «Эко сағат» республикалық акциясы басталды. Елорда мектептерінің аумағында 2,5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. «Эко сағат» республикалық акциясына министрлер, мемлекеттік органдардың басшылары, аудан әкімдері, оқушылар, мұғалімдер және қала тұрғындары қатысты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 03 Қазан, 2019

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиге келді

Мемлекет басшысы «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысу үшін Сочиге келді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Руханият • 03 Қазан, 2019

Алматыда Кәріпбек Күйіков картиналарының көрмесі ашылады

Бүгін алғаш рет Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазақстандық суретші, ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалыстың белсендісі Кәріпбек Күйіковтың жеке көрмесі ашылады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 03 Қазан, 2019

Нұр-Сұлтанда 11-12 қазан күндері «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы өтеді

11-12 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Көрме» орталығында әр өңірден іріктеліп, үздік атанған отандық тауар өндірушілер жиналатын «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы өтеді. Шараға республиканың әр өңірінен үздік тауар өндірушілер жиналады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Саясат • 03 Қазан, 2019

Министрлер айыппұл төлеуі тиіс

Сенатта бюджеттің тиімсіз орындалғаны үшін шенеуніктердің жауапкершілігін арттыру ұсынылды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 03 Қазан, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев «Валдай» халықаралық пікірталас клубының отырысына қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 3 қазанда Сочи қаласында өтетін «Валдай» халықаралық пікірталас клубының ХVI отырысына қатысады. Шара әлемдік саяси құрылымдағы Шығыстың рөлін талқылауға арналады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Қоғам • 03 Қазан, 2019

Елордада 7 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты

2019 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша Нұр Сұлтан қаласында 7 277 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 4 939 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 2118 адам немесе 44% тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.