Руханият • 14 Қаңтар, 2020
Біздің жыл санауымыздан мыңдаған жылдар бұрын алақандай Грекия бүкіл адамзатқа «өркениет» деп аталатын ұғымды құрайтын өмірдің барлық компоненттерін таратты. Тарих, философия, шешендік өнер, заңнама, мемлекеттік құрылым, демократия, парламенттік басқару, жоғары билік (сенат), сөз бостандығы мен адам құқығы сияқты қоғамның жетілген формасымен қатар театр, драматургия, спорттың олимпиадалық түрін де өмірге алып келді. Қоғам өмірінің дамуында адамзат бұл компоненттерден әлі де алыстап кете қойған жоқ. Ұлы тарихшылар мен философтардың еңбектері күні бүгінге дейін мәнін жоймаған аспандағы адастырмас жарық жұлдыздай барша әлемге нұрын шашып, бағыт сілтеп келеді. Ал Платонның шәкірті, Македонскийдің тәрбиешісі Аристотель болса театр теориясын дүниеге алып келді, бүкіл театр әлемі сол теорияны күні бүгінге дейін басшылыққа алудан бас тарта қойған жоқ. Театртану ілімі мен театр өнеріне байланысты жоғары оқу орындарының бәрінде Аристотель теориясы оқытылып келеді.
Технология • 14 Қаңтар, 2020
Жасанды интеллектімен бетпе-бет
Жақында экономика ғылымдарының докторы Кәрім Мәсімовтің «Келешектің әміршісі. Жасанды интеллект» деген кітабы қолыма түсті. Кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасына әлемде бизнестің танымал қайраткерлері – экономист, Еуропа қайта құру және даму банкінің бірінші президенті Жак Аттали, Ресейдің мемлекет қайраткері Герман Греф, тарихшы, саясаткер, стратег Эдвард Люттвак, доктор Ванли Ман, профессор Лин Шао және басқа да тұлғалар жоғары баға берген екен. Доктор Ванли Ман кітаптың маңызын Қазақстан үшін мемлекеттік деңгейде жасанды интеллект арнайы стратегиясын әзірлеуге жолбасшы дайын еңбек деп атап көрсеткен.
Президент • 13 Қаңтар, 2020
Президент Бақыт Сұлтановты қабылдады
Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына ішкі және сыртқы сауданы дамыту, экспортқа шығарушыларды қолдау, интеграциялық үдерістер, ішкі нарықты контрафактілік өнімнен қорғау сияқты министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент • 13 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасын қабылдады
Кездесу барысында жаңа судьяларды іріктеу, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен кадрларды ілгерілету ісін объективті жүргізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
ШҚО: 2020 жылдың І тоқсанында 70 мыңға жуық адам АӘК алады
5 қаңтардан бастап облыстың барлық 19 аудан және қалаларында АӘК тағайындау үшін құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жұмыспен қамту орталықтарына 4400-ден астам адам кеңес алды, 637 өтініш учаскелік комиссияға жіберілді. Жалпы, 2020 жылдың І тоқсанында облыста 70 мыңға жуық адам АӘК алады деп жоспарлануда. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2020
МӘМС: 2020 жылы тегін берілетін дәрі-дәрмектер
МӘМС жүйесін енгізу кезінде балаларды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 192 дәрі-дәрмек айқындалды. 192 атау 18 жасқа дейінгі балаларды амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тізбесіне енгізілді. Оның 157 атауы сатып алынды және жөнелтуге дайын. Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар алаңында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқармасы төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп мәлімдеді.
Спорт • 13 Қаңтар, 2020
«Астана» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
Роман Григорчук елордалық «Астана» футбол командасының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жарияланды.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі
16 қаңтардан бастап теміржол арқылы өтетін көпірдің тірек бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Ш.Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеледі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Алматы әкімдігі жеке жер телімдерін нарық бағасы бойынша сатып алады
Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Алматы қаласы жер қатынастары басқармасының басшысы Ардақ Самамбетов «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар аясында әкімдіктің жаңа құзыреті туралы әңгімеледі. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 13 Қаңтар, 2020
Н.Мұқышев Ақтөбе облысының тұрғындарына АӘК көрсетудің жаңа тетіктерін түсіндірді
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жергілікті тұрғындарға атаулы әлеуметтік көмектің (бұдан әрі – АӘК) жаңа форматын тағайындау тетіктерін және көпбалалы отбасыларды мемлекеттік қолдаудың жаңа шараларын түсіндірді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.