Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22516 материал табылды

Үкімет • 14 Қаңтар, 2020

Марғұлан Баймұхан Дирк Виземен келіссөздер өткізді

Сыртқы істер министрінің орынбасары Марғұлан Баймұхан Германия үкіметінің Ресеймен, Орталық Азиямен және «Шығыс серіктестігі» елдерімен ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі, Германия Бундестагының депутаты Дирк Виземен келіссөздер өткізді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Маңызды басымдықтар айқындалды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақтың ұлы ақыны, ойшыл-философы, қоғам қайраткері Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Қазақстан халқын ұлы Абайдың мұралары мен еңбектерін қайта зерделеу, парасат-пайымын қажетімізге жаратуға шақыра отырып, қазақ қоғамын дамытудың алдағы жүзжылдықтағы маңызды басымдықтарын айқындап берді.

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Тағылымы мол мақала

Бір ғасыр бұрын халқымызға жөн сілтеген Абайдай тұлғаның тағылымы бүгін де маңызын жоймады. Оның білім мен ғылымға шақырған өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы айқын көрініс табады.

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Қазақты сақтап қалған ұлы тұлға

Ұлы ойшыл, философ, ақын Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін сала отырып, өзі өмір сүрген замандағы әлеуметтік, қоғамдық мәселелерге тереңнен қарап, сол кезеңдегі халықтың қилы тағдырына алаңдаушылығын шығармалары арқылы жеткізіп отырды.

Әдебиет • 14 Қаңтар, 2020

Түркі әлемінің ұлы ойшылы

Абай Құнанбайұлы – заманауи қазақ әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қазақ мәдениеті үшін де, бүкіл түрік әлемі мәдениеті үшін де маңызды тұлға. Ол қазақ тіліне, жалпы руханиятына, сондай-ақ бүкіл түркі әлемінің әдебиеті мен мәдениетіне жаңашылдық пен байлық әкелді, қаламының күшімен әлемді таңғалдырды. Өлеңдерінде де, қара сөздерінде де қазақ мәдениеті мен түрік мәдениетін әр қырынан танытты.

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Адалбақанның алар орны ерекше

Жазы жайлауда, қысы қыстауда көшіп-қонып жүрген қазақ халқының негізгі баспанасы – киіз үй болғаны бел­гілі. Ұлтымыздың көшіп-қону тәжірибесінен туындаған киіз үй – жаздың ыстығы мен қыстың суығынан, күннің ап­табы мен түннің дым-сызынан сақтаған. Көшпелі тұр­ғын үй – тез жығып, шапшаң тігуге, яғни көшіп-қонуға ыңғайлылығымен талай ғалымдарды таңғалдырған. Шын­дығында да, жарты сағат ішінде жығып-артуға, жар­ты сағат ішінде көліктен түсіріп, құрастырып алуға болатын мұндай үй бүгінге дейін еш жерде ойлап табылмады десек артық айтқандығымыз емес.

Парламент • 14 Қаңтар, 2020

Өңірлерге сапарлар жалғасып жатыр

Руханият • 14 Қаңтар, 2020

Сын түзелді, тыңдаушым, сен де түзел

«Батыр сөйлей қалса, жауға салған ойранын айтады, Ақын сөйлей қалса, қызық думан тойдағыны айтады», демекші қазіргі кезеңде көкірек көзі ашық, көңілі ояу екі адам сөйлей қалса, білім-ғылым саласындағы қалың елді толғандырған қай-қайдағыны, жай-жайдағыны айтатынын байқап жүрміз. Біреу шындығында мәселенің мәнісін біліп айтады, ал енді біреу «тисе терекке, тимесе бұтаққа» деп түк білмесе де білгішсініп айтады. Бұндайды атам қазақ «Білмейтіндерден білгішсінетіндер жаман», деп шешіп қойған. Мұны бұқаралық ақпарат құралдары да, интернеттегі әлеуметтік желілер де әңгіме өзегіне айналдырғалы біраз болды. Бұл жайдан-жай емес. Өйткені құстың қос қанаты, яки адамның екі қолы секілді осынау екі сала – бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірінің күні жоқ, бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сәуле-шуағын түсіріп, нәрлі нұрын шашатын қоғам өмірінің, тұтас ел болашағының ең өзекті буыны.