Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19561 материал табылды

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Алматы және Қостанай облыстары елордадағы жәрмеңкеде өнімдерін ұсынды

Осы демалыс күндері жәрмеңкеде Алматы және Қостанай облыстары өз өнімдерін ұсынуда. Қала тұрғындары азық-түлікті төмен бағамен сатып ала алады. Барлығы 380 тонна (Қостанай облысы) және 330 тонна (Алматы облысы) көлемінде 100-ден астам өнім түрі ұсынылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Ақтөбеде әскери-патриоттық тәрбие беру аясындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі мен Ақтөбе облысының әкімшілігі және «Жас Сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігі арасында Меморандумға қол қойылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 07 Қыркүйек, 2019

Екінші қазақстандық бітімгерлік рота Ливандағы БҰҰ-ның миссиясын жалғастыруда

Қазақстан Қарулы Күштерінің 120 әскери қызметшіден құралған екінші бітімгерлік ротасы бес ай көлемінде Ливандағы БҰҰ-ның миссиясында қызмет етуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2019

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді

Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-де жазды.

Аймақтар • 07 Қыркүйек, 2019

Елордада демалыс күні қайда баруға болады

Нұр-Сұлтанда күн сайын түрлі бағыттағы қызықты шаралар өтіп жатады. Алдағы демалыста қала тұрғындары мен қонақтары тарихи көрме, классикалық музыка кеші мен «Астана Марафон 2019» халықаралық марафонына қатыса алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан • 07 Қыркүйек, 2019

7 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Жекелеген өңірлерде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ күтіледі. Солтүстікте және орталықта тұман болса, батыс және оңтүстікте сенбі жауын-шашынсыз өтетіні болжанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады. 

Президент • 06 Қыркүйек, 2019

Қ.Тоқаев Арыс қаласындағы төтенше жағдайда ерекше көзге түскен азаматтарды марапаттады

Мемлекет басшысы 24 маусымда Арыс қаласында болған төтенше жағдай кезінде және қару-жарақ қоймасындағы жарылыстың салдарын жою барысында ерекше көзге түскен еліміздің азаматтарына мемлекеттік наградалар тапсырды. «Ақорда» резиденциясында өткен салтанатты жиында 40 адам марапатталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан • 06 Қыркүйек, 2019

Бауыржан Байбек: Айтыс сүйер қауымға жариялар сүйінші хабарымыз бар

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтыс сүйер қауымға сүйінші жаңалығын жариялады. «Nur Otan» партиясы  жыл бойы жер-жерде аламан айтыстар ұйымдастыруды қолға алды. Бұл туралы Б. Байбек Instagram желісінде жазды.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2019

«Бақытты отбасы» және «7-20-25» ипотекалық бағдарламасының айырмашылығы неде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мәлімдеген «Бақытты отбасы» бағдарламасы мен «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы арасындағы айырмашылықтар бойынша азаматтар тарапынан келген сауалдарға қатысты «Баспана» ипотекалық ұйымы түсінік берді.