Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Аймақтар • 16 Шілде, 2019

Өнер қонған өлке

Шығыс Қазақстан облысы Абыралы ауылындағы Әміре Қашаубаев атындағы Қайнар халық театрының құрылғанына биыл 50 жыл толып отыр. Жарты ғасырлық тарихы бар аталмыш театр сахнасында көптеген таланттар өнер көрсетті. Осы мезгіл ішінде өнер ұжымы 300-ден аса спектакль қойыпты.

Тағайындау • 16 Шілде, 2019

Құрманғазы оркестрінің жаңа басшысы тағайындалды

Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық xалық аспаптар оркестрінің жаңа директоры болып Қуанышбек Мұхангалиев тағайындалды.

Қоғам • 16 Шілде, 2019

Жүрегім ауырмасын десеңіз...

Жүрек-қан тамыры аурулары әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтау саласының басты проблема­ларының бірі болып отыр. Бұл көбіне ересек адамдарды мүгедектікке немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52 пайызын жүрек-қан тамыры аурулары құрайды.

Экономика • 16 Шілде, 2019

Инфляция ырыққа көне ме?

Сарапшылардың айтуынша теңгенің өзіндік құнына геосаяси ахуал, халық­аралық сауда мен мұнай нарығы секілді сыртқы факторлардан гөрі халықтың жалақысы, әлеуметтік жағдай мен «қарапайым заттар экономикасы» көбірек ықпал етіп отыр.

Тарих • 16 Шілде, 2019

Ұстаздарым ұстаз тұтқан Үсебаев

Мен «Социалистік Қазақстанның» өткендегі тарихын еске алсам, өзім алғаш сол жерге қызметке келген кездегі бас редакторымыз Кеңес Үсебаевтың кескін-келбетін де бірден көзге елестетемін. Сырт бейнесі сұсты, тым ресми, бос сөйлеп, жеңіл әзіл айтпақ түгілі, езу тартып күлу дегенді білмейтін шығар деп ойлайтын бұл басшымызбен рас, мен тым жақын жұмыс істестім, етене таныс-біліс едім деп мақтана алмаймын. Олай болмақ түгілі, аптасына бір рет өтіп тұратын летучканың (лездеме) өзінде де көзіне көрінбеуге тырысып, бөлім меңгерушілері мен замзавотделдердің (аға әдеби қызметкер Тәжібай Битаев ағамыздың шығарған аты) арт жағында бұғып отыратынбыз. Әйтсе де бір-екі айдың ішінде-ақ бас редакторымыздың біраз сырына қаныққандай болдым...

Қазақстан • 16 Шілде, 2019

Азаматтардың табыс деңгейін арттыру – басты мақсат

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Бұл Мемлекет басшысының жаңадан жасақталған Үкіметтің кеңейтілген отырысына алғаш қатысуы. Отырыста кейбір орталық органдардың жұмысына Президент тарапынан сын айтылып, сөгіс те берілді.

Президент • 15 Шілде, 2019

Қазақстан Президенті әкімдермен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент • 15 Шілде, 2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді

Жиынға Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей бағынышты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

15 Шілде, 2019

Үкіметтің «Жаңа күн тәртібін» іске асыру

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізді. Жиынға Премьер-Министр, Президент Әкімшілігінің Басшысы, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, Қазақстан Президентіне тікелей бағынышты орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.