Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 15 Шілде, 2019

Елордада «Routes Silk Road 2019» халықаралық форумы басталды

Тәуелсіздік сарайында жаңа әуе рейстерін ашуға және дамытуға бағытталған «Routes Silk Road 2019» халықаралық форумы өтіп жатыр деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Тағайындау • 15 Шілде, 2019

Қайрат Төребаев Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов ведомствоның жаңа вице-министрін таныстырды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

15 Шілде, 2019

"Baqytty bala" танытқан балғын жұлдыздар – Айкерім Тілеубек пен Ислам Балкоев

Әлемге жарқын да жас жұлдыздарды сыйлаған "Baqytty bala" ІІ ашық фестиваль конкурсының бас жүлдегерлері 2 000 000 теңге алды. Ал ресейлік "Голос. Дети" телевизиялық шоуының жұлдызы "Baqytty bala" атты қазақстандық фестиваль конкурсының жеңімпазы атанды.

Қоғам • 15 Шілде, 2019

Президент: Дәстүрлі БАҚ емес, әлеуметтік желілер ақпараттың негізгі көзі болды

Әрбір мемлекеттік қызметші жетекшілік ететін мәселелер бойынша әлеуметтік желілерде белсенді болуға тиіс. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қ. Тоқаев айтты деп хабарлады zakon.kz.

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Сенатор Арыстан келген балалар тобын қарсы алды

Арыс қаласының балалары 12 шілде мен 3 тамыз аралығында демалу үшін Алматыға келген болатын. Олар қала маңында орналасқан «Өрнек» жазғы сауықтыру лагерінде демалатын болады. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Астана LRT кейбір маршруттардың бағдарлары өзгерді

Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне және Республика даңғылындағы көлік құралдарының қозғалысын уақытша шектеуге байланысты 17 шілдеден бастап 13 автобус маршруттарының қозғалыс сызбасын уақытша өзгерту жоспарлануда деп хабарлайды «Астана LRT» ЖШС.

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Алматы қаласының әкімдігі жарықтың өшіп қалу себебін түсіндірді

Алматы қалалық Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы тұтас қаланың жарықсыз қалуының себебін түсіндірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Аймақтар • 15 Шілде, 2019

Сенатор Қаражалдағы жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты

Сенат депутаты Рысқали Әбдікеров жұмыс сапарымен Қарағанды облысындағы Қаражал қаласында болды. Сенатор жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысып, аз қамтылған азаматтарға берілетін атаулы әлеуметтік көмекті беру туралы әңгіме өрбітті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет • 15 Шілде, 2019

2019 жылдың бірінші жартыжылдығында экономика өсімі 4,1% құрады - Премьер-Министр

Президент Қ.Тоқаев қатысуымен 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан экономикасы өсу қарқынының 2,9%-дан 4,1%-ға дейін үдеуі атап өтілді.

Қазақстан • 15 Шілде, 2019

Moody's «ForteBank» АҚ рейтингін В3-тен B1-ге дейін көтерді

ForteBank рейтингі бірден екі сатыға көтерілді. Бұл туралы 2019 жылғы 15 шілдеде Moody's Investors Service ("Moody's") халықаралық рейтингтік агенттігі ForteBank В3 депозиттері бойынша ұзақ мерзімді рейтингті В1-ге, рейтинг болжамы «Тұрақты» деңгейіне дейін көтергені туралы шешім қабылдағанын хабарлады.