«Баспасөз, жазушылар» мақаласы 1925 жылы «Еңбекшіл қазақ» газетінің №274 санына шыққан.

Газет-журнал үлкен саяси қарудың бірі екендігінде ешкімнің жанжалы жоқ. «Газет халықтың тілшісі, газет көптің жоқшысы, газет тұрмыстың айнасы» деп көптен бері айтып келеміз.
Осы күні Қазақстанда оннан артық қазақ тілінде газет шығып отыр. Бұлардың ішінде өз әлінше жақсылары да бар, жамандары да бар. Бірақ газеттеріміз мойнындағы міндеттерін көңілдегідей атқарып отыр деп мақтана аламыз.
Әрине, Қазақстанның жалпы саяси ұғымы әлі аз ғана. Саясат жүзінде майданға түсіп, төселген жазушылар әлі де көп емес. Әйтсе-дағы төңкерістің жеті жылы түк нәрсеге үйреткен жоқ деп айтуға болмайды.
Жалпы советтер одағының газеттерінің өмірінде соңғы кезде жаңа дәуір туып келеді. Ол жаңа дәуірдің аты – жұмыскер тілшілердің қозғалысы. Осы күні жалпы Ресейде елу мыңнан артық жұмыскер тілшілер бар. Бұл тілшілер фабрик-зауытта қызмет істейтін жұмыскерлер. Олар өздерінің мұң-мұқтажын айтып, газетке сөз жазып тұрады. Әрбір фабрик, әрбір зауыттың тұрмысы газеттің бетінде жарияланып отыруға мүмкіндігі бар.
Елу мың жұмыскерлер тілшілерінің үстіне әлденеше мың тілші орыстың қалаларында бар. Бұлардың жазатыны қаланың тұрмысы, ауыл шаруасының жайы, мұжық арасында болып жатқан уақиғалар.
Сөйтіп, бұл тілшілер газет-журналдың көп тарауына себепкер болып отыр. Өзінің өмірінен жазған соң газет-журнал қалың елдің ішіне кіріп отыр. Мәскеуде шығатын «Правда» газеті бұдан бір жыл бұрын жүз мың данадан аз-ақ артық еді, осы күні «Правда» жарты миллион шығады.
Біздің Қазақстанда шығатын газеттерінің осы күнгі кемшілігінің ең үлкені – ауылда, ел ішінде тілшілерінің аздығы. Әсіресе, «Еңбекшіл қазақ» тілшілерінің аздығынан осы күнге шейін ақсап келеді. Кемшілікті айту ұят емес, бар кемшілікті жоқ деп, одан құтылуға тырыспау – ұят. Көрініп тұрған нәрсеге шымылдық жабудан біз аулақпыз.
Сондықтан осы күнгі біздің алдымызда тұрған үлкен мәселенің бірі – газетке қалың елдің ішінен жазушы жинау.
Қалың елдің ішінде қаншама мұғалімдер отыр. Қаншама мектепте оқып жүрген жастар бар. Ел ішінде хат білетін көңілі сергек қара момын шаруаның адамдары бар, анда-санда жерлерде дәрігерлер, агрономдар бар. Міне, осының бәрі көңіл қойса, газетке сөз жаза алады.
Осы күнгі ауылдың тұрмысы қандай? Шаруашылық не күйде? Халық ағарту жұмыстары қалай? Болисполком, ауылный советтер жұмысты қалай жүргізеді? Сот мекемелері, милиция һәм басқа осы сықылды ауылдың өмірімен қатынасы бар әңгімелердің бәріне қазақ газетінің бетінде орын берілуі тиіс. Газет халықтың тілшісі болатын болса, газет тұрмыстың айнасы болатын болса, қалың елдің ішінде отырған адамдар газетке қолын тигізуі керек. Сонда ғана газет пен ауылдың арасы жуықтайды, сонда ғана газет тұрмыстың айнасы болады.
Ал, енді «газет – көптің жоқшысы» дегенге келейік. Бұл мәселе туралы да бойдағы мінді жасырмай, шынды айту керек. Біздің газеттеріміздің көбінің жазатыны әлі жанжалда жүрген әңгімелер.
Жоқшы болғанда кімнің жоқшысымыз? Іздейтін жоғымыз не? Бұған айқын жауап әлі еш газеттің бетінде берілген жоқ. Кейбіреулер беталдына бетіне бояу жағып еліреді. Кейбіреулер көмескі, дүмбілез әңгімені күңкілдеп жүр. Қазақтың еңбекшілеріне шын саяси тамақ болатын іргелі сөзді неше қабат естідік? Тым аз естідік.
Осы күнгі жалпы қазақ коммунистерінің алдында тұрған негізгі мәселе біздің газет-журналдарымыздың да бетінде тұр. Ол негізгі мәселе – қазақ жұртының ішіндегі тап тартысы. Біз, қазақ жұрты бұрын қорлықта, зорлықта болған ел еді дейміз; өзінің қараңғы, надандығының арқасында осал, нашарлығының арқасында әлі де көп нәрседен кейін қалып отыр дейміз. Сондықтан қазақ жұртын ең әуелі ұлт бостандығына жеткізу керек дейміз – бұл бір мәселе.
Екінші мәселе – қазақ жұрты қанша артта қалғанмен, қаншама шет елден соққы жегенмен өз ішінде де бүтін болған жоқ. Қазақтың ішінде де түрлі-түрлі қазақ бар. Біреуі бай, біреуі кедей. Бұл екеуінің тілегі де, білегі де бір емес. Екеуінің керегі екі басқа. Екеуі екі жоқты жоқтап жүр.
Бұл былай болса, біз кімнің жоқшысымыз? Біздің іздеп жүрген жоғымыз не? Әрине, біз, қазақтың еңбекші табының жоқшысы іздеп жүрген жоғымыз – еңбекшінің ағаруы, еңбекшінің шаруасы, еңбекшінің өмірі.
Жалшы қазақ жұртын ұлт бостандығына жеткізуге тырысу керек. Бірақ мұнымен қабат, қазақтың өз ішіндегі тап тартысын да ескеру керек.
Бұл мәселе – біздің осы күнгі алдымызда тұрған көп мәселенің ішіндегі ең зоры, ең қиыны, ең түйіншектісі. Осы түйіншекті шешу, тым болмаса, соны шешуге кірісу – біздің газет-журналдың үлкен міндеті.
Ауылдың қазіргі мұң-мұқтажын жазып көру үшін бізге қалың елдің ішінен жүздеген, мыңдаған тілшілер керек.
Қазақ тарихының соңғы айтылған негізгі мәселесін шешу үшін бізге іргелі білім алған ірі коммунист жазушылары керек.
Бұлардың бәрін қосқанда тамыры мықты, денесі жуан, бұтақтары мол бәйтеректей болсын, қандай дұспан сүйкенсе де құлата алмайтын болу керек.
Әулиекөлде екі бүлдіршін тілсіз жаудың құрбаны болды
Аймақтар • Бүгін, 19:00
Бүгін елордада қар тазалауға 1016 техника мен 1800 жұмысшы жұмылдырылды
Қоғам • Бүгін, 18:53
Қазақстан мен Оман арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді
Саясат • Бүгін, 18:40
Шалғай ауыл тұрғындары көгілдір отын мен ауыз суға зәру
Қоғам • Бүгін, 18:27
Атырау облысында ауылшаруашылығы мақсатындағы су тапшылығы мәселесі шешімін табады
Аймақтар • Бүгін, 18:24
«Тарихи-әдеби өлкетануды дамыту» жобасы аясында оқырмандармен кездесу өтті
Руханият • Бүгін, 18:14
Мәскеу метросында Мұқағалидің өлеңдері жазылған вагон пайда болды
Әдебиет • Бүгін, 18:11
Елбасы Бибігүл Төлегенованы 90 жасқа толған мерейтойымен құттықтады
Қазақстан • Бүгін, 17:58
Мәжілісте жаңа жәрдемақы жайы талқыланды
Парламент • Бүгін, 17:36
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды (фоторепортаж)
Қазақстан • Бүгін, 17:21
Үндістанда болған өртке байланысты Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады
Әлем • Бүгін, 16:58
Қарағандыда энергетикалық форум өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 16:51
Жеңіс Қасымбек салынған тұрғын үйлердің сапасын бақылауды талап етті
Аймақтар • Бүгін, 16:45
Б. Сағынтаев: Қоғамдық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет
Қоғам • Бүгін, 16:39
Қазақстандық делегация Түркияның авиациялық билігімен кездесу өткізді
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Отбасында теңдік болмай, қоғамда теңдік болмас
Қоғам • Бүгін, 16:13
Алматыда VIII «Бастау» халықаралық кинофестивалі өз мәресіне жетті
Кино • Бүгін, 16:04
Абай атындағы опера және балет театрында «Дон Паскуале» операсы қойылады
Руханият • Бүгін, 16:00
Жүзу: Дмитрий Баландин күміс медаль иеленді
Спорт • Бүгін, 15:56
Кәсіпқойлар арасындағы жарыста да жерлестеріміз дес бермеді
Спорт • Бүгін, 15:49
Елордада «JYR AMANAT» концерт-спектаклі өтті
Руханият • Бүгін, 15:41
Елордада «Алтын тұғыр – 2019» ұлттық спорт үздіктерін марапаттау рәсімі өтті
Қазақстан • Бүгін, 15:32
Спорт • Бүгін, 12:56
Каратэ: Жерлестеріміз үш алтын алды
Спорт • Бүгін, 12:49
Сенатта мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселесі талқыланды
Парламент • Бүгін, 12:31
Қарағандыда «Жыл мұғалімі» байқауының жеңімпазы анықталды
Аймақтар • Бүгін, 12:16
Парламент Мәжілісінде АӘК реформалау перспективалары талқыланды
Қоғам • Бүгін, 12:04
Қазақстан бокс федерациясы 2019 жылдың үздіктерін анықтады
Спорт • Бүгін, 11:59
Дмитрий Баландин АҚШ-та топ жарды
Спорт • Бүгін, 11:54
Алматыда «Поэзия аллеясы» ашылды
Әдебиет • Бүгін, 11:37
Қазақстан Елшісі Мажарстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:34
Грек-рим күресінен Конфедерация кубогын Шымкент қаласы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:29
Ауыл шаруашылығы министрлігі несиелік серіктестіктерінен шығу тәртібін жеңілдетті
Экономика • Бүгін, 11:19
Еркін күрестен Конфедерация кубогын Нұр-Сұлтан қаласы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:13
Бокстан Конфедерация кубогын Түркістан облысы жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 11:05
Ерлан Айтаханов қала тұрғындарын қабылдады
Аймақтар • Бүгін, 11:02
Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкентте жаңа нысандар пайдалануға берілді
Аймақтар • Бүгін, 10:55
Руханият • Бүгін, 10:41
Қазақстан мен Малайзия арасында әуе қатынасы кеңеюде
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Қазақстан мен Колумбия визасыз режим орнатты
Саясат • Бүгін, 10:21
Димашты Нью-Йорктегі жанкүйерлері Қазақстанның жалауымен қарсы алды
Руханият • Бүгін, 09:56
Нұр-Сұлтан қаласында «Елорда жастары 2019» жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 09:36
Түркияда қазақстандық жастар бас қосты
Қоғам • Бүгін, 09:22
Тарих • Бүгін, 07:28
Тарих • Бүгін, 07:21
Аймақтар • Бүгін, 07:18
Қоғам • Бүгін, 07:17
Қазақстанда денсаулықты сақтаудың, нығайтудың және сауықтырудың жаңа жүйесі жасалды
Қоғам • Бүгін, 07:14
Күн тәртібінде – әлеуметтік мәселелерді шешу
Үкімет • Бүгін, 07:11
Әлем • Бүгін, 07:01
Спорт • Бүгін, 07:00
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 06:56
Аймақтар • Бүгін, 06:53
Руханият • Бүгін, 06:51
Қоғам • Бүгін, 06:49
Ұлықбек Есдәулет: Әдебиет әдептен басталады
Әдебиет • Бүгін, 06:47
Қарапайымдылық ханға да жарасады
Руханият • Бүгін, 06:44
Жекпе-жекте жерлестерміз дес бермеді
Спорт • Кеше
Кіріс көзі емес, уақытша қаржылай көмек
Қоғам • Кеше
Баға QR кодтар арқылы беріледі
Аймақтар • Кеше
Жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген толықтыруларды түсіндірді
Қазақстан • Кеше
Алматыдағы «AǴYM» көрмесі жас суретшілерге рухани шабыт береді
Руханият • Кеше
Кардиоорталық ұжымы біріктіруге неге қарсы?..
Аймақтар • Кеше
Конфедерация кубогының финалистері анықталды
Спорт • Кеше
Он педагог «Qazsaq» стипендиясына ие болды
Қоғам • Кеше
Көрнекті геолог Дүбек Дүйсенбековке мемориалдық тақта ашылды
Руханият • Кеше
«Желтоқсаншы» жеткіншек еске алынды
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар