Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19539 материал табылды

Руханият • 22 Желтоқсан, 2022

Ұлт жоқшысы

Маңдайға басқан зия­лы­лары­мыздың жалғасы, Тәуелсіздік жылдардағы ұлт жоқшысы Амангелді Айталы бақиға озды. Туған елінің сәтті қадамына сүйі­ніп, жаза бас­қан жолына күйі­ніп, осыны талдап-таразылай білу – азаматтың азаматы көтеретін ауыр да жауапты жүк болса, 90-жылдардың соңынан бастап осы тағдыр Әбекеңе бұйырыпты. Азат еліміздің тарихында Амангелді Әбдірахманұлы қасиеті халықтың «Парла­мент депутаты қандай болу керек?» сұрағына жауап секілді көрінеді. Оның әр кезеңде елдік мінбер мен баспасөзден сөйлеген сөзі ұлты­мыздың бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылған қуат­ты болуына бағытталды. Байыпты ойы, парасатты тұжырымы, дәлелді ұсынысы нағыз ғалым екенін айқындап тұратын.  

Инновация • 22 Желтоқсан, 2022

Ақпараттық инновация талқыланған алаң

Тұңғыш рет ұйымдастырылған Орта­лық Азия медиа форумының екінші күнін­де де саладағы өзекті мәселелер қызу талқыланды. Пленарлық сессияларда сарапшылар ұтымды ұсыныстар мен орамды ойларын ортаға салды. Атап айтсақ, «Жасанды интеллект және ауқымды деректер: медиадағы инновациялық технологиялар», «Креативті индустрия – әлеуметтік трансформацияның элементі» сияқты пленарлық сессияларда жаңа медианың жарқын болашақты қалыптастырудағы рөлі таразыланып, форум қатысушылары тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

Экономика • 22 Желтоқсан, 2022

«KEGOC»: Басты басымдық – сенім

Өткен жексенбіде Қазақстанның энергетика саласының қызметкерлері Энергетиктер күнін атап өтті. Осыған орай, еліміздің энергетика саласының көшбасшыларының бірі – «KEGOC» АҚ қызметкерлері кәсіби мерекелеріне қандай жетістіктермен келгендігін компанияның басқарма төрағасы Қаныш Молдабаевтан сұрадық. Біз сұхбаттасымызды кездейсоқ таңдағанымыз жоқ – биылғы шілде айында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» акционерлік қоғамының құрылғанына 25 жыл толған болатын.

Руханият • 22 Желтоқсан, 2022

Айтыстың Айтақыны

Айтақын Бұлғақовтың ағалық ақылы, әкелік қамқорлығы, ұстаздық өнегесі мен тәрбиесі болмаса бүгінгі Балғынбек те болмас еді.

Экономика • 22 Желтоқсан, 2022

Қазақстан-Өзбекстан: Өзара сауда қатынасы 4 млрд доллардан асты

2022 жылдың 10 айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара сауда қатынасы 4,1 млрд долларды құрап, 35%-ға өсті. Бұл туралы Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ташкентте өткен 4-ші өңіраралық өзбек-қазақ бизнес-форумы барысында хабарлады.

Оқиға • 21 Желтоқсан, 2022

Ерекше жандарға ерекше көзқарас керек

Биыл Қазақстан саңыраулар қоғамының құрылғанына 85 жыл толды. Бүгінде елімізде ұйымның әр облыста 19 филиалы бар, онда барлығы 16 мың мүше тіркелген. Кеңес заманынан бері мүгедектерді есепке алып, оқытып, кәсіпке баулып, еңбекке тарту мақсатында нәтижелі жұмыс атқарып келе жатқан ұйым қазіргі кезде де қоғамға көп пайдасын тигізіп отыр.

Руханият • 21 Желтоқсан, 2022

«Абай академиясының» еңбегі

Ғылымы мен білімі дамып, әдебиеті адамтанудың алып мұхитына құйылған елдердің рухани игілігі уақыт өте келе өз ұлтының ғана жемісі болудан қалып, адамзатқа ортақ қазынаға айналады.

Саясат • 21 Желтоқсан, 2022

Бейбітшілік – ең асыл құндылық

Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН, әнші: – Мұхаммед Хайдар Дула­тидің: «Сен әлемді жаулап алма, өйткені онда сансыз қайғы-қасірет бар. Сен одан да адамның жан дүниесін меңгер. Ол жерде қаншама әлем бар екенін көресің» деген сөзі бар. Бейбітшілік – адамның ең ұлы, ең асыл құндылығы екені сөзсіз. Күллі әлемдегі тыныштықтың, бейбітшіліктің ең басты кілті – сарымайдан қыл суырғандай саяси дипломатия, адами қарым-қатынас, мемлекетаралық сыйластық. Бір мемлекеттің басқа мемлекеттің территориялық тұтастығын, ішкі саясатын құрметтеуі. Ғалымдардың зерттеуіндегі адамзат тарихы алғаш рет хатқа түскеннен бергі кезеңге көз жүгіртсек, соңғы мыңдаған жылда, яғни 5 жарым мың жылда адам баласы 292 жыл ғана тыныштықта өмір сүрген.

Саясат • 21 Желтоқсан, 2022

Тұңғыш форум: баянды байланыстың байламы

Кеше елорда төрінде тұңғыш рет Орталық Азия медиа форумы жұмы­сын бастады. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйымдастырған ауқымды іс-шараға шетелдерден келген экс-президенттер, халықаралық ұйымдардың басшылары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, медиа саласының майталман мамандары мен танымал тұлғалар қатысып жатыр.

Саясат • 20 Желтоқсан, 2022

Еңбек дауының пәтуасы

Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды.