Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19545 материал табылды

Қазақстан • 23 Қараша, 2022

Бияш деп елі еркелеткен

Алаш қозғалысы тарихында Әлихан Бөкейханның басшылығымен ұлт мүддесi жолында қалтқысыз қызмет еткен қазақ зиялыларының бiрi – Биахмет Сәрсенов. Ол 1885 жылы бұрынғы Семей облысының Зайсан уезiне қарасты Нарын болысында (қазiргi Ақсуат жерiнде) дәулеттi отбасында дүниеге келiп, 1905-1909 жылдары бастапқыда Семейдегi мұғалiмдер семинариясының даярлық бөлiмiн, одан соң толық курсын үздiк бағаға бiтiрiп шыққан жалғыз қазақ екенi, ауыл мектебiнде бес жыл сабақ берiп, бала оқытқаны, үш жылдай болыс болып ел басқарып, бастауыш мектептер ашқаны, 1917 жылғы ақпан төңкерiсiнен кейiнгi кезеңде Алашорда үкiметiнiң құрамында, ал Кеңес өкiметiнiң алғашқы жылдары халық-ағарту саласында басшылық қызметтер атқарғаны, 1921 жылы жаз айында Орынборда 36 жасында оба ауруынан қаза болғаны мәлім (бұл туралы өлкетанушы Қарпық Егiзбаевтың «Тағылым» атты кiтабында кеңірек жазылған).

Таным • 23 Қараша, 2022

Шалва ұстаздың дәрісі

Қазақстанның аға және орта буын мұғалімдері арасында кеңестік саяси қуғын-сүргін жылдары Грузияда туып, «жылымық» тұсында педагогика саласына тың ойлар алып келген КСРО ПҒА академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор Шалва Амонашвилиді білмейтіндер кемде-кем. Оның ғылыми ізденістері 80-жылдардың аяғында кең насихатталды. Сенімге, сүйіспеншілікке, шынайы жетілуге қатысты тұжырымдары әлі де өзекті. Академик осы бағытта 30-дан аса монография, эссе, оқулық жазыпты. Бүгінде 90-ның төріне шықса да тың, күрделі қоғам туралы айтары да аз емес.Педагогика абызы Шалва Амонашвили елімізге талай рет келіп, дәріс оқыған. Биыл 14 мамырда республикалық «Senimen Bolashaq» ата-аналар қоғамдық бірлестігінің шақыруымен Алматыдағы алқалы елдік жиынға қатысты. Елеулі ой-ұсыныстарын ортаға салып, Қазақстан педагогтерінің ықыласына бөленді. Осы тарихи кездесу-дәрістің куәсіндей таяуда «Senimen Bolashaq» ҚБ академик Ш.Амонашвили «Ізгілік педагогикасы» атты еңбегін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, оқырманға ұсынды («Саналы ата-ана академиясы», 2022).Төменде оқырмандардың өтінішімен Шалва ұстаздың Алматы дәрісі жазбасынан және аталған кітабынан үзінділерді жариялап отырмыз.

Қоғам • 23 Қараша, 2022

Мұрағатқа енген музыка

Алматы қаласының мемлекеттік архиві музыкант Нұргүл Аман­тайқызының құжаттарымен толықты.

Қоғам • 23 Қараша, 2022

Адалдық айшықтары

Жуырда оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Ымырттағы кітапхана» дәстүрлі әлеуметтік-мәдени іс-шарасы аясында 2021 жылы ашылған адалдық, парасаттылық, әділдік қағидаттарын қалыптастыруға, қоғамда ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды ілгерілетуге бағытталған «Парасат жолы» орталығының және «Елмұра» ұлттық-танымдық клубының белсенді мүшелері жастардың бойына адамгершілік пен шыншылдықты қалыптастырып, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіру мақсатында «Адалдық – ардың иесі» атты кітапханалық журфикс өткізді.

Қоғам • 23 Қараша, 2022

Республикалық кәсіби дода

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Оған еліміздің 13 өңіріндегі 15 колледжден ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 22 педагог қатысты.

Таным • 23 Қараша, 2022

Сәбеңе сыйланған кесте

Алматыдағы С.Мұқанов­тың музей-үйінің қорында жазушының мерейтойларына орай сыйланған көптеген көзтартарлық заттар бар. Солардың бірі – Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың Сәбеңнің 60 жылдық мерейтойына сыйлаған, өз қолымен кестелеген жас­тықтың тысы.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Ұлыбритания Қазақстанның өркендеуін қолдайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жариялаған маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа толық 7 жылдық мерзімге тағайындалды. Ұлыбритания Қазақстанның келешек өркендеуін, қауіпсіздігін және демократия жолын қолдау үшін Президентпен және оның үкіметімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Қоғамның сайлау жауапкершілігі артты

Қазақстанда сайлау құқығы деңгейі айтарлықтай өсті. Халықтың белсенділігі жоғары, біз бұған әсіресе референдум кезінде куә болған едік. Кешегі кезектен тыс президент сайлауындағы халықтың белсенділігі бұл пікірімізді нақтылай түсті. Себебі бұл жолы да қоғамның сайлауды әділ өткізуге деген сұранысы жоғары болды.