Пікір • 19 Қыркүйек, 2024
Киік атумен түйткіл шешілмейді
Бүгінгі күні мал сүмесімен күн көріп отырған батыс өңірінің жағдайы түз тағысы – киіктің тағдырымен тығыз байланысты болып тұр. Онсыз да соңғы жылдары жауын жаумай, қуаңшылық салдарынан баққан малдарына беретін су көздерін, шабындық-жайылым жерлерін көздерінің қарашығындай қорғап жүрген ауыл тұрғындарын, әсіресе мал ұстаған жеке шаруа қожалықтарын осы киік мәселесі әбден титықтатып жібергені байқалады.
Құқық • 19 Қыркүйек, 2024
Судья қызметін бағалайтын институт
Тиімді сот жүйесі – құқықтық мемлекеттің негізі және азаматтық қоғам дамуының алғышарты. Ал сот реформаларын табысты іске асырудың шешуші бір факторы– кәсіби сот корпусының болуы. Кейінгі жылдары елімізде сот жүйесін жаңғырту, халықтың сотқа деген сенімін арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Сот төрелігін күшейтуге және сот корпусының кәсіби деңгейін арттыруға бағдарланған қажетті құралдар әзірленіп, тәжірибеге енгізілді.
Туризм • 19 Қыркүйек, 2024
Әлемдік көрсеткіштегі отандық туризм
Әлемдік туризм саласы экономиканың екінші тынысын ашатын бағыттардың бірі екені анық. Бүгінгі таңда туризм арқылы жылына миллиондаған қонақты қабылдап, жаңа жұмыс орындарын ашып, шағын және орта бизнесін өркендетіп отырған мемлекеттер қатары өсіп келеді. Осы орайда оқырман назарына әлемдік туризм саласындағы маңызды зерттеулердің бірі – 2024 жылғы Саяхат және туризмді дамыту индексін (Travel&Tourism Development Index 2024, TTDI) ұсынамыз.
Аңдатпа • 19 Қыркүйек, 2024
21 қыркүйек - Ертегілер елінде Астана қаласының Қуыршақ театрында «Арыстан патша» ертегісі қойылады.
Спорт • 19 Қыркүйек, 2024
Бір жылдай болды, әжесінің баласы дзюдо секциясына қатысып жүр. Аптасына үш мәрте оң жағалаудағы «Алақайға» таксимен барып қайтады. Таңғы сегіздегі жаттығуға 6:30-да тұруы керек. Кейде «бала ғой, ұйықтасыншы» деп оятпай кетеміз. Кей күні такси табылмай діңкелетеді. Қалай десек те, шама келгенше жаттығудан қалдырмауға тырысамыз.
Тұлға • 18 Қыркүйек, 2024
Таяуда Алматыдағы «Service Press» баспасынан «Жұмбақ жазушы» атты кітап оқырмандар қолына тимек. Ол – қара сөздің хас шебері, тегеурінді талант Бердібек Соқпақбаев туралы ұжымдық жинақ. Мұның алғашқы нұсқасын жазушы Баққожа Мұқай мен қаламгердің қызы Самал Соқпақбаева құрастырып, «Білім» баспасынан жарыққа шығартқан еді. Бұл 2005 жылы болатын. Одан бері де Бекең, Бердібек аға жөнінде біраз туынды жазылып, олар дара дарынның 90, 95 жылдық мерейтойларына орай газет-журнал беттерінде көрініс тапқаны бар. Биыл тұғыры биік тұлғаның 100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтіп жатқан кезде, жоғарыдағы кітаптың 2006–2024 жылдар аралығындағы баспасөзде жарияланған 18 естелікпен толықтырылып, қайта жарыққа шыққалы жатқаны – қуанышты жағдай. Бұл – біткен бір үлкен іс, өз кезінде қолға алынған дұрыс жұмыс болды.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
Білікті педагог – тұрақты өркендеудің негізі
Биылғы Жолдауда еліміздің кадрлық әлеуетін арттырудың негізгі міндеттерінің қатарында мектептердің әлеуетін нығайту, педагогтердің біліктілігі мен әлеуметтік мәртебесін арттыру көрсетілген. Педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі түрде арттыру – білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттерінің бірі.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
Мемлекеттік қызметтегі ашықтық пен тиімділік
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін ерекше атап өтті. Бұл маңызды құжат ел дамуында шешуші рөл атқаратын бірқатар жүйелі мәселелерді айқындады.
Инвестиция • 18 Қыркүйек, 2024
Инвестициялық ахуалды жақсарту қажет
Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында инвестициялық ахуал мен бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыс істеу мәселесінің маңызды екенін атап өтті.
Пікір • 18 Қыркүйек, 2024
Президент Жолдауында бірқатар маңызды мәселе көтерді. Көбі қаржы секторына байланысты болды. Келесі жылдан бастап коммерциялық қаржы нарығы мен мемлекеттік қаржы секторында елеулі өзгеріс күтіп тұр. Банктер енді экономикаға жұмыс істейді. Егер олар көнбесе, шетелден корпоративті секторды қаржыландырғысы келетін көптеген ойыншы шақырылады.