Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20509 материал табылды

Қоғам • 13 Қараша, 2022

Табиғатты түлететін жобалар

Былтыр «EcoBusinessLab» қанатқақты жобасының бірінші кезеңінде 35 студент оқу курсынан өткен еді. Бүгінде олар бизнесін табысты іске асыруда. Шарапаты мол жобаны «ITeachMe» қоры Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және серіктес «Шеврон» компаниясының қолдауымен бастаған-ды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында кеңінен ақпарат берілді.

Қоғам • 13 Қараша, 2022

Қарасөздің хас шеберіне арналған кеш

Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Қарасөздің хас шебері» атты жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лау­реаты Қажығали Мұханбетқалиұлының 80 жылдығына орай әдеби кеш өтті. Мақсаты – өлкемізден шыққан осынау қарымды қаламгердің өмір жолынан жас буынға ақпараттар ұсыну. Жазған шығармаларын, кітаптарын оқырман қауымға насихаттау.

Қоғам • 13 Қараша, 2022

Этнос өкілдерінің байқауы

Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетіне, тілі мен әдебиетіне өзге ұлыс өкілдерінің қызығушылығын арттырып, еліміздегі рухани бірлікті қуаттау мақсатында көркемсөз оқу шеберлерінің «Абай оқулары» облыстық байқауы ұйымдастырылды.

Қоғам • 13 Қараша, 2022

Ішің ашиды, жүзің жасиды

Кешегі Шер ағаң – Шерхан Мұртаза «әттеген-ай орын алған жерді аңғарса, бір ауыз сөзбен сойып салатын. Бір жолғы бір ауыз сөзінде: «Диқандар көктемде өліп-өшіп егін салды... Егін пісті... Бір тонна солярка – бір жарым-екі тонна бидай», деп шамырқанғаны бар.

Саясат • 11 Қараша, 2022

«ӘдІлетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым»

Құрметті отандастар! Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. 2022 жылдың 20 қарашасында Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы өтеді. Бұл – біздің болашақ дамуымыздың стратегия­лық бағытын айқындайтын науқан.

Экология • 11 Қараша, 2022

Елорда экологиясы – басты назарда

Қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамай, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру мәселесі қашанда өзекті. Елде өндіріс өркен жайған өңірлермен қатар Астана қаласы да ластану деңгейі жоғары қалалардың тізімінде. Елордада ауаның ластануына жылу электр орталықтары, автономды қазандықтар, жеке сектордың пештерімен қатар көліктен бөлінетін улы газдар әсер етеді екен. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрі Серікқали Брекешев Астана қаласының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйым мүшелерімен кездескенде тарқатып айтты.

Әлем • 11 Қараша, 2022

Цифрлық экономиканың қуаты

Қазақстан мен Қытайдың халықтар мен мәдени алмасулардағы ұзақ тарихы мен дәстүрлері бар, саяси және геосаяси қарым-қа­ты­­настардағы кең ауқымды ынтымақтастық ар­тық­шы­лықтарға ие, күшті экономикалық толықтырулар мен стра­тегиялық сәйкестік бар. 2022 жыл Қазақстан мен Қытай ара­сындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл­ды­ғымен тұспа-тұс келіп, екі елдің қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы да жаңа жолға түсті.

Пікір • 11 Қараша, 2022

Ел үшін елеулі оқиға

Бір реттік рақымшылық жасау – еліміз үшін елеулі оқиға. Рақымшылық туралы заңның өзі қаңтар оқиғасынан кейін ұзаққа созылған тергеу-тексеру процестерінің шешуші кезеңі болып саналады.

Пікір • 11 Қараша, 2022

Ізгілік пен мейірімділік құжаты

Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Рақымшылық туралы» Заңға қол қойды. Аталған құжаттың негізгі мақсаты – қаңтар оқиғасына қатысқан азаматтардың қылмыстық әрекетіне кешірім жасау.

Пікір • 11 Қараша, 2022

Омбудсменнің құзыреті кеңейді

«Адам құқығы жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заң Мемлекет басшысының биылғы Жолдауындағы Адам құқығы жөніндегі уәкіліне қатысты тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Оның мақсаты – ұсынылған өзгерістер мен түзетулерді енгізу арқылы адам құқықтарын қорғау саласын жетілдіру және уәкілдің мәртебесін Конституциялық деңгейде бекітіп, құзыретін күшейту, тәуелсіздігін арттыру.

Яндекс.Метрика