Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қоғам • 23 Қараша, 2022

Республикалық кәсіби дода

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бекіткен ережесіне сәйкес Құлан агротехникалық жоғары колледжі базасында Техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКББ) ұйымдарының педагогтері арасында ауыл шаруашылығы саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өтті. Оған еліміздің 13 өңіріндегі 15 колледжден ветеринария және агрономия мамандықтары бойынша 22 педагог қатысты.

Таным • 23 Қараша, 2022

Сәбеңе сыйланған кесте

Алматыдағы С.Мұқанов­тың музей-үйінің қорында жазушының мерейтойларына орай сыйланған көптеген көзтартарлық заттар бар. Солардың бірі – Қазақстанның халық әртісі Әмина Өмірзақованың Сәбеңнің 60 жылдық мерейтойына сыйлаған, өз қолымен кестелеген жас­тықтың тысы.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Ұлыбритания Қазақстанның өркендеуін қолдайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзі жариялаған маңызды саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін жаңа толық 7 жылдық мерзімге тағайындалды. Ұлыбритания Қазақстанның келешек өркендеуін, қауіпсіздігін және демократия жолын қолдау үшін Президентпен және оның үкіметімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Қоғамның сайлау жауапкершілігі артты

Қазақстанда сайлау құқығы деңгейі айтарлықтай өсті. Халықтың белсенділігі жоғары, біз бұған әсіресе референдум кезінде куә болған едік. Кешегі кезектен тыс президент сайлауындағы халықтың белсенділігі бұл пікірімізді нақтылай түсті. Себебі бұл жолы да қоғамның сайлауды әділ өткізуге деген сұранысы жоғары болды.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Жеті жылға жасалған келісім

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлаудағы жеңісі Қазақстан тарихындағы халық пен мемлекеттік билік арасында жасалған алғашқы саяси келісім деп айта аламыз. Бұл жерде бір тұлғаның жеке триумфы туралы айтып отырған жоқпыз. Бұл – жүйелік нәтижесі, ірі саяси бастама.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Халық таңдауы

Халық Қасым-Жомарт Тоқаевты неге таңдады? Оның тұлғалық бейнесін айқындайтын мына қасиеттер – тәжірибе, даналық, батылдық және жоғары интеллект.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Еліміз елеулі биіктерге жол салатын кезең

Соңғы үш жыл халқымыз үшін ең ауыр болғаны баршаға мәлім. Соған қарамастан Президент сабырлық танытып, сындардан сүрінбей өтті. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жариялау арқылы халықпен, азаматтық қоғам институттарымен тікелей байланыс орнатты.

Пікір • 23 Қараша, 2022

Жаңа күн

Әлеуметтік желіден ақын Серік Ақсұңқарұлының «Жаңа Қазақстанның алғашқы күні құтты болсын!» деген құттықтау сөзін көзім шалды. Ақжарма ақын дұрыс айтады. Біз де бұл игі тілекке қосыламыз. Құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін!