Пікір • 25 Қараша, 2022
Байқаушы ретінде Алматыдағы 20 сайлау учаскесінде болып, ондағы тыныс-тіршілікті, жалпы ахуалды өз көзімізбен көріп қайттық. Осы орайда, қаланың түрлі ауданын көргім келгендіктен, университеттер мен адамдар көп жұмыс істейтін аймақтарды аралауға тырыстым.
Пікір • 25 Қараша, 2022
Қазақстан халқы аса маңызды таңдау жасады. Біз еліміздің болашағын айқындап, саяси және әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістерді одан әрі жалғастыруда Жаңа Қазақстанды құруға тікелей ықпал ететін шешуші кезеңде тұрмыз. Осындай сын сәтте ел басқару ісін парасатты, тәжірибелі, сенімді және халық қамын ойлайтын адамға тапсырдық. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды жүзеге асыру үшін аса қажет.
Пікір • 25 Қараша, 2022
Жақында өткен кезектен тыс президент сайлауы тәжірибесі көрсеткендей, елімізде байқаушылардың саны артып келеді. Мысалы, 2021 жылы сайлаудағы байқаушылардың саны 2019 жылғы президенттік сайлаумен салыстырғанда 1,6 есе өсті. Бұл тренд өте өзекті.
Пікір • 25 Қараша, 2022
Міндеттерін жоғары деңгейде атқарды
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік күштері Қазақстан халқының сайлау кезіндегі еркін болуы үшін қауіпсіздікті, бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз етті, жұмыстары жоғары деңгейде үйлестірілгендігін және ауқымды жұмыс атқарылғанын атап өткім келеді.
Пікір • 25 Қараша, 2022
Биылғы ел өміріндегі маңызды саяси науқан заңға сәйкес сәтті өтті деп айтуға негіз бар. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзсіз жеңісі Қазақстан қоғамының алдағы уақытта бір арнада бірігуі тұрғысында зор мәнге ие.
Пікір • 25 Қараша, 2022
Сайлау – демократияның маңызды белгісі, міндетті атрибуты ғана емес, сонымен бірге оның қажетті бастапқы шарты. Бұл – халыққа биліктің нақты көзі ретінде әрекет етуге және азаматтық қоғамға билікті басқаруға мүмкіндік беретін негізгі саяси институт. Бұл – азаматтарға ынтымақ танытуға мүмкіндік беретін сайлау. Өзінің конституциялық құқығын пайдалана отырып, Қазақстан қоғамы оң өзгерістерге үмітін білдіріп, жаңа өзгерістерді қолдады.
Қазақстан • 25 Қараша, 2022
«Қазақмыс» Қасым-Жомарт Тоқаевты жеңісімен құттықтады
«Қазақмыс» компаниялар тобының еңбек ұжымдары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. Олар Мемлекет басшысына ашық хат жолдады.
Руханият • 24 Қараша, 2022
Садықбек Адамбеков дегенде ең әуелі еске мөлдір моншақтай шашылып түскен күлкі түседі. Неге? Өйткені қазақ әдебиетінің кең жайлауында ою-өрнек, сән-салтанаты келіскен алты қанат ақ орда тіккендей сонадайдан көзге шалынар сатира жанрының қазығын қадап, керегесін кеңейтіп, шаңырағын биіктетіп кетті. Сәкеңнің өмір жолына үңілсек, ол да әдеби жолын өлеңмен бастаған екен. «Өмір тойы» атты өлеңдер жинағы шыққан. Содан сатира жанрына бет бұрып, барлық ғұмырын осы күштілердің қаруына арнап кетті.
Саясат • 24 Қараша, 2022
Рәміздерді дәріптеу – елдіктің белгісі
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Үкімет • 24 Қараша, 2022
Сенатор Нариман Төреғалиевтің төрағалық етуімен Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінде «Балалардың хал-ахуалы және олардың құқықтарының қорғалуы» тақырыбындағы кеңейтілген отырыс өтті.