Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
20509 материал табылды

Саясат • 23 Тамыз, 2022

Түйткілдің түп себебі заңның шикілігінде жатыр

Мәжіліс депутаттары Мәди Елюбаев пен Юлия Кучинская Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты «Жібек жолы» ауылындағы 300 орындық мектептің құрылыс барысымен танысты. Бұл жөнінде палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

Қоғам • 22 Тамыз, 2022

Ашық қалған арық, ашынған халық

Теміржолшылар мекені саналатын Сұрыптау кентіндегі көшеде арықтар ашық күйінде жатыр. Қандай арық дейсіз ғой? Су құбырын жүргізбекші болған. Алайда мердігерлер шаруаларын аяқсыз қалдырған. Жарайды, жобаны қаржыландыру немесе аяқтау мерзімі биылғы жылға ауысқан шығар. Десек те қазылған арықтарға не ескертпе белгі қоймай, не қоршамағаны мердігердің де, жергілікті биліктің де салғырттығын танытады.

Абай • 22 Тамыз, 2022

Абайтаудың ар жағы мен бер жағы

Қазақ ғалымдары мен жазушылары тарихымызды түгендеу барысында біраз жұмыстар тындырды. Олар еңбектерін негізінен шежірелер мен өзге елдердің архивтеріне сүйеніп жазғандықтан толыққанды болмаса да тарихымыз әйтеуір сұлбаланды. Ел билеген хандарымыз бен батыр-билеріміз де біршама тұлғаланды.

Руханият • 22 Тамыз, 2022

Ескінің үні, жаңаның жыры

Мен білетін Ғалым Жайлыбай – сыршыл ақын. Заманының үнін, қоғамының тілін қазақтың терең танымымен қабылдап, жан иірімдерінен өткеріп, он екі мүшенің қойын-қонышынан жүлге тапқан алпыс екі тамырды қуалап ағып, тұла бойыңа жан кіргізетін қан секілді өргізеді өлеңдерін. Байыптап айтып, баппен жеткізеді. Салиқалы. Бұрыннан таныс, ертеден білетін ежеттесің іспетті өлеңдері өзіңмен сырласа кетеді. Сырын ақтарады, мұңын шумақтайды. Алқынбайды, алқындырмайды, орта жолдан тастап кетпейді. Бабы келіп, толысқан шайырдың туындылары байсалды үнмен тіл қатып, салиқалы сұхбатқа шақырады. Жоғарыда оны сыршыл ақын деуімнің бір себебі сондықтан да шығар.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2022

Артында өшпес із қалдырған

Абыз ақсақал атанған мемлекет және қоғам қайраткері Нұрмаханбет қажы Әжметов – оңтүстік өңірге есімі жақсы таныс тұлға болатын. Балалық бал дәурен шағы кеңес-герман соғысына тап келді де, қаршадайынан ауыр еңбекке араласты. Қатарластарының арасында белсенділігімен көзге түсті.

Медицина • 22 Тамыз, 2022

7 млрд теңге дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарға жұмсалды

«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамта­масыз ету Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-75  «Тегін меди­циналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асыры­лады», деп хабарлайды  «Әлеуметтік меди­циналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2022

Спорт саласы қызметкерлерін марапаттады

Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда спорт күні атап өтіледі. Кәсіби мереке қарсаңында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спорт саласы қызметкерлерін марапаттап, олардың саламатты өмір салтын дамытуға және насихаттауға қосқан зор үлесін атап өтті.

Әдебиет • 21 Тамыз, 2022

«Мені әдебиет аспанына көтерген космодром»

Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің (1991 жылға дейін «Қызыл ту») ғасырға жуық тарихына көз жүгіртсек, әр жылдары басылымның абыройы­н асқақтатқан, ұжымнан қабырғалы қаламгерлерді түлетіп өсірген бірқатар басшы болған. Солардың бірі ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарының ортасында облыстық газетке редакторлық еткен Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовты бөле-жара атауға болады.

Руханият • 21 Тамыз, 2022

Шындық шырағданы

Сүйінші, қазақ оқырманы! Дәстүрлі деңгейінен де дәрежеленіп, ежелден қалыптасқан бітім-болмысынан өзгеше құйыла құбылып, қымбат та ғажап мінезімен дүниеге келіпті-ау қазақ романы! Көкейімізге «чеховша» мәрт мәтіндерімен, қысқа да талғамды тілімен тоқылғаны! Алғашында қолымыз батпай ұстаған қалың кітаптың мұншама тез оқылғаны! Мұны жай бір әсерлі, сиқырлы, тербелмелі сөз теңеуі деп түсінбеңіз. Жаңа проза, тосын үлгі, соны қадам, серке стильді, сергек байлам – бәрі-бәрінің тояттандырған күшіндеміз!

Руханият • 21 Тамыз, 2022

Қазығұртта үйлесім тапқан елдік идеясы

Шымкенттен – Ташкент шаһарына бет алған күре жолдың оң жақ бетіндегі Қазығұрт тауының етегіне созыла орналасқан жотада «Мәңгілік Ел» аталатын саябақта «Алаш арыс­тары», «Анаға тағ­зым» және Қажымұқан Мұ­ңайт­пасұлына арналған ес­керткіштер кешенінің ашылу салтанаты өтті.

Яндекс.Метрика