Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21587 материал табылды

Коронавирус • 25 Шілде, 2022

Коронавирус жұқтырған балалар саны көбейді

Министрліктің жүргізген талдау нәтижесіне сәйкес, коронавирус жұқтырушылардың 33 пайыздан астамы балалар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 25 Шілде, 2022

Шенеуніктер жұмысқа орналасарда эссе жазатын болды

Елімізде мемлекеттік қызметке орналасу үшін шенеуніктер эссе жазатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 25 Шілде, 2022

Жүрек орталығындағы тренинг

2022 жылдың 11-15 шілдесі аралығында Жүрек орталығында респираторлық қолдау бойынша нұсқаушылар үшін симуляциялық курс өткізілді. Тренингке клиниканың ересектер мен балалар анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімдерінің меңгерушілері мен дәрігерлері қатысты. Қызметкерлер әртүрлі әлемдік брендтердің өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараттары арқылы пациенттерді респираторлық қолдаудың заманауи тәсілдерімен ­танысты және манекендерде симуляциялық сценарийлерді пысықтады.

Әлем • 24 Шілде, 2022

Халықаралық сот Мьянманың шағымын қабылдамады

Халықаралық сот Гамбияның Мьянмаға қарсы ашқан «Аракандық мұсылмандарға қарсы геноцидті тергеу» ісіне қатысты шешім қабылдады. Шешімнің қорытындысы бойынша, сот Мьянманың қарсылығын қабылдамады.

Медицина • 24 Шілде, 2022

Ауырмайтын жол ізде: скринингтің маңызы неде?

Медициналық сақтандыру қоры жыл сайын профилактикалық тексерулерге қаражат бөліп отырады. Оның ішінде, әлеуметтік маңызы бар ауруларды анықтауға арналған скринингтер де бар. Скринингтік зерттеулердің маңызы неде? Тексеруден неге уақтылы өту қажет? Тақырыпқа қатысты осы және өзге де маңызды сұрақтарға №9 Қалалық емхананың орынбасары Машат Кебисбаева жауап берді.

Руханият • 24 Шілде, 2022

Сүйінбай мен Арыстанбектің айтысы неге «Қатағанға» телінді?

Сүйінбай мен Қатаған айтысын білмейтін қазақ жоқ. Сол айтысты тыңдаған сайын делебеміз қозып, екі ақынның да мықтылығына таңдай қағамыз. Қанымыз қазақ болғаннан кейін бүйрегіміз Сүйінбай жаққа бұрып, екі ғасырға жуық уақыт бұрынғы жеңісімізге тояттап қалатынымыз бар. Бірақ айырқалпақ ағайын бұл айтыстың болғанына күмән келтіреді. Олардың айтуында «қырғызда Қатаған деген ақын болмаған». Қырғыз ағайынның тарихында Қатаған деген ақын болмаса, онымен Сүйінбай қалай айтысады? Демек бұл да Біржан сал мен ақын Сараның айтысы секілді белгісіз ақынның ойдан шығарып, әдеби айналымға енгізіп жіберген көркем туындысы ма? Менің қолымда әдебиеттану ғылымында таласқа түсіп келе жатқан осы мәселенің нүктесін қояр бір жәдігер бар. Ол жәдігер – атам Әуітәліп Нұрбекұлының ескі дәптерінен табылған осы айтыстың көне нұсқасы. Ол нұсқадағы Сүйінбай мен «Қатағанның» («Қатаған» деген атауды әдейі тырнақшаға алдық) образы мүлдем басқаша, әрі шындыққа жақын суреттелген.

Қоғам • 22 Шілде, 2022

Трактордың құны – шаруаның мұңы

Жергілікті мал өсірушілер төрт түлікке субсидия бөлу кезінде ұсақ шаруашылықтардың ескерусіз қалатынына наразы. Шаруалар соңғы уақытта мал азығын дайындауда қиындықтар туындағанын айтады. Шығындары шаш етектен асып, бағасы аспандап кеткен ауылшаруашылық техникаларын сатып ала алмай отыр.

Пікір • 22 Шілде, 2022

Елдер арасындағы қатынас тұрақты дамып келеді

Алдымен қазақ, қырғыз, өзбек басшылары бейресми форматта кездесті. Дастарқан басында біраз дүние талқыланғаны анық. Көп келісім мен мәселе негізі сондай бейресми форматта шешіледі.

Пікір • 22 Шілде, 2022

Аймақтағы ынтымақтастықты нығайтуға жасалған үлкен қадам

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесуінің рөлі зор болды. Бұл – аймақтағы ынтымақтастықты дамыту бағытындағы тағы бір үлкен қадам. Ең алдымен, көпжақты біріккен платформамен шығу туралы бастама өте маңызды деп ойлаймын. Себебі көпвекторлық саясатты бір аумақ ретінде жүргізу оңайырақ болатыны сөзсіз.

Пікір • 22 Шілде, 2022

Бірлескеннен іс бітер

Мемлекет басшыларының басқосуы еркін форматта өтіп, ынтымақтастық пен бірліктің нышаны сезіліп-ақ тұрды. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды мәселелерді көтеріп, Орталық Азия мемлекеттерінің басшыларын түйткілдердің түйінін бірлесе тарқатуға шақырды.