Аймақтар • 13 Мамыр, 2022
Жамбыл облысында шетелдіктер мінген автобус апатқа ұшырады
Жамбыл облысында шетелдік азаматтар мінген автобус жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Egemen.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Пікір • 13 Мамыр, 2022
Ұлттық мүддеге қызмет ететін заңдар қажет
Кез келген мемлекетте оның Конституциясы қоғамның игілігіне қызмет етуге тиіс. Қоғам игілігі дегенде бірінші кезекте ұлттық мүддеге қызмет ететін заңдардың үстемдік құруын айтамыз. Әділеттілікті сақтайтын, туралықты, шынайылық пен білімді жақтайтын заңдардың қабылдануы кез келген жалпыға ортақ тәжірибелерді қоғам игілігіне айналдырып отырары даусыз.
Пікір • 13 Мамыр, 2022
Президентіміз Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясында ел Конституциясына өзгеріс енгіземіз, бірақ оны жалпыхалықтық референдум арқылы халықтың таңдауына қарай жасайық деген ұсынысын жұртшылық қуана қолдап жатыр.
Референдум • 13 Мамыр, 2022
2022 жылғы 12 мамырда Орталық референдум комиссиясы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесе отырып, республикалық референдумға дайындық және оны өткізу мәселелері бойынша қоғамдық бірлестіктердің өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Әдебиет • 12 Мамыр, 2022
Ұлттың өресі, ақыл-ойы мен парасатының деңгейі ұлы тұлғаларының, дарын қабілетімен дараланған саңлақтарының руханиятта жеткен биігімен өлшенеді. Өнер-білімі ілгері кеткен елдер осындай бірегей тұғырлы тұлғаларын ұлттың ар-ұятына балап жатуы да сондықтан. Тұтас ұлтқа өлшем боларлық бұл қандай деңгей? Оларды көптен оқшауландырып тұрған, ұлтқа ұстын боларлықтай қасиетке ие еткен нендей құдірет? Даралығы мен даналығының сыры неде? Заңғар жазушы, сөз өнерінің саңлағы ұлы Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай қаламгер туып-өскен Семей өңірінде таяуда өткізген «Әуезов әлемі» атты салтанатты әдеби-музыкалық кеште біз осы сауалдарға жауап іздеуге тырыстық. Көркемсөз бен көрікті ойдың құдіретіне бас иген, ойлы өнерге сусаған қалың көпшіліктің ұлылықпен тілдесуіне, даңқты суреткердің көркемдік әлеміне бойлауына жол ашуға барымызды салдық.
Тарих • 12 Мамыр, 2022
Азғырдың Пензаға айдалған азаматтары
1928 жылы бай шаруашылықтарды кәмпескелеу және оларды тұрғылықты мекенінен көшіру барысында құзырлы органдардың назарына, әсіресе, хан ұрпақтары мен бұрынғы болыс правительдер алдымен ілікті. Осы науқан қыза түскен уақытта ОГПУ-дың Орал өңірлік бөліміне Бектілеу Алғазиев, Латып Омаров (Соқыр Латып) және Мұхамедияр Мұқатовқа қатысты қылмыстық іс келіп түскен. Бұл құжат бүгінде Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті архивінде сақтаулы. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Батыс Қазақстан облысы бойынша жұмыс тобының мүшесі және зерттеу тобының жетекшісі ретінде аталған архив құжатымен танысып көрдік.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2022
Қостанайда 12 жастағы баланы көлік қағып кетті
Баланы соққан кран-манипулятордың жүргізушісі 49 жастағы азамат. Жасөспірім алған жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2022
Референдумда саяси партияны қолдауға тыйым салынатын лауазым иелері айқындалады
Әділет вице-министрі Алма Мұқанова республикалық референдумға халық меншігіндегі ортақ игіліктерді басқару құқығы туралы өзгерістердің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Мамыр, 2022
Түрік инвесторлары Алматыдан фармацевтика зауытын салады
Алматы қаласында екінші фармацевтика зауыты салынады. Құрылысқа түрік инвесторлары қаржы құяды, деп хабарлайды Egemen.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Аймақтар • 12 Мамыр, 2022
Павлодарлық тұрғын тоғызыншы қабаттан құлап кетті
Павлодарда әйел тоғызыншы қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.