Қылмыс • 12 Наурыз, 2024
Мал ұрлығы бүгінгі күннің өзекті мәселесіне және қоғам дертіне айналғаны – баршаға мәлім. Бүгінгі таңда Түркістан облысы аумағында мал ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар істеліп жатыр. Дегенмен өзге жанның отбасын асырап отырған төрт түлігіне қол сұққан әккі ұрылардың ісі тыйылар емес. Қорасында тұрған малынан айырылып, жүгенін ұстап қалған адамдар көп.
Инфографика • 12 Наурыз, 2024
Оқу грантында жауапкершілік бар
Бұрын жоғары оқу орындарына мектептен кейін бірден түсіп кету бәйгеден аты озғанмен бірдей болатын, өйткені дипломы бар адам жақсы қызметке орналасатын. Содан болар, ата-ананың арманы да балаларының оқып-тоқып, диплом алуы еді.
Аймақтар • 12 Наурыз, 2024
Әр мезгілдің өзіне тән сыйы мен сынағы қатар жүреді. Бұл ретте қыс соңынан келетін көктемнің сынағы – қарғын су. Жер-ананың тоңын жібітіп, тұс-тұсқа тараған шуақтан еріген қар суы топыраққа сіңіп құрғағанша айналамыз біраз сарсаңға түседі. Табиғи құбылыс болғанымен, әр өңірдің ауа райының ерекшелігіне қарай ертелі-кеш жететін бұл жағдайға қамдану шаралары алдын ала ұйымдастырылады.Бүгінде еліміздің барлық өңірінде көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр. Бірақ кейбір өңірлерде күннің күрт жылынуы осы бағыттағы жұмыстарды жеделдетіп жіберді. Мәселен, Қазгидромет кешелі бері, яғни 11-12 наурыз күндері Абай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жауын-шашын күшейетінін хабарлады. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар аралас жаңбыр жаууы күтіліп отыр. Осыған байланысты аталған екі облыстың аумағында қар қарқынды еруі мүмкін. Мұның соңы қарғын судың көбеюіне соқтырып, біраз жерді су басу қаупі бар.
Технология • 11 Наурыз, 2024
Жасанды интеллектінің жасырын қылмысы
Игілік үшін жасалған жасанды интеллектінің қиғылық ісі де баршылық. Оны хакерлер қарапайым азаматтың деректерінен бастап, мемлекеттің құпия ақпараттарын қолға түсіретін таптырмас құрал ретінде пайдаланып отыр. Осы тұста Халық ақыны Қарасақал Ерімбеттің «Қызғанар итаяғын құтырған ит, қабады өз иесін сақ болмаса» деген сөзі санамызға сап ете қалғаны...
Тұлға • 11 Наурыз, 2024
Болат Сембин – тәуелсіз еліміздегі құқықтық жүйенің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқан, қылмыстық іс жүргізу саласында білікті маман ретінде танылған көрнекті заңгерлердің бірі. Ол өзінің өмір жолында талай биікті бағындыра отырып, тарихи кезеңдерде заң үстемдігінің орнығуы үшін ерен еңбек ете білді.
Қоғам • 11 Наурыз, 2024
Адал еңбек масылдықтан сақтайды
Қазір еркіндік пен жеке жауапкершілік түрлі себептермен өзімшілдікке ұласып, рухани сезім төмендегенін еш жасыра алмаймыз. Ең ақыры, өмір сүріп отырған ортамызды, қоғамды сынау, жамандау жақсы емес. Барлығын жоққа шығаруға келгенде ақылынан алжығандай тартынбайтындар төбе көрсете бастады.
Білім • 11 Наурыз, 2024
«Сатылай кешенді оқыту» технологиясы
Кейінгі жылдары «Қазақ тілі» оқулықтарындағы бағдарламалар мен стандарттарда қазақ тіліндегі нормаларға мән берілмеу, қазақ мектептеріндегі «Қазақ тілі» оқулықтарының орыс мектептеріндегі оқулықтар сияқты лексикалық тақырыпқа көп көңіл бөліп, тілдегі норма мен жүйенің үйретілмеуі, грамматикалық ережелердегі бірізділіктің сақталмауы жағдайды мүлде ушықтыра түсті. Қазақ мектептеріндегі «Қазақ тілі» оқулықтарының тілдегі жүйе норманың орнына география, экология, астрономияға қатысты түрлі лексикалық тақырыптар берілген. Пән мұғалімдері солардың соңынан қуалап, «Қазақ тілі» пәнінің мазмұнынан айырылғанын айтып, дабыл қақты. Дұрысында, орыс мектептері мен қазақ мектептеріне арналған оқулықтар жүйесі, құрылымы мүлде бөлек болуға тиіс.
Дін • 10 Наурыз, 2024
Халқымыздың 70 пайызға жуығы мұсылман дінінің өкілдері. Дін ұстануға еркіндік берілгелі 30 жылдан астам уақыт өтті. Алайда алғашқы жылдары мұсылмандық діннің дұрыс бағыт-бағдарын білетіндер қатары сирек еді.
Өнер • 10 Наурыз, 2024
«Киікті» стансасынан өткен сайын қазақтың даңқты композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы жерден Алматыға арман арқалап кеткен шығар деген ойға түсем. Оның кіндік кесіп, кір жуған жері қазақтағы ғажайып та, қасиетті топырақтың бірі һәм бірегейі десе болады. Үш мыңжылдық көшпелілер мәдениетінің толғағы жетіп, тоғысқан жері – бұл. Сарыарқаның саз қонған аймағында уызына жарыған сазгер күні кешегі Тәттімбет, Тоқа, Дайрабай, Қыздарбек, Сембек, Әбди, Әбікен, Аққыз, Итаяқ, Мақаш, Бегімсал дәстүріндегі шертпе күйдің қазанында қайнап, қаймағына кенелген біртуар тұлға еді. Оның «Шаттық Отаны» поэмасында сол терең де, ерен тылсым сиқыр алыстан айқұлақтанып, құлаққа шалынады. Қазақтың ұлы композиторы Сыдық Мұхамеджанов осы туындысын музыкалық поэма деп атаған екен. Шын мәнінде бұл – бір дәуір, бір заманның марапат жыры. Қазтуғанның «Мадақ жырындай» патетикалық поэма.
Пікір • 08 Наурыз, 2024
Бала кезімнен нақты ғылымға қызықтым. Математиканы жақсы көріп өсіп, тіпті осы пәннің мұғалімі де болғым келді. Бірақ әкем «Қаржы және Кредит» мамандығын таңдауға кеңес берді. Ол менің математикалық және аналитикалық қабілетімнің аталған салада көмекке келетінін, сонымен қатар жақын арада елімізде қаржы саласының үлкен даму қарқынына ие болатынын, сөйтіп жас мамандар үшін тың мүмкіндіктер ашылатынын да айтты. Осылайша, мен қаржылық білім алдым.