Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021

Кері байланыста кемшілік болмауы тиіс

Бас прокуратура Құқықтық статис­­ти­ка және арнайы есепке алу жө­ніндегі комитетінің ақ­па­­раттық пор­талындағы мә­лімет­терге сәйкес жыл са­йын мем­лекеттік органдарға тү­се­тін арыз-шағымдардың саны бо­­йын­ша оң динамиканы бай­­қауға бола­ды. Осы орайда, мемлекеттік ор­ган­­дарға қайта­ла­на түсетін, жоғары тұр­­ған лауазым иелеріне жолданатын арыз-шағымдар мәселесін шешу «Ха­лық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжы­ры­мының іске асыру басты міндеті деуге бо­лады.

Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021

Азаттық пен елшілдік мұрат

Қоғамымызда өткен мен бүгінді тең парықтай отырып, елдік пен мемлекетшілдіктің қадірін, қасиетін, маңызын түсіну үдерісі жүріп жатыр. Бұл – «судың да сұрауы бар» деген халық даналығының ел жаңаруындағы көрінісі. Өйткені буын ауысады, жаңашыл талап-тілек пайда болады. Тіпті осыдан он жыл бұрынғы тұжырым мен өлшем де өзгерісті талап етеді.

Тарих • 29 Желтоқсан, 2021

Дагеротиптегі Балғожа би: Ыбырай Алтынсариннің атасы туралы тың деректер

Ресей этнографиялық музейінің қорында қазақ тарихына қатысты бір сырлы сурет сақтаулы. Мұражайшылар: «Қазақтардың топтық портреті. 1840 жыл­дардың соңы. Кат №22» деген шарт­ты атаумен белгілеген көп жә­ді­гер­дің бірі. Қағазға басылған емес, темір тақташаға химиялық әдіспен бедерленген көрікті топтың келбеті. Фото өнердің дагеротип деп аталатын тұңғыш жарық жазба мұрасының бірі саналатын туындыда қазақтың ығай мен сығайлары Петербург төрінде салтанат құра жайғасқан.

Әдебиет • 29 Желтоқсан, 2021

Тас жып-жылы. Жаз еді...

Жаздың соңы еді. 2018 жыл. Облыстар мен аудандарда тұратын жергілікті жазушылар топ-топ болып, көршілес өңірлерді аралағанбыз. Мақсат – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау.

Руханият • 29 Желтоқсан, 2021

Ұстаздың ұлы келбеті – Ыбырай

Дәл осындай атаумен Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы және Білім беруді жаңғырту орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық академиялық кітапхана залында Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына, дала қоңырауы атанған ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай ауқымды конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Коронавирус • 29 Желтоқсан, 2021

Сәбиімнің саулығы үшін вакцина салдырдым

Қазір екпенің саулыққа зәре­дей де зияны жоғын, қайта сау­лық үшін керек екенін екінің бірі біліп қалды ғой.

Президент • 29 Желтоқсан, 2021

Ресейге сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттердің бейресми саммиті аясында Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

Ғұлама

Өткен жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен ұлы ойшыл, адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы әлемдік деңгейде кеңінен аталып өтті. Ұлы ғұламаның осы мерейтойының біздер үшін ерекшелігі – Әл-Фарабиді әлем жұртшылығы толықтай қазақ жерінің, қазақ елінің тұлғасы ретінде толық қабылдауы. Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Назарбаев: «...Дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде өз мемлекеттерінің баға жетпес капиталы болып саналады әрі сол елдердің халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне септігін тигізіп отыр», деген болатын. Осы орайда Әл-Фараби есімі қазақ елі үшін ұлттық бренд болып табылады. Осындай ұлы тұлғаны қазақ еліне, қазақ жеріне жеткізген, биыл туғанына 115 жыл толып отырған ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы Машанов еді.  

Қоғам • 28 Желтоқсан, 2021

Ғалымның биік тұғыры

Бүгінде жастарымыздың кітап оқуға ықылассыздығы, жалпы қоғамдағы көркем әдебиетті тарату мен насихаттаудағы, оқу бағдар­ламаларындағы кемшіліктер туралы көп айтылады. Әрине, көркем шығарма мүлде оқылмайды деп ауызды қу шөппен сүртуге болмас. Бастауыш мектептен бастап жоғары деңгейдегі докторантураға дейінгі білім сатыларындағы әдебиет пәніне қатысты дәрістерде көркем әдеби туындылар оқылады да, оқытылады да. Мәселе – оқылу-оқылмауында емес, оның қалай оқытылуында болса керек.  

Тарих • 28 Желтоқсан, 2021

Саяси қуғын-сүргін: Зерттеу мен зерделеу

Тәуелсіздіктің отыз жылы ішінде қазақ тарихына жаңаша көзқарас қалыптасты. Оның тамырлары 1989 жылы Мәскеудегі «Мемориал» қозғалысы үлгiсiмен құрылған Манаш Қозыбаев бастаған «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының жүйелі, тыңғылықты жұмысынан бастау алады. Осы жылдан бастап отандық ғалымдарымыз 1920-1950 жылдар аралығындағы ашаршылық нәубеті мен жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелерін жалпыұлттық деңгейге көтерді, 90-жылдары «архив революциясы» басталды, көптеген ғылыми диссертациялар қорғалды.