Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Саясат • 17 Шілде, 2024

Мал шаруашылығына геномдық технология қажет

Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен сабақтасып жатыр. Шаруашылықтың бұл түрі бойынша бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болу экономикалық тұрғыдан өте маңызды. Кейінгі жылдары озық технологиялар жетістіктері мал селекциясында айтарлықтай революция жасады. Солардың бірегейі – геномдық технология. Әлемдік тәжірибеде геномдық технология – мал тұқымын асылдандыруда қолданылатын заманауи озық әдіс.

Қоғам • 17 Шілде, 2024

Жылдың ең үздік инновациялары

XXI ғасырда технологиялық даму қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Жасанды интеллекттен бастап электр көліктерін өндіру, байланыс пен өндіріс саласын роботтандыруға дейінгі экономиканың сан-саласын қамтыған дамудың негізгі қозғаушы күші ғылым екені анық. Осы мақсатта Дүниежүзілік экономикалық форумының «Frontiers» ғылыми журналдар баспагерімен бірлесіп жасаған биылғы 12-есебінде талданған бірқатар ғылыми жаңалықтарды оқырман назарына ұсынамыз. Есепте Жаһандық болашақ кеңесінің сарапшылары мен 300-ден астам жетекші ғалымдары және дамушы технологиялардың басқарушы тобындағы 10 жетекші мүшесінің тәжірибесіне сүйене отырып, қоғам мен экономикаға айтарлықтай әсер ететін 10 жаңа технология анықталады.

Экономика • 17 Шілде, 2024

Жаңаөзенде гибридті электр стансасының құрылысы басталды

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және италиялық «Eni S.p.A» энергетикалық компаниясы Жаңаөзен қаласында күн, жел және газбен жұмыс істейтін қуаты 247 МВт гибридті электр стансасының құрылысын бастады. Жобаның басталу рәсіміне «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов, «Eni» компаниясының Қазақстандағы басшысы Сегер Хойтинк, Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Мәжілістің экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин және жергілікті әкімдік өкілдері қатысты.

Әдебиет • 17 Шілде, 2024

Хан Кененің киесі

Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекет­тік сыйлыққа ұсынылып отырған Әділбек Ыбырайымұлы­ның «Семсер жүзіндегі серт» атты трилогиясын алғашқылар­дың бірі болып оқыдым. Одан жақсы қаламгер шыға­ты­ны­на шүбәм жоқ еді, кең тынысты романист болғанына қуандым. Әділбек інімізді өткен ғасырдың 90-жылы «Лениншіл жас» газетіне қызметке алған едім. Жүрген жүрісі, жігіттік кейпі, азаматтық мінезі, қызметке жауапкершілігі беделін өсірді.

Әдебиет • 17 Шілде, 2024

Боламыз ба, әлде бордай тозамыз ба?

Шын жазушы қиынға ұмты­ла­ды. Қиын түйіндерді ше­ше­ді. Белгілі жазушымыз Асқар Алтай да «Былғары табыт» романында қиынға ұмтылып­ты, қиын түйін­дерді шешуге тырысыпты.

Қоғам • 16 Шілде, 2024

Оқушылар мен студенттер қаржылық сауаттылық бойынша білім алады

Бүгін Астанада мектеп мұғалімдері және колледждер мен университеттердің оқытушылары біліктілікті арттыру курстарынан өту үшін жиналды. Олардың барлығы – «AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» қаржылық сауаттылығын арттыру жобасының болашақ тренерлері, деп хабарлайды Egemen.kz.

Руханият • 16 Шілде, 2024

Ұстаздық – ұзақ жол

Заман біздің жағдайымызға қарай икемделмейді, біз оған қарай икемделуге мәжбүрміз. Ал оған қай кезеңде де барынша ықпал ете алатын сала – журналистика. Бұл саланың да өз қолбасшылары мен өз жауынгерлері бар. Өтпелі өмірде олар да артына із қалдыра көшеді. Уақыт өте келе, ол ізді жалғастырушылардың ішінде де қарымдысы мен дарындысы дараланып көріне бастайды.

Әдебиет • 16 Шілде, 2024

Кітап сөреден – театр сахнасына

Серік Асылбекұлының прозасын оқып болып, көзіңді жұмсаң, ондағы әрекет-көріністер алдыңа бейне болып келеді. Өзі де сергек жазушы Жүсіпбек (Қорғасбек) осы ерекшелікті жіті байқап, «Қоңыртаудың басында бір түп жусан» әңгімесіндегі «зіңкиген бөлме тікұшақ ұшқандай гуілдеп ала жөнелді» деген теңеудің тосындығына қайран қалыпты. Кейінірек шыққан «тікұшақты» мәтінге құлағынан сүйреп кіргізген автоцензура ма, әлде беріде қолы тиген редактор ма, ол жағы беймәлім, бізге белгілісі – әлгі сөйлем Хемингуэйдің көл бетінен дүрк етіп көтерілген үйректерді суреттеуіндегі «…свист быстро машущих крыльев, словно звук разрываемого шелка» («жібек матаның дар-дар айырылғандағы дыбысындай лап-лап қағылған қанаттардың ыс-ыс кеткені») деген сөйлемге ұқсас («дыбысжазу – звукозапись» дейміз).

Өнер • 16 Шілде, 2024

Балалықтан даналыққа жол ашқан

Суретші-кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Суретшілер одағының мүшесі, Еуразия көркем-сурет одағының мүшесі, Халықаралық ЮНЕСКО өнер ассоциациясы мүшесі, «Тұран-Астана» университетінің туризм және дизайн факультетінің доценті, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының вице-президенті Жанұзақ Мүсәпірдің туындысы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылғанын естігенде қатты қуандым. Өнер иесі ғана емес, қоғам қайраткері. Ол ғұмыр бойы ұлтымыздың мәртебесін арттыру үшін қолынан келгенін жасап келеді.

Саясат • 16 Шілде, 2024

Әлеуеті зор ұйым

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – беделді халықара­лық құрылым. Жыл сайын ұйымға қатысуға ниет білдіру­шілердің саны артып келеді. Егер ұйым құрыл­ған 2001 жылы 6 мемлекет болса, қазір мүше мемлекет­тер саны 10-ға жетті, ал жалпы қатысушылар саны 26-ға дейін өсті.