Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Қазақстан • 16 Шілде, 2024

Маңызды уағдаластыққа қол жеткізді

Қазақстан былтыр 5 шілдеден бастап Шанхай ынтымақтас­тық ұйымының төрағалық міндетін қолына алған. Жалпы, 2001 жылдан бері қарайтын болсақ, біздің ел ұйымға бесін­ші рет төрағалық етіп отыр екен. Қазақстан осы жолғы төрағалығының бір жылы ішінде ұйым жұмысына жаңа көзқарас әкелді деуге болады.

Ең қысқа әңгіме • 16 Шілде, 2024

Бір үйір жылқыға ескерткіш

Бір үйір жылқы. Қо­ладан құйыл­ған тоғыз қылқұйрық. Мустанг. Не суатқа құлаған, не өзенді жалдап кешкен бейне. Көресіз де, таңғаласыз. Үйірді бас­таған – не құр айғыр, не құтпан айғыр. Қа­ба жал, шоқпар кекіл, күлте құйрық. Құлынды биеден бастап, тай, құнан, дөнен – бәрінен еркіндік лебі еседі. Қалай керемет сомдаған? Мү­сінші ат­сейістің баласы ма? Ұлы дала пер­зенті ме? Сірә, шебер­лікте шек жоқ.

Тұлға • 13 Шілде, 2024

Нағыз ғалым еді...

Көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетінің іргетасын өз қолымен қалап, саналы ғұмырын осы оқу орынның дамуы­ мен шәкірт тәрбиелеуге арнаған ардақты ұстаз марқұм Есмұханбет Смайыловты сағынышпен еске аламыз.

Білім • 13 Шілде, 2024

Жаныма жақын топ платформа

Мен XXI ғасырдың білімді ұрпағымын. Қазір білім мен ғы­лым­ның, заманауи тех­нологиялардың, түрлі платформалардың заманы. Бүгінгі таңда қарыштап дамып келе жатқан болашағы зор сала – цифрлық тех­нология саласы. Сон­дықтан да еліміздің дарынды ұрпақтары заманауи цифрлық технологияларды жетік меңгеруге тиіс.

Қоғам • 13 Шілде, 2024

Қаулыда бар, қалада жоқ

«Оңтүстік Қазақстан» газетінде Шымкент қалалық мәслихат сессиясының 1998 жылғы 28 қаңтардағы №271 шешімімен қала көшелеріне бір топ мемлекет және қоғам қайраткерінің, ұлтымыздың танымал тұлғалары мен ақын-жазушының есімін беру туралы шешімі жарияланған болатын. Осы шешімге сәйкес «Самал-1» шағын ауданының №14 көшесіне қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Асқар Сүлейменовтің де есімі берілуге тиіс еді.

Денсаулық • 13 Шілде, 2024

Дәрі-дәрмекті таңбалау – сапаны бақылауға сеп

Дәрілік заттарды таңбалау – DataMatrix штрих-коды тү­рінде қолданылатын, өнімнің қаптамасынан көруге болатын препараттардың жеке белгісі. Таңбалау арқылы өнімнің түп­нұсқалығын тексеріп қана қоймай, сонымен қатар оның өнді­рушіден тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға болады.

Айбын • 13 Шілде, 2024

Көрінбес майдан қаламгері

Арнайы органдар қызметкерінің күн тәртібі қалыпты ережеге бағынбайды. Ол түнде ұйықтарда ертеңгісін қандай тапсырма күтіп тұрғанын білмейді. Қызметіне барарда кешкісін не болатынынан бейхабар. Оларға бағзыдан бері «көрінбес майдан жауынгері» атауы таңылған. Ұлттық қауіпсіздік күзетіндегі адамдар жөнінде біз ресми өкілдерінің сөздерінен ғана білеміз. Бүгінгі кейіпкеріміз сол бір көрінбес майдан сардарынан бастап сол саланың қаламгеріне дейінгі тағылымды жолды жүріп өтті.

Әдебиет • 13 Шілде, 2024

Тәтті сөздің ащы шындығы

Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылған «Бопай ханым» романы – шоқтығы биік жазушы Мәди Айымбетовтің шығармашылығындағы бедерлі белес. Қазіргі заманғы әдеби канондарды терең меңгерген туындыгер бұл кесек шығармасына үлкен дайындықпен келгенін романды оқи бастаған сәттен аңғарасыз. Халықтың көкейінен шығатын туынды тек ізденістен, тек сындарлы көзқарастан туатынын роман айғақтаудай-ақ айғақтайды.

Өнер • 13 Шілде, 2024

Бейнелеудегі бірегей өрнектер

Әлібай Бапанов пен Сәуле Бапанованың авторлық ұжымымен орындалған «Көшпенділер фрескалары» киізден бастырылған паннолары мен «Әлем өрнектері» гобелендер топтамасы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа лайықты ерекше жұмыстар. Шығармашылық жолы бір арнаға тоғысқан отбасылық жұптың есімдері бүгінде өнерсүйер қауым арасында өте жақсы танылған. Отандық бейнелеу өнерінің өркендеп дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан суретшілер Әлібай мен Сәуле Бапановтар ана сүтімен дарыған киелі өнер арқылы қазақ халқының болмысын өзге елдерге танытып жүрген жарқын тұлғалар.

Аймақтар • 13 Шілде, 2024

Бақыттың өлшемі

Шардараға жолыңыз түсіп, жергілікті жұртшылықтан «Осы өңірде әке-шешесін 100-ден асырып, перзенттік парызы мен адал еңбегін қатар атқарған азаматың қайсы?» деп сұрасаңыз, бірден Мұсахан Әбдікерімұлын атар еді. Иә, бұл кісі – жол саласының ардагері, Ақбала шағын ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы, сонымен бірге «Шардара» мектеп-лицейі Қамқоршылық кеңесінің басшысы. Жастық жалынын Қызылқұм тыңын игеруге арнаған Мұсекең осылайша зейнеткерлік жасқа шықса да, елдің бірлігі мен берекесін арттыруға үлес қосып келеді.