Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Зерде • 19 Шілде, 2024

Сатай, Шоқан түнеген жер

Ғалым, жазушы, журналист – барлығы 29 автор бірігіп жазған «Қазақтың ханы – Абылай» атты екітомдықтың 1-томы, 125-бетінде былай деп айқын жазылған: «Сатай батыр Аққабақұлы XVIII ғасырда қазіргі Панфилов ауданының Сарыбел мекенінде өмір сүрген.

Заң • 19 Шілде, 2024

Мәмілені жарамсыз деп тану

Қазақстан Республикасының экономикалық соттарында мәмілелерді жарамсыз деп тану тәжірибесі – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

Зерде • 19 Шілде, 2024

Таластың Үшарал мешіті

Еліміздің тарихқа бай өңірінің бірі – әйгілі Тараз Қаратауы. Бұл аймақтың тау-қыраттарының (Найзағызыл, Қыскөпір, Ақтөбе, т.б.) өзі шежіреге толы. Мұның сыртында Билікөл, Ақкөл, Тұздыкөл секілді аңызға тиек болған көлдері де бар. Өсімдіктері, жеміс-жидектері де ерекше. Дейтұрғанмен, тарихи ескерткіштерінің жөні бөлек. Сондай мұраның бірегейі – «Ежелгі Тараз ескерткіштері» қорық-музейінің қарауына тиісті Талас ауданындағы Үшарал мешіті.

Әдебиет • 19 Шілде, 2024

Тарих қаһармандықтан ғана тұрмайды

Жошы – қазақтың ішіне түскен дерт. Жошы – қазақтың жолына біткен серт. Қалам-хат ұстаған қауым сол екі шектің шырғауынан шыға алмайды. Ал осы дұрыс па?

Сатира • 19 Шілде, 2024

Сиырдың сыры

«Сиырдың сыры» дедік пе? Ағыл-тегіл айтайын.

Саясат • 18 Шілде, 2024

Қалпына келтіру іс-шарасы жүйелі қадағаланады

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Зерде • 18 Шілде, 2024

Асылдың сынығы, алтынның үзігі...

Алаштың арда азаматы, мәдениеттанушы, әке жолын жалғаған дара тұлға Мұрат Әуезовтің бұл пәнимен қоштасқанына қырық күн толады. Әкесі Мұхтар Омар­хан­ұлының мұрасына адал­дық танытқан, Алаш зиялы­ларының ізбасарына айналған Мұрат ағаны біз қалай дәріп­тесек те жарасады. Қазақта «Ат тұяғын тай басар» деген керемет мәтел бар.

Әдебиет • 18 Шілде, 2024

Тәуелсіздікті ту еткен шығармалар

Балалар поэзиясының орыс, қазақ тіліндегі қазынасын бойына сіңіріп, өзіне дейінгі, қазіргі және кейінгі жанрлық түрлерін, ізденіс, жаңалықта­рын жақсы білетін халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Болат Үсенбаев «Тәуелсіздік деген не?» өлеңдер мен ертегілер жинағында жасөспірімдердің ойлау, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын жетілдіруін, еліміздің рәміздерін қастерлей білуін, ұлттық құндылығымызды бағалай алатындай азамат болып өсуін мақсат тұтқан.

Руханият • 18 Шілде, 2024

Шындық шынайылығымен құнды

Бүгінгі қазақ жазушыларына айтылатын басты сын не деп ойлайсыз? Ол – жазушыларымыздың өз замандастарының өмірін көрсете алмауы, уақыттан қалып қоюы деген әңгіме. Бұл сынның шындығы да бар, бірақ бәрін бірдей осы сөздің уысында қалдыруға бола ма? Жазылып жатқан дүниелер, сомдалып жатқан образдар бар. Соның бір айғағы – Қуандық Түменбайдың 2021 жылы «Әдебиет» баспасынан шыққан «Саябақтағы классикалық әуен» атты кітабы дер едім.

Жәдігер • 18 Шілде, 2024

Ат үстіндегі қазақ

Ғалымжан Мұқанов есімді талантты аудармашы болды. Тәңіртау етегіндегі қарапайым қазақ ауылының баласы. Абай атындағы ҚазПИ-дің – тіл-әдебиет, Алматы шет тілдер институтының француз бөлімін бітірген. Талай қазақ классигін французша сөйлетті. Есімізде қалғаны Клер Клермонттың «Владимир мен Зара» атты поэ­масын 80-жылдары тұпнұсқадан қазақшаға аударғаны еді. Ғалекең қазақтың маңдайына сыймай кетті... Әлгі поэ­мада қазақ өмірі туралы француздың көзқарасы әдемі сипатталады.