Қоғам • 12 Шілде, 2024
Oxford университетінің «Reuters» журналистика институты тарапынан биыл 13-рет жарияланып отырған дижитал жаңалықтар есебі 6 континенттегі 47 елден алынған деректер мен 100 мыңға жуық респонденттің қатысуымен жүргізілген сауалнама негізінде журналистиканың әлемдегі даму үрдісін зерттейді. Есептің ішінде негізгі проблемалар, аудиторияның белсенділігі және сенім деңгейі баяндалады. Сондай-ақ мемлекетке қарасты БАҚ-қа айтылатын сын-пікірлер де қарастырылады. Зерттеуді YouGov 2024 жылғы қаңтар айының соңы мен ақпан айының басында онлайн сауалнаманы пайдалана отырып жүргізген.
Әдебиет • 12 Шілде, 2024
Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі қазақ әдебиетінің барлық жанрында басты тақырыпқа айналды, әсіресе поэзия мен публицистикада терең тебіреніспен пайымдалды. Қазақстан тәуелсіз мемлекет, тәуелсіз ел болып жарияланған жылды, тәуелсіздіктің алғашқы кезеңін ақындар мен көсемсөз шеберлері қатарында гүлдей жайнап, күндей балқып толғағандары да, ой бағып ойланғандары да болды.
Жануарлар • 12 Шілде, 2024
Испан жалаңаш шырышты ұлуы – сабақша көзді ұлулар отрядының (Stylommatophora) Арионид (Arionidae) тұқымдасына жататын инвазив жануар түрі. Бұл зиянкес түр өткен ғасырдың ортасында Англия жеріне кіріп, басқа Еуропа елдеріне 50 жыл ішінде түгел жайылып үлгерген. Бірақ генетикалық зерттеулер нәтижесі әуелгі пайда болған аймағын Франция немесе Батыс Германия деп көрсеткен.
Саясат • 11 Шілде, 2024
Сенаттың Қоғамдық жобалық кеңсесі, Maqsut Narikbayev University және Ақмола облысы әкімдігінің бірлескен жұмысының аясында қолға алынған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі акселераторы өз қызметінің аралық нәтижелерін жариялады. Сарапшылардың зерттеулері талқыланған іс-шараға Палата төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысты.
Әлем • 11 Шілде, 2024
ШЫҰ – тұрақты даму мен көпжақты диалог алаңы
Әлі есімде, 2016 жылғы 13-14 сәуірде Бейжіңде «Шанхай бестігінің» шекаралық аймақтарында әскери салада сенімді нығайту туралы келісімге қол қойылғанына 20 жыл толуына арналған халықаралық конференция өтті. Жиынға шақырылған Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның дипломатиялық және әскери топтары, ғалымдар, ШЫҰ, дипломаттар мен БАҚ-тың 150-ге жуық өкілінің арасында біз де болған едік.
Өнер • 11 Шілде, 2024
Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романы мен «Мылтықсыз майдан» повесі желісімен сахнаға лайықталған «Ай мен Айша» драмасы М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының сахнасында жүріп жатыр. Қоюшы режиссері – Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай әл-Тарази, сахналық нұсқасын жасаған – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Еркін Жуасбек, қоюшы суретшісі – Мұрат Сапаров.
Әдебиет • 11 Шілде, 2024
Серотонин …Ғылымда «лобстер эффектісі» деген термин бар. Су астында шаян тектес бір мақұлқат өмір сүреді. Қазақша атауы жоқ. Ағылшын мен орыс тіліндегі нұсқасы – лобстер. Дүниедегі әр жәндік, әр мақұлқатты адамзатқа мысал етіп жаратыпты шебер Құдай. Лобстер де өзге жаратылыс секілді жар таңдау, жер таңдау, жем таңдау дейтін мәселеге бас қатырады. Сондай кезеңдерде қысқышын қайрап, қаруын сайлап алдынан тағы бір өзі тектес лобстер шығары анық. Сол шақта бұлардың көзінің алдынан бір химиялық сұйықтық бөлінеді. Ол сұйықтықта лобстердің салмағы, күш-қуаты, дене пішімі туралы бүкіл ақпарат бар. Егер екеуі «тепсініп келгенде тең атаның ұлы» екені анық болса, өліспей беріспейтін жекпе-жек басталады. Өмір болған соң бірі жеңіледі. Біздің айтпағымыз – сол жеңілген лобстердің қайғы баяны. Ол өте қатты күйзеліске түсетіні сондай, жеңілісті қабылдай алмаған миы еріп, жоқ болып кетеді де, орнына бәріне көндіккен, баспақшыл жаңа ми өсіп шығады. Ол осы миымен қалған өмірін бұқпантайлап, тас тасалап өткізбек. Дене тұрқы да кішірейіп, әруағы қашқан ердей болады. Тіпті өзінен әлжуаз лобстер келіп түртпектесе де, жорта қашып, мінез көрсетуге рухы жетпейді. Біздің бүгінгі болмысымыз осы «лобстер эффектісін» еске түсіреді. Иә, біз кеше жеңілген ұлтпыз. Жеңілген лобстерміз. Бүкіл ұлттық салт-санамызды сақтаған миымыз еріп, орнына бордай езілген, өзіндегін мансұқ қылатын, өзгенікін мақтан көретін мишық өсіп шыққан…
Мәдениет • 11 Шілде, 2024
Таңбалыдан басталған таңғажайып
Дүниежүзілік мұралар картасы деген бар. Жердің асты-үстіндегі асыл мұралар көрсетілген. 2004 жылы соның бетіне тұңғыш рет жартастар «жарылысы» түсті. ЮНЕСКО-ның тізіміне енген аймақтағы алғашқы жартас өнері ескерткіші – «Таңбалы археологиялық ландшафының петроглифтері» атты жаңа нысан пайда болды. Түсінгенге бұл – Қазақстан мен Орталық Азияның мәдени және ғылыми өміріндегі елеулі оқиға еді. Бұған дейін Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүше ел ретінде бүкіләлемдік мұра нысанын басқару үшін «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи музей-қорығын құрып қойған.
Мирас • 11 Шілде, 2024
Ол кезде бала біткен смартфонға емес, «Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен» басылымдарына қарайтын. Иә, «Балдырған» сол күйінде, «Ұлан» – «Қазақстан пионері» газеті, «Ақжелкен» – «Пионер» журналы кезі.
Қоғам • 10 Шілде, 2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Әлем бойынша әрбір мемлекет өзіндік экономикалық, территориалды, әлеуметтік ерекшелігіне байланысты сыбайлас жемқорлықпен күресіп әлек. Себебі жемқорлықтың зардабы мемлекеттің тұтастығына, бірлігіне үлкен зиянын келтіретіні анық.