Пікір • 24 Қараша, 2020
Экологиялық ахуал – қоғам назарында
Елдің экологиялық жағдайын жақсарту мәселесі қашанда күн тәртібінен түскен емес. Сондықтан отандастарымыздың бүгінгі басты міндеті – қоршаған ортаны, айналамызды келешек ұрпаққа таза әрі қолайлы қалпында аманат етіп қалдыру. Бұл бағытта бірқатар қадамдардың жасалып жатқаны белгілі. Алайда нақты нәтижеге тек қолданыстағы заңнаманы жетілдіру арқылы ғана қол жеткізетініміз ақиқат.
Медицина • 24 Қараша, 2020
Алматыда қанша адам жеке емханаларға тіркелді?
Алматыда 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында еркін таңдау бойынша азаматтардың жеке емханаларға тіркелу науқаны өтті. Алғашқы жедел медициналық көмек көрсететін ұйымдарға тіркелген тұрғындар медициналық жәрдемді 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап алады. Осы жылдың аяғына дейін олар бұған дейін тіркеліп қойған емхана қызметін пайдаланады.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Медициналық мекемелер мен дәріханаларды тексерді
Ішкі істер министрлігі «Дәрмек» жедел алдын алу іс-шарасының кезекті кезеңін өткізді. Бұл операцияны өткізудегі мақсат – есірткі құралдарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін, фармацевтикалық қызмет ережелерін және есірткі айналымы саласындағы үй-жайларға қойылатын талаптарды, бұзушылықтарды анықтау.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Жарылыстың себептері анықталуда
2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы «Halal brothers» дәмханада газ баллон жарылғаны, салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен болатын.
Руханият • 24 Қараша, 2020
Алаш қозғалысы мен оның жеңісті шыңы – Алашорда үкіметі хақында неше алуан зерттеулер, ғылыми еңбектер мен тарихи-танымдық шығармалар жарық көріп жатқаны белгілі. Солардың ішінен жазушы Бейбіт Қойшыбаевтың он бөлімнен тұратын, үш томға жинақталған «Алашия» рисәләсі жайында бірер сөз айтпақпыз.
Руханият • 24 Қараша, 2020
Алыптар үндестігі: Абай мен Жамбыл
Ұлыларды белгілі бір дәуір туғызады. Осыдан 175 жыл бұрын Шыңғыстауда Абай дүниеге келсе, арада алты-жеті ай өткен соң Жамбыл тауының бөктерінде Жамбыл туды. Кейін екеуі де қазақ деген ұлы халықтың екі алыбына – поэзиядағы піріне айналды. Әрбір ұлы тұлға өзінше бір-бір әлем, бөлек жаратылыс. Абай мен Жамбыл екеуі де қазақ әдебиетінде алтын әріптермен қалар ғажайып құбылыс. Біреуі мынау әлемдегі алуан толқынды алып мұхит десек, екіншісі сан түрлі бедер-белгісі бар құрлық секілді. Екеуі де алып та биік, айдынды да айбынды. Абай мен Жамбыл өз замандастарының ішінде жұлдыздай жарқырап ерекше көзге түсті де ұлттық поэзиямызға екі түрлі жолмен келді. Абай жазба әдебиетімізді жаңа реалистік дәстүрде берік қалыптастырды. Ал Жамбыл Жабаев – сонау заманнан бері халық өмірінің айнасы болған ақындық, жыршы-жыраулық өнердің саңлағы. Бұл – қазақ поэзиясының дамуындағы тарихи қоғамдық негізі бар құбылыс.
Оқиға • 24 Қараша, 2020
Курсанттар «Спорт шебері» атанды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының курсанттары спорттың «Араши-каратэ» түрінен «Спорт шебері» атағын иеленді.
Тарих • 24 Қараша, 2020
Ер Жантайдың сұр жебесі қалған жер...
Сен жайлы жыр жазамын, ән шығарам, Ерліктің дастаны боп, қалшы бабам. Жаралған ар-намыстан сенің қаның, Жүзінен алдаспанның тамшылаған.
Қазақстан • 23 Қараша, 2020
Шығынға батқан кәсіпорындарға жеңіл несие берілмек
Карантин кезінде табысынан айырылып, кәсібі көмескі тартқан ірі кәсіпорындар ғана 6 млрд теңгеге дейін жеңілдетілген несие берілмек. Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлап, жеңілдетілген несиені алатын субъектілер тізімінің кеңейгенін мәлімдеді, - деп жазады Egemen.kz
Таным • 23 Қараша, 2020
Мың бояулы Маңғыстау өңірінде жалпыұлттық маңызға ие 15 нысан бар
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы ел көлемінде жүріп жатыр. Осы жайды білмекке Маңғыстау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Пания Сармурзинамен тілдестік.