Қоғам • 05 Шілде, 2025
Біз жастарымыздың талабына қарап, ел болашағын айқындаймыз. Алдымызда қаншама мақсат-міндет тұр. Осыны орындауда жас буынға үміт артамыз. Сондай жігерлі жастың бірі – тіл маманы, Мәскеуде шыққан «Казахский язык. Самоучитель» (2018) оқу құралының авторы Кәмшат Шахатова еді... Тағдырдың жазуымен болашаққа елеулі жоспар құрып жүрген осы филолог қырық күн бұрын ауыр науқастан бақиға озды.
Қоғам • 04 Шілде, 2025
Академиялық басылымның бірінші томы талқыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық 7 томдықты дайындау жөніндегі редакция алқасының алғашқы отырысы өтті.
Саясат • 04 Шілде, 2025
Премьер-министр Олжас Бектенов Ханкенді қаласында (Әзербайжан) өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының XVII саммитіне қатысты.
Медицина • 04 Шілде, 2025
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры басқармасы халық тарапынан медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігіне қатысты шағымдардың азаюына ықпал еткен шаралар туралы мәлім етті.
Пікір • 04 Шілде, 2025
Қазақстанның өңірлік ынтымақтастықты өркендетудегі рөлі ерекше
Жаз шуағына бөленген кезеңде Қазақстан елордасы Астана – Қытай Халық Республикасының Төрағасы мен Орталық Азияның бес мемлекеті басшыларының басын қосқан тарихи маңызды дипломатиялық алаңға айналды. Жоғары деңгейде өткен саммит достық байланыстарды жаңғыртып, стратегиялық әріптестікті жаңа белеске көтеріп, сапалы дамуға бағытталған бағдарларды айқындап берді. Мәмілелі 100-ден аса келісім өңірлік ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналып, жаһандық тұрақтылық пен бейбітшілікті ілгерілетуге сүбелі үлес қосты.
Үкімет • 04 Шілде, 2025
Қоғамдық келісімді нығайту байыпталды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты.
Ең қысқа әңгіме • 04 Шілде, 2025
Юрий Никулинмен қалай кездестік?
Бір топ солдат ну орманды аралап келе жаттық. Кенет алдымыздан қаз-қатар сап түзеп тұрған әскери техникалар шыға келді. Таңырқағаннан аузымыз ашылып қалыпты. Қоршаудан оңай өттік. Жастық желік қойсын ба, әрқайсымыз әр техникаға барып, төбесіне шығып жатырмыз. Ойпырмай, мұнда не жоқ дейсіз? Кәдімгі ат-арбадан бастап, танкілердің нешеме атасы қойылыпты. Немістердің де танкілері, жүк көліктері, қару-жарақтары тізіліп тұр. Алдыңғы жетектеуші бөлігіне кәдімгі дөңгелек орнатқан шынжыр табанды танкіні алғаш көруіміз. Ұшақтардың да бірнеше түрі бар.
Білім • 04 Шілде, 2025
«eGov.kz» порталында колледждерге құжат қабылдау науқаны басталды. Биыл бұл қызмет айтарлықтай жаңартылған. Өтініш беру жүйесіне жаңа функция қосылып, оқу орнын жылдам таңдап, уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мирас • 04 Шілде, 2025
Қазақ-түрік мәдени-рухани, ғылыми-ағартушылық байланысының дәнекері, көрнекті фольклортанушы-профессор Фикрет Түркмен асқаралы белеске көтерілді.
Абай • 04 Шілде, 2025
Қолыңа қалам ұстаған балаң шағыңда бәрінен де керегі – талғамыңды тәрбиелеу. Әдебиетті биік мұрат тұтатын әрбір адам үшін жас кезден асыл мен жасықты, жақсы мен жаманды ажырата алудың өзі – үлкен қасиет. Көп нәрсе соған байланысты. Осы жағынан алғанда біз бірінші курста жүргенде Әбіш Кекілбаевтың «Лениншіл жасқа» (1970 жыл, 22 қазан) басылған «Бунинмен жолыққанда» деген мақаласы талайлар үшін бөлекше мәнді болды. Шынын айтқанда, бота тірсек бозбала біз тұрмақ, сөз қуып үлгерген талай адам да Бунинді дәл сол мақаладан кейін індете іздей бастаған шығар деп ойлаймыз.