Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21629 материал табылды

Руханият • 06 Мамыр, 2021

«Алла» деген жазуы бар жұмыртқа

Жуырда Жымпиты ауылында тылсым оқиға орын алды. Қарасу шағын ауданында тұратын Нұрғазы Қыстаубаев ауласындағы тауық жұ­мыртқаларының бірінен араб тілін­дегі «Алла» деген жазуды бай­қаған.

Қоғам • 06 Мамыр, 2021

Теміржолшылар қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады

Теміржолшылар ковидке қарсы санитарлық талаптарды сақтай отырып, осы жылдың бірінші тоқсанында темір жол төсеміне жақын жерде тұратын тұрғындар арасында темір жолдарда болу қаупі туралы 840-тан астам алдын алу әңгіме өткізді.

Саясат • 06 Мамыр, 2021

Арнайы онлайн-сервис іске қосылды

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі 2020 жылдан бері Қазақстанда медиаөлшеулер жүйесін дамыту бойынша жобаны іске асыру шеңберінде Қазақстанда телеөлшеулер процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған арнайы онлайн-сервисті іске қосты.

Әлем • 05 Мамыр, 2021

Ресей Қытаймен одақтаса ма?

Бұған дейін де жазып келгеніміздей, жыл басынан бері, яғни АҚШ-та саяси билік ауысқаннан кейін халықаралық қатынастар жүйесінде әлемдік деңгейде мәні мен маңызы зор оқиғаларға куә болып отырмыз. Қалыптасқан ғаламдық жағдай мен жаһандық күн тәртібіне өзіндік өзгерістер енгізуі әбден мүмкін елеулі оқиғаларға дипломатиялық тұрғыдан сараптама жасап көруді жөн көрдік.

Тарих • 05 Мамыр, 2021

Кеңес Одағының Батыры атағы және ол бұйырмаған боздақтар

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерліктері үшін 11 мыңнан астам адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болыпты. Олардың бір бөлігіне – батыр атағы қайтыс болғаннан кейін берілген. Бірақ батыр атағына лайықты болған талай қаһарман назардан тыс қалған.

05 Мамыр, 2021

Республикалық «Жас талант» онлайн-конкурсы басталды

Түркістан қаласының оқушылар сарайы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап «Жас талант» онлайн байқауын жариялады. Оза шапқан талант Халықаралық қазақ-түрік университетінің Түркия Квотасына ие болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Экономика • 05 Мамыр, 2021

Жүк тасымалдаудың бесжылдық жоспары

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Қазақстан мен ҚХР арасында экспорттық және импорттық жүктерді тасымалдаудың бесжылдық жоспарын әзірледі. Бұл құжат тасымалдаудың нақты көрінісін көрсетеді және жүк айна­лымының жыл сайынғы өсуін болжайды. Тасымалдау жоспары қазақстандық-қытайлық аралас комиссиясының отырысында талқыланып, келісіледі деп күтілуде.

Руханият • 05 Мамыр, 2021

Шығыс самалының құдіреті

Әйгілі Гете де жетпіске келіп шау тартып, мына дүниенің жақсылығынан да жамандығынан да қажып, жанын нұрға бөлеп, тынымсыз жүрегі сая табатын самал іздегенде қолына шығыстың жауһарлары түседі. Ақын тосыннан тапқан олжасын былайша суреттейді: «Дүниенің теріскейі тарылып, Батыс батпаққа батып, Оңтүстік те ыдырап, патшалардың алтын тағы құ­лап жатқан мына шақта Шығысқа ұм­тыл. Қаймағы бұзылмаған әлемнің сама­лы­мен сергіп, өміріңді жаңартып қайта жаса». Бар мағынасы осы бір жолдардан сезі­ле­тінін­дей, Гетенің көзқарасы, болмысы, дүниетанымы жаңаша түрленіп, осы әсерде жа­зылған «Батыс-Шығыс диваны» өзін Шығыс жұлдыздарының қатарына қоюға құқық берді.

Білім • 05 Мамыр, 2021

Досмұхамедов университеті – Атырау өңіріндегі білім және ғылым орталығы

Биылғы оқу жылында Атырау өңіріндегі алғашқы және іргелі оқу орны саналатын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өзінің 70 жылдығын атап өтті. Осы атаулы кезеңге орай университетте «70 жылдыққа – 70 нақты жетістік» кешенді бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды. Білім, ғылым, мәдениет, спорт, әлеуметтік қолдау саласын қамтыған жоспардың нәтижесінде алға қойған меже орындалды.

Руханият • 05 Мамыр, 2021

Зират және зиярат мәдениеті

Зират көтеру әдебі Алла тағала тіршілік атаулы арасында адам баласын ардақты етіп, ең көркем бейнеде жаратқан. Бұл туралы Жаратушы Жаббар Иеміз қасиетті Құранда былайша баяндайды: «Біз, расында да, адам баласын ардақты етіп, көптеген нығметке бөледік: оларға құрлықта да, теңізде де мініс көліктер нәсіп еттік. Таза әрі жағымды азықтарды ризық етіп бердік. Сондай-ақ оларды жаратқандарымыздың көбінен әлдеқайда үстем еттік» («Исра» сүресі, 70-аят).